Тыныс жүйкелері




Жоспары:
Тыныс алу және оның сипаты
Тыныс алу кезеңдері
Ыстық климат жағдайындағы тыныс алудағы ерекшелігі
Биік таулы аимақ және жоғарғы барометрлік қысым жағдаиындағы қысым
Тыныс алу жиілігінің өзгерістері.
Қолданылған әдебиеттер.



Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке қажетті үрдістерді тоқтатып, денеде су тұрақтылығы мен жылу тұрақтылығы бұзылады. Нәтижесі адам өміріне өте қауіпті. Демек, организм ауадан үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүреді.

Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:
Ауа жолдары.
Өкпе.
Тыныс бұлшық еттері.
Тыныс жүйкелері.
Тыныс орталықтары (ОЖЖ) .
Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады.

Тыныс алу негізінен 5 кезеңнен тұрады.

Сыртқы тыныс алу - өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
Өкпедегі газдар алмасуы - альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы - оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.
4. Ұлпалардағы газдар алмасуы -оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.
5. Ұлпалық тыныс алу -жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.


Адам әртүрлі климаттық жағдайларға тап болғанда оның тыныс алуы өзгереді. Мысалы ыстық климатты аймақтарда, сонымен қатар биік тауға көтерілгенде көбінесе адам жиі тыныс ала бастайды. Кейбір кезде ауасы тар бөлмеде де О2 жетпеуінен көбінесе гипоксия болады. Адамдағы тыныс алудағы және тыныс шығарудағы маңызды реттеуші-орталық және каротидті хеморецепторлардың рефлекстері.

Терең суға, сүңгігенде, теңіз мұхит суларының астында жұмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік қысым(гипербария) әсер етеді. Қалыпты атмосфералық қысымнан барометрлік қысымға ауысқанда дененің қысылуы компрессиясы байқалады.

Тауға көтерілгенде барометрлік қысымның төмендеуіне байланысты СО2 жетіспеушілігі салдарынан организмде гипоксия дамиды. Сыртқа шыққан оттегінің парциальды қысымының төмендеуі альвеолярлы қандағы оттегінің төмендеуіне алып келеді. Гипоксияға компенсаторлы реакция гипервентиляция болып табылады. Тіндегі оксигенация дұрыс журмегендіктен артериалды қанда оксигемоглобин мөлшері азаяды

Гипоксия
Ағзалар мен тіндерде
оттегінің жеткіліксіздігін айтады.
Ол тіндерге оттегінің аз
жеткілізуінен немесе жасушалардың
оттегін тотығу-тотықсыздану
үрдістеріне пайдалануы
бұзылыстарынан дамиды.



Гипербария жағдайында алғашқы болып ОЖЖ, өкпе, қанайналым шеңбері зардап шегеді. Аталған өзгерітер адамдарда әртүрлі уақытта және әртүрлі көріністе болады. Барометрлік қысым жоғары жақтан келгеннен соң дені сау адам таза оттегімен тыныс алғанда кеуде сарайында жағымсыз сезімдер пайда болады. Ателектаз дамуы мүмкін немесе өкпенің және мидың ісінуі

Гипербарияның соңы қандағы және тіндегі газдардың ерігіштігіне алып келеді. Азоттың ерігіштігі тіндердің қасиетіне байланысты:сүйек сары кемігі қанға қарағанда азотты 5 есе көп ерітеді. Нерв тінінде еріген азот алғашында наркотикалық кейін токсикалық әсер көрсетеді-бастың ауыруы, бас айналу, галлюцинация, қимыл-қозғалыстың бұзылысы. Асқынулардан сақтау үшін терең су астында жұмыс істейтін жұмысшыларда азот гелимен алмастырылады. Гелийдің нерв тіндерінде ерігіштігі аз және тірі тіндерге әсері жоқ.

Атмосфералық қысым жоғары болған жағдайда гипербариялық гипоксия туындайды. Мысалы: Кессон ауруы, көбінесе бұл аурумен су астына сүңгитіндер, су астында жұмыс жасайтындар аурады. Немесе судың астынан тез көтерілгенде газдар еріп үлгермей, қан тамырларында эмболия дамиды.

Гипобариялық гипоксия адам теңіз деңгейінен жоғары биіктіктерге көтерілгенде дамиды; өйткені жоғары биіктерде атмосфералық қысымы азаяды; бұл гепоксия кезінде оттенгінің қандағы азаюына байланысты тыныс алудың жиілеуінен көміқышқылы газы көптеп организмнен сыртқа шығарылады. Соңында гипокапния дамиды.

Нормабариялық гипоксия ауасы алмастырылмайтын тар кеңістіктерде, терең құдықтарда немесе хирургиялық операция кезінде қолмен демалдыратын құрал істен шыққанда байқалады. Қалыпты жағдайдын өзінде дамуы мүмкін.

Мысалға, ұшқыштар, космонафттар мен парашютшілерді арнайы гермитикалық барокамераларда жоғары атмосфералық қысымда жаттықтырады. Әрине мұндай жұмыс әркімнің қолынан келе бермейтіні белгілі.

Мысалға, ауыр атлетикамен айналысатын спортсмендер жаттығуларын бастар алдында терең, барынша дем алып, штангыны көтерген соң, қатты дем шығарады.
Босану кезінде дұрыс дем алудың үлкен маңызы бар. Ол сау баланың туылуына кепілдік береді. Босану кезінде дем алудың өзінің тактикасы бар.
Барынша терең, көп мөлшерде дем алу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz