Әлемдік нарықтағы логистика
Презентация қосу
Әлемдік нарықтағы
логистика
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Логистиканың құрылу тарихы
2. DHL
3. Украинадағы логистика
4. ҚХР-дағы логистика
Қорытынды
Кіріспе
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың
артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші
жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды
мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай
фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге
дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды
қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат
алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады.
Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының
оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп
және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен
бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа
және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі
дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану
арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған
көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды,
кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің
ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және
т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес
салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған.
Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі
өзара байланыс. Логистикалық әдістің
мақсаты – материалды ағымдарды толассыз
басқару.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық
ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар
құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика
салыстырмалы түрде жас және белсенді
дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып
табылады. Шет елде логистика соңғы
онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін
логистикалық өндірістік, сауда, көлік және
ақпараттық жүйелердің қалыптасуы мен
дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің
әлемдік экономикалық және ақпараттық
кеңістікке интеграциялануын тездетуге
мүмкіндік береді.
Бизнес практикасына логистикалық менеджмент
әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі,
жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор
түрлерін қысқартуға, айналым капиталының
айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік
құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды
төмендетуге, тауарлар және қызметтермен
тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан
зерттеу жұмысының өзектілігін көруге болады
Логистиканың құрылу тарихы
Логистика ғылым ретінде және азаматтық саладағы бизнес
құралы ретінде ең алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың
басында қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы
дамыған капиталистік елдердегі нарықтық қатынастардың
тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі
«логистика» терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында
ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла бастады. Міне,
шамамен жарты ғасыр бойы Батыста мамандар, ғалымдар,
іскерлер арасында қарастырылып отырған түсініктің атауы
және мазмұны бойынша талқылаулар әлі күнге дейін
аяқталмаған. Логистика бойынша батыс әдебиеттерін
сараптай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады :
көптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді
баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады.
Логистиканың даму эволюциясы
1. 1920ж.-1950ж. басына дейінгі кезең –
“фрагментаризация” кезеңі деп
атайды.
2. 1950-ші жылдардың ортасынан
бастап 1970-ші жылдарға дейінгі
кезең - “концептуализация” кезеңі
деп атайды.
3. 80-90жж. - “логистикалық ренессанс”
кезең
Логистиканың мақсаты:
1. Қорларды болдырмау
немесе төмендету;
2. Шығындарды азайту.
Логистикалық жүйелердің интегративті
қасиеттері бұл жүйелердің “логистиканың
алты ережесі” деп аталатын соңғы мақсатты
жүзеге асыру қабілеттілігін білдіреді.
Логистиканың «6 ережесі»:
1. ЖҮК – керекті тауар;
2. САПА - қажетті сапада;
3. САНЫ - қажетті көлемде;
4. УАҚЫТ - қажетті уақытта жеткізілуі
тиіс;
5. ОРЫН – керекті орынға;
6. ШЫҒЫНДАР – минималды
шығындармен.
Жаңартылған кезең бойынша әлемдік нарықтағы
логистикалық қызмет 1630 млрд. евродан астам деп
бағаланады, ол жалпы әлемдегі ЖІҚ-нің 5% құрайды.
Алдағы 5 жылда әлемдік сауда мен кәсіпкерліктің
динамикалық өсуі байқалады. Зерттеудің нәтижесі
сонымен қатар әлемдік нарықтағы логистикалық
қызметтің қазіргі таңда жылдам даму үстінде екендігін
көрсетті . Онда 50 мыңнан астам компания жұмыс
жасайды және 95%-ы көлемі бойынша орташа,
материалды және қаржы ресурстары шектеулі. 30 үлкен
ұлттық және халықаралық нарықтағы компанияларға
35% сату көлемі тиесілі.
DHL
DHL — халықаралық неміс компаниясы, әлемдік логистика
нарығындағы көшбасшылардың бірі. Штаб-пәтері — Бонн (
Германия) қаласында орналасқан.
Қызмет түрлері
DHL Express 220 мемлекетте 120000 астам қалаларға жедел жүк
пен құжаттарды жеткізеді. Компанияның 5000-нан астам кеңсесі
мен шамамен 76000 автокөлігі бар. DHL брендімен төрт еншілес
компания қызмет көрсетеді.
• DHL Supply Chain — жеткізу тізбектерін басқару;
• DHL Global Mail — пошта қызметтері, тікелей пошта тарату;
• DHL Global Forwarding — әуе тасымалдау, теңіз фрахты,
мультимодалды тасымалдар;
• DHL Freight — құрлықтағы тасымалдау.
Жалпы қызметкерлер саны — 275 мың адам (2011).
Украинадағы логистика
Әлемдік тауар құрылымында Украина интеграциясы бойынша
әлемдік нарықтағы логистика украиналық фирмалардың
қызығушылығына байланысты анықталған.Себебі Украинаның
логистикалық инфрақұрылымы әлемдегі көптеген
аймақтықтарымен байланысты, ал елдің өнеркәсібі әлемдік сауда
мен халықаралық экономикалық қатынастарда белсенділік
танытуда. АҚШ-тан кейін екінші орында Еуропалық нарық
логистикасы ерекше қызығушылық танытады және жоғарғы өсу
қарқынын көрсетеді. Еуропадағы жыл сайынғы логистикалық
қызмет шығындарының өсуі 2001-2006 жылдар аралығында 3,2-
3,8% құрады. Ол сол кездегі ЕО елдерінің ЖІӨ-нің 2,1-2,5% өскенін
көрсетіп отыр. Қорыта келегенде ЕО-дағы ортақ нарықтың көлемі
2001жылы 506 млрд. еуро ны құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 601
млрд. еуроны құраған.
ҚХР-дағы логистика
Қазір Қытайда логистика перспективалы
сала болып саналады.Логистика ол елдің
экономикалық дамуын анықтап көрсетеді.
Транспортты-логистикалық нарық ҚХР-да тез
дамып келеді.Батыс елдермен салыстырғанда
ол бірнеше жылда қаншама белестерден өтті.
Қазіргі таңда ҚХР логистикалық нарығы әлемдік
стандарттар мен технологиялардан артта қалып
келеді. Логистикалық желілерді құру, заманға сай
логистикалық желілерді енгізу және де қорларды
басқару Қытай үшін тиімсіз. Қытайда өңдеуші
кәсіпорындарда шикізатты сақтаудың орташа
уақыты 20 күн, дайын өнім – 51 күн, сауда
ұйымдарының қорлары – 34 күнді құрайды.
Тауарларды сақтауда келтірілген шығындар 2%-ды
құрайды. Және ҚХР-ның транспортты-
логистикалық инфрақұрылымы жоғары дәрежеде
қалуды көздейді.
Қазіргі таңда қытай экономикасында транспортты-
логистикалық сала маңызды рөл атқарады. Сарапшылардың
бағалауы бойынша, ЖІӨ-дегі транспортты-логистикалық
шығындардың көлемі 17-35% арасында деп есептелінген.
Бұл логистикалық қызметтердің үлкен сұраныста екеніне
көрсетеді. Бірақ қытай компанияларының тауарлар
құрылымының өз бағасы транспортты-логистикалық
шығыстарда төмен екенін және инфрақұрылымның,
технология мен толық саланың төменгі дәрежеде дамуына
кесімді негіз құрады. Салыстырсақ: АҚШ-тағы логистикалық
шығындар ең жоғарғы максималды баға бойынша ЖІӨ-нен
10% аспайды, Жапонияда логистикаға кететін шығындардың
көлемі ЖІӨ-де 11-12% , Еуропада – 9-11%, Индияда – 20%,
Таиландта – 19%, Сингапурде - 8-10%.
Қорытынды
Қазіргі кездегі логистика-бұл копьютерлі-
интегрирленген логистика. Логистикалық
инфрақұрылымның жағдайы әлемде нарықтық
дамудың, инвестициялық тартымдылықтың және
қандай да – бір территорияның экспортты-
активизирлеуші факторы болып табылады. Көлік,
қойма, сауда және сервис бірігеді және өзара бір-бірін
дамытады. Сенімді сауда-көліктік инфрақұрылым-
аймақтардың шаруашылық интеграциясының мықты
негізі, мемлекеттің дезинтеграциясына қарсы әсер
етудің қажетті факторы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное
пособие на казахском языке. Алматы:
Қазақ университеті, 2004
2. Смехов А.А. Введение в логистику. - М.:
Транспорт,1993
3. http://loginfo.ru/issue/94/1221
4. http://mirfene4ek.ru/struktura-mirovogo-rynk
a-logistiki-v-1999-g-i-2006-g.html
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz