Демокриттің атомистік ілімі: атом, бос кеңістік және қозғалыс тұжырымдамасы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Демократтың атомизмі

Орындаған: Есмухаметова А. Д.

Тобы: АГ-701

Тексерген: Абдикакимов М. Т.

Slide 2

Сабақ жоспары:

Атомистер мектебі

Демокрит тәжірибесі

Атомдардың мәңгілік қозғалысы

Демокриттің әлем туралы ойы

Демокриттің кеңістік туралы тұжырымдамаларыры

Slide 3

Атомистер мектебі: демокрит философиясы

АТОМИСТЕР ДҮНИЕ «АТОМ» ЖӘНЕ «БОС ҚУЫСТАН» ТҰРАДЫ ДЕДІ. АТОМДАР МАТЕРИЯНЫҢ БӨЛІНБЕЙТІН, ӨЗГЕРМЕЙТІН, МӘҢГІЛІК, ҮНЕМІ ҚОЗҒАЛЫСТА БОЛАТЫН БӨЛШЕКТЕРІ.

Slide 4

Демокриттің (б. з. д. 460-371 жж) элеаттардан айырмашылығы - екі бастама - болмыс пен бейболмысты мойындауы. Ол сезімдік тәжірибеге сүйеніп, дененің, кеңістіктің өмір сүретіні, кеңістіктің бір денені екіншіден бөліктейтіні туралы қорытынды шығарды.

Slide 5

Демокрит атомдардың мәңгілік қозғалысының үш түрін бөліктейді

Slide 6

Ұқсастың ұқсасқа тартылысы деп аталған атомдар қозғалысы арқылы белгілі бір заңдылық дүниеге келеді.

Slide 7

Демокрит әлемдегі болып жатқанның бәрінің өзіндік себебі бар, сондықтан кез келген құбылыс қажеттіліктен пайда болады деп есептеді.

« Ешбір зат себепсіз пайда болмайды, бәрі де белгілі бір негізде, қажеттіліктен туындайды» дегенге ол ерекше көңіл аударады.

«Болып жатқанның өз мәніндегі себебін табу- танымның басты мақсаты» деп көрсетеді . . . Таным, - дейді ол, - сезімнен ақыл-ойға өтеді. Ақыл - ой танымы - сезімдік танымның жалғасы. Ақыл - өте нәзік байқау мүшесі, сондықтан бұл - өзгеше « қисынды көру».

Slide 8 Slide 9

Демокриттің кеңістігі - заттарды ажырататын, бір- бірінен бөлектейтін құрал. Сондықтан ол күрделі заттардың ішкі құрамдас бөліктерін ( атомдарын) бір - бірінен ошаулаушы және олардың орналасатын кең ыдысы сияқты көзге түседі. Кеңістік заттарға және оның бөлшектерінің қозғалуына, орын ауыстыруларына мүмкіндік береді.

Кеңістіктің шектеулі - атомдардың (бөлінбейтін бөлшектердің) « кішілігі себебінен көрінбейтіндігінің» куәсі. Сондықтан олар сезіммен емес, ақыл - парасатпен ұғынылады.

Демокриттің ойынша, атом бөлінбейтін физикалық дене дегенмен де, ол математикалық шама есебіне бөлшектенеді.

Кеңістік - атомдар орналасатын шексіз кең ыдыс, оның шексіздігі сияқты атомдардың мөлшері де шексіз. Атомдарды ретті орналасуымен, түрімен, көлем айырмашылығымен салыстыруға болады.


Ұқсас жұмыстар
Онтология: болмыстың философиялық ілімі, түрлері және кеңістік пен уақыт
Тарих және кеңістік: Ежелгі Қазақстан халықтарының кеңістік пен уақыт туралы ұғымдары
Рекапитуляция ілімі және эволюциялық прогресс
Мәтіндегі уақыт пен кеңістік континуумы: қазақ ертегілері мен Абай шығармаларындағы көркемдік уақыт пен кеңістік
Векторлық кеңістік: анықтамалар, аксиомалар және қолданылуы
Материя ұғымының тарихы, негізгі қасиеттері және қозғалыс түрлері
Қазақ мәдениеті: көшпелілік кеңістік, экология және музыкалық дәстүрлер
Статистикалық термодинамика: фазалық кеңістік, микрокүйлер және Больцман теңдеуі
Бос уақыт мәдениеттілігі: теория, функциялар және Германия мен Ресей тәжірибесі
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы: кеңістік, көшпелілік ерекшеліктері және музыкалық мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz