Платон еңбектері


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Платонның мемлекет туралы ілімі.

Семей-2019

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Грек философы Платон

Негізгі бөлім

Платон еңбектері

“Мемлекет” еңбегі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиетер

Slide 3 Slide 4

Кіріспе

Платон (көне грекше: Πλάτων, б. з. д 427 - 347) - ежелг грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі - Аристокл. Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды. Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі. Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі.

Slide 5

Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.

Өз өмірінде 34 диалог түрінде еңбек жазған және олар біздің күнімізге толық жеткен.

Негізгі еңбктері:”Сократты жоқтау”, “Критон”, “Мемлекет”, “Федон”, “Софист”, “Заңдар” т. б.

Slide 6

Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі Мемлекет болып табылады. Мемлекет шығармасын атақты жасаған оны баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны жіне шындыққа жақындығы.

Мемлекеттің қалған шығармалардан артықшылығы-философиялық ойдың көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттілік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтті. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекеттің құрылуы және оның туралы және мемлекетті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ.

Slide 7

Платонның негізгі мақсаты - мемлекет қайраткерлері мен билеушілеріне білім беру еді. Оның оқу бағдарламасы бірден пайда беретіндей ғана емес, келешегі кең, көлемді болды. Академияда философия, математика, астрономия, физика ғылымдары және шешендік өнер оқытылды. Платон адамның өзі Сократ пен Платон: от пен күн 23 үшін білімге қүныға ұмтылуын қолдап отырды. Платонның ойынша, осындай білім алған билеуші усақ адам болмайды, Керісінше, ондай билеуші мәңгі және бұлжымас ақиқаттарға сүйену арқылы қорқынышсыз әрекет ететін, өзіне сенімді саясаткер болар еді. Платон Академияда дәріс оқыды, ал шәкірттері оның ойларын жазып алып отырды. Бұл дәрістер еш жерде жарияланған жоқ, жоғалып кетті. Оның біздің заманымызға жеткен сұхбаттары жарық көрді және көпшілік оқырман игілігіне айналды.

Платонның негізгі мақсаты - мемлекет қайраткерлері мен билеушілеріне білім беру еді. Оның оқу бағдарламасы бірден пайда беретіндей ғана емес, келешегі кең, көлемді болды. Академияда философия, математика, астрономия, физика ғылымдары және шешендік өнер оқытылды. Платон адамның өзі Сократ пен Платон: от пен күн 23 үшін білімге қүныға ұмтылуын қолдап отырды. Платонның ойынша, осындай білім алған билеуші усақ адам болмайды, Керісінше, ондай билеуші мәңгі және бұлжымас ақиқаттарға сүйену арқылы қорқынышсыз әрекет ететін, өзіне сенімді саясаткер болар еді. Платон Академияда дәріс оқыды, ал шәкірттері оның ойларын жазып алып отырды. Бұл дәрістер еш жерде жарияланған жоқ, жоғалып кетті. Оның біздің заманымызға жеткен сұхбаттары жарық көрді және көпшілік оқырман игілігіне айналды.

Slide 8

Платонның айтуы бойынша әр бір адам мемлекетке қажетті және өзі істей алатын істердің мемлекетке қажетсін істеу керек. Осының өзі әділеттілік. Платонның көзқарасы бойынша әділеттілік класы бой көтереді қоғамда жәе полистерде бір кластың адамы екінші кластың адамының жұмысын атқаруына қарсы болады. Платонша бұны әділеттілік қолдамайды.

Платонның айтуы бойынша бір класс ішіндегі адамның бір жұмысты, екіншісіне ауыстырғаны ештеңе емес. Егер бір байыған төменгі класс адамы әскери адам болғысы келсе немесе әскери адам басшы философ немесе оның кеңесшісі болғысы келсе, ол мемлекеттің құлауына әкеп соғуы мүмкін. Платонша әділеттілік мемлекеттің жалғыз негізі емес. Болмыстың әр түрлігінің арасындағы әділеттілік бірімен бірі байланыста болады. Ол үшін мемлекет макроәлем, осы мемлекеттің әрбір адамы микроәлем болып табылады. Осы адамдарда үш түрлі зат болуы керек. Олар:

Зерденің басы

Аффектің басы

Ойланбаушылықтың басы

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грек және Шығыс ойшылдарының саяси көзқарастары
Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт
Негізгі идеялар
Реформация кезеңіндегі саяси идеялар
Платонның мемлекет туралы ілімі
Платонның саяси - әлеуметтік концепциялары
Римнің саяси ойлары
Тұлға саясат субъектісі
Аристотель философиясының ізбасарлары
Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz