Христиан бөлімдері




Презентация қосу
Тақырыбы: Христиан діні

Семей,2019
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Христиан дініне қысқаша мәлімет
2.2 Христиан бөлімдері
2.3 Иисус Христос туралы мәлімет
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған Әдебиеттері
Христиан діні (гр.Χριστός,Khristos, cөзбе-сөз
аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Kh
ristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' -
қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') —
Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне
негізделген монотеистік дін. Әлем бойынша ең көп таралған дін.
Шамамен 2.2. млрд христиан.Христиандардың басым бөлігі
Исаның Құдайдыңұлы және Көне
өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді.
Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар
мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан
тұрады:
1.Інжілдер (Матфей, Марк, Лука,
Ионн);
2.Апостолдардың арнаулы хаттары;
3.Христос шәкірттерінің істері туралы
жазбалар;
4.Ақыр заман туралы өсиет
Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін
қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі
Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген.
Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен
экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және
этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда
болды. Мұнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және
империялық құдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ
ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт
аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және
білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен
бітісуге әкелді. Алайда, христиандықтың қалыптасуында иудаизм,
өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т.б. идеяларымен
ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда
болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени
мәліметтерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше,
жаңа діни кешен қалыптастырды.
Христиандықтың әлемде
таралуы
Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның
қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330
— 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 —
397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар
арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын
анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан
шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың
ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт,
Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта
ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға
тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 — 11
ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс
шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16-ғасырда католик
шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында
Христиан діні негізгі үш тармаққа православие, католик, протестантизм
бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен
бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты
шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі
түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары
негізінде қалыптасқан.
Қорытынды:
Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың
бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса
Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына,
қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз
болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне,
өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және
тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді.
Көптеген христиандықтар құпияларды – Құдайдың
рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті
іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Пайдаланылған
Әдебиеттері
1.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор
Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II
том
2. Википедия желісі
3. Википедия желісіндегі фотосуреттер
4. https://kk.wikipedia

Ұқсас жұмыстар
Грам тәсілі
Католиктік шіркеу
Христиан діні туралы
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
Несториандық христиан діні
Христиандық философия:
Православие философиясы
Христиан дінінің негізгі бағыттары
Дін және мәдениет
Мұсылман діні белгісі
Пәндер