Халықаралық қатынас


Slide 1

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Slide 2

Халықаралық қатынас

Халықаралық қатынас - бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.

Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.

Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.

Slide 3

Қазіргі халықаралық қатынастар

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама - қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Slide 4

Сыртқы саясат

Сыртқы саясат - бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі.

Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.

Slide 5

Сыртқы саясат

Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.

Slide 6

Сыртқы саясат

Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.

Slide 7

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар - бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.

Slide 8

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.

Қоғам мен жеке адамның өзара қарым - қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.

Табиғат пен адамның өзара қарым - қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық - түліктік және дамографиялық.


Ұқсас жұмыстар
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі
Қазақстанның халықаралық байланысың дамуы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясаты
Халықаралық қатынастар
Қазақстан - Ресей байланысы
УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Қазақстанның сыртқы саясаты туралы
Дипломатиялық құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz