Әлеуметтік қауіптер


Slide 1

Әлеуметтік қауіптер

Slide 2

Дәрістің жоспары:

Әлеуметтік қауіптер жіктеуі

Діни секталардың мақсаты не?

Секталардан қорғану жолдары.

Лаңкестік әрекеттер.

Лаңкестер кепілдікке алғандағы адамдардың әрекеті

Slide 3

Әлеуметтік қауіптер

Әлеуметтік қауіптер дегеніміз - қоғамда, адамдардың қоғамдағы іс-әрекеті арқылы, яғни, әлеуметтік ортада туындайтын қауіптер.

Slide 4

Әлеуметтік қауіптерге бір ғана адамға немесе отбасына, қалаға, тіпті мемлекетке зиянын тигізетін қауіптер жатады. Мұндай қауіптердің пайда болу заңдылығы - бірнеше тұлғаның, яғни қоғамның болуы міндетті шарт болып табылады.

Slide 5

Табиғатына қарай: 1. Адамға психикалық әсер етумен байланысты (бопсалау, алаяқтық, ұры-қарылық, күштеп алушылық (вымогательство) ) ;

Slide 6

2. Физикалық жәбір көрсетумен байланысты

(тонаушылық, қарақшылық,

лаңкестік, зорлау, тұтқынға алу) ;

3. Психоактивті заттарды

қолдану мен таратуға байланысты

(нашақорлық, токсикомания,

маскүнемдік, шылым шегу) ;

Slide 7

4. Жұқпалы аурулармен

байланысты (ВИЧ, т. б. ) ;

5. Суицид

Slide 8

Масштабтарына қарай: - локальдық; - аймақтық; - жаһандық. Пайымдастырылуы бойынша: - Кездейсоқ; - Алдын-ала ойластырылған.

Slide 9

Жас-жыныс ерекшеліктеріне қарай:

- Балалар мен жасөспірімдерге тән; - Жастарға тән; - Ересектерге тән; - Егде адамдарға тән.

Slide 10

Әлеуметтік қауіптердің түрлері Әлеуметтік қауіптер жөнінде сөз қозғалған кезде рухани және мәдени жұтаңдық, қаңғыбастық, жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегумен байланысты болатын байланысты қауіптерді де есте ұстаған жөн. Мысалы, қаңғыбастық дегеніміз адамның бір орыннан екіншісіне үнемі орын ауыстырып, үй-күйсіз, қайыр сұрау арқылы тіршілік етуі. Өкінішке орай, біздің заманымызда осындай қаңғыбастар өте көп, тіпті олардың заңды түрдегі анықтамасы да бар - БОМЖ (без определенного места жительства), әдетте олар көше кезіп, мешіт-шіркеулерді, жер асты өткелдерін жағалап қайыр тілеп жүреді. Мұндай өмір салты деградацияға ұшыратады және де мұндай ортада түрлі жұқпалы аурулармен ауру қаупі де өте жоғары болмақ. Соңғы 50 жыл ішінде заңгер ғалымдардың жіті назарына қоғам үшін ең қауіпті, әрі ауыртпалықтары да зор болып келетін жезөкшелік атты әлеуметтік құбылыс ілініп отыр. Жезөкшеліктің тарихы сонау ерте ғасырлардан басталады. Оның «ең көне кәсіп» аталуының да кездейсоқтық емес. Көне дәуірлерден бері қазіргі күндерге дейін жезөкшелік жайлы әр елдердегі философтар, ағартушылар, тарихшылар әлеуметтік феномен ретінде қарастырған. Әр кезде жезөкшелерге деген көзқарас та, қарым-қатынас та әр түрлі болған: бірде оларды қатты қудаласа, бірде ақындар жырға қосып, суретшілер өз туындылрын арнаған, бірде оларды түрмеге қамап, өлім жазасына кессе, бірде олардың кәсіптері заңды деп есептеліп, ашық түрде онымен айналысуға рұқсат етілген.

Slide 11

Жезөкшелік тарихын зерттейтін авторлар оның үш түрлі формасы бар екендігін айтады: қонақжайлық жезөкшелік, діни жезөкшелік және заңды жезөкшелік. Қонақжайлық жезөкшелік өте ерте замандарда болған, ол кезде сыйлы қонақты разы қылып қарсы алудың бір әдісі ретінде қалыптасқан. Үй иесі шеттен келген қонақты өзіндегі бар жақсысын ұсына отырып қарсы алып, құрметтеуге міндетті болған. Мұндай тәсіл арқылы халықтар арасындағы байланыстарды орнатып, сауда қарым-қатынастарын қалыптастырған. Діни жезөкшеліктің екі түрі болған: қандай да бір құдайдың құрметіне арналған бір реттік және тұрақты. Бастапқыда әйел адамның ары құдайдың құрметіне «құрбандыққа шалынған» (діни-мистикалық акт ретінде) . Осыдан барып жезӛкшелердің арнайы касталары пайда болған. Оларды арнайы үйде ұстаған (қазіргі қоғамдық үйлерге ұқсас) . Бұл түрі кӛбінесе Шығыс елдеріне тән болған. Заңды жезөкшелік Еуропада қалыптасқан. Грецияда, Рим империясында б. з. д. IV ғасырдың өзінде бұл кәсіп кәдімгі сауда түріне айналдырылған. Оларға салық салынып отырған. Алайда ХV ғасырдың аяғына қарай түрлі жұқпалы аурулардың жаппай етек алғаннан кейін заңды жезөкшелікке деген қарым-қатынас күрт өзгерді. Енді оларды қудалап, жазалау шаралары орын ала бастады. Заңды жезөкшеліктен бас тартып, оны шектеуге мәжбүрлік туындады. Бұл енді әлеуметтік қауіп ретінде қарастырылады. Бірақ бұл кәсіптің қоғамда әлі де орын алатыны өте өкінішті.

Slide 12

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы

«Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

12

Slide 13

САМСАҒАН СЕКТАЛАР МЕН САНСЫРАҒАН САНАЛАР… Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, әмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті. Біз бүгін солардың бірқатарынан оқырманды хабардар еткелі отырмыз.

Slide 14

Қазақстанның діни жағдайы

1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Заң бойынша 10 адам бірігіп діни ұйым құрып, Әділет министрлігінде тіркеле алады.

Slide 15

Қазақстандағы басты діндер

Христиан

Ислам

67-70 %

Католик

Православ

Протестант

Slide 16

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы - 40 -тан астам конфессия өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және келісімде өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.

Slide 17

Қазақстандағы діни

қоғамдастықтар саны

4173

1990 жылы олардың саны небәрі

670

Ислам бірлестіктерінің саны

46-дан 2441-ге дейін өсті

Православие Шіркеуінің саны бес есе артты

62-ден 293-ке дейін

Католик Шіркеуінің бірлестіктер саны

42-ден 86-ға дейін

Евангелиелік христиан - баптистер қоғамдастықтары

168-ден 362-ге дейін

Жетінші күн адвентистері

36-дан 66-ға дейін

Иегова Куәлары бірлестіктерінің саны

27-ден 78-ге дейін

Slide 18

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006, 2009 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үш рет съезі өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болды.

Конфессиялар арасында өзара қарым қатынасты нығайтудағы қадамдар жасалу үстінде.

Slide 19

Қазіргі уақытта Республикада 384 миссионер жұмыс істейді, олардың 20-нан астамы шет елдерден, ал 1990 жылы олардың саны 12 адам болатын.

Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни

мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп

жарияланған.

Slide 20

Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады:

Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар

Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар

Slide 21

Діни секталардың мақсаты:

Мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян тигізу (қоғамды шулату, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасау)

Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі

Білім мен ғылым дамуын тоқтату.

Жастарыды өз қатарларына тарту

Уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудыру

Slide 22

Мысалы, газетте басылған хабарлама арқылы, жұмыс іздеп барсаңыз, сектаның кеңсесіне тап болуыңыз ғажап емес. Заң орындары, мұндай тәсілдің, әсіресе қаржы дағдарысы кезінде жиі қолданыла бастағанын ескертеді.

Slide 23

Секталарға қарсы күрес тек бір ғана мешіт имамының міндеті емес, Отан баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан заң шеңберінде жұмыла кіріскен жөн.

«Дініміз ислам, тегіміз түркі, Қасиетті кітабымыз Құран».

Slide 24

Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-3-айлық курстарын ұйымдастыруы;

Slide 25

Бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыруы, беделді дінтанушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыруы қажет.

Slide 26

Әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып діни секталардың ланкестік іс-әрекеттеріне қарсы, семинарлар, лециялар ұйымдастыруы қажет;

Slide 27

Мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізуі қажет.

Slide 28

Әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет.

Slide 29

Жастардың 60 пайызы түрлі діни ағымдардың жетегінде жүр.

Бүгінде елімізде тіркеліп, қанатын кең жая бастаған дәстүрлі емес діндердің атынан да, санынан да адам шатасатындай халге жетті.

Slide 30

«Вайшнавтар», «Бахаи» сенімі, «Бірлестік шіркеуі», «Иегова куәгер­лері», «Соңғы өсиет шіркеуі», «Кришнаны тану қоғамы», «Саен­то­логия» шіркеуі, «Мормондар», «Сахаджа йога», «Жаңа аспан», «Жаңа өмір шіркеуі»…

Slide 31
Ұқсас жұмыстар
Құпия сөз
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Экономикалық қауіпсіздік теориялары
Өзенмұнайгаздың экономикаға әсері
Жаһандық теңсіздік
Жарнамадан табыс
Интернет қызметтері
Қазақстанда және дүние жүзінде атом энергетикасының даму болашағы
Қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беру жағдайы
Сапа менеджменті жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz