Бағалы қағаздар нарығы


Slide 1

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы

Slide 2

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы көбінесе алғашқы бағалы қағаздар ретінде түсіндіріледі, себебі бұл нарық әлем бойынша өте жақсы дамыған және оның дамуы үшін қор биржаларды құру қажеті жоқ (туынды нарық) . Бұл нарық тәуелсіз болып табылады. Глобальды мағынада бағалы қағаздар нарығы евровалюталардың және басқа да ұлттық бағалы қағаздардың әлемдік эмиссиясын білдіреді.

Slide 3

Бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді.

Slide 4

Бағалы қағаздар нарығы

Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Slide 5 Slide 6

Бағалы қағаздар нарығының түрлері

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;

ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;

нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т. б. ) ;

мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;

алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Slide 7

Алғашқы бағалы қағаздар нарығы

Алғашқы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік және муниципалды облигациялар эмиссиясынан, қаржылық және қаржылық емес акционерлік компаниялар шығарған акциялар мен облигациялардан құралады.

Алғашқы нарықтың негізгі инвесторлары болып коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке тұлғалар келеді.

Slide 8

Туынды бағалы қағаздар нарығы

Туынды бағалы қағаздар нарығы деп - эмитеттелген бағалы қағаздардың сату -сатып алуы жүретін орталықтандырылмаған немесе орталықтандырылған (қор биржалары) жүйелерін айтады. Орталықтандырылмаған бағалы қағаздар нарығының болуы олардың сауда стихиясын білдірмейді. Кішігірім акционерлік компаниялар шартты түрде өздеріне таныс кіші ортаға бағалы қағаздарын шығарады. Мұндай компаниялардың көбі коммерциялық банктердің брокерлік - диллерлік фирмаларына жүгінеді.

Slide 9

Бағалы қағаздар нарығының функциялары

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;

Slide 10

Бағалы қағаздар нарығының функциялары

мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т. б. қамтамасыз етеді.

ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;

реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т. б. белгілейді.

Slide 11

Бағалы қағаздар нарығының функциялары

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

қайта бөліну;

баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция немесе хеджирлеу ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Slide 12

Бағалы қағаздар нарығының функциялары

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;

ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз ормадан өнімді формаға ауыстыру;

инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Slide 13

Акциялар. Облигациялар.

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы қазіргі таңда әлемдік акциялар мен облигациялар саудасы арқылы көрініс тапқан.

Әлемдік облигация нарығын екі сектор қосындысы ретінде түсіндіруге болады: шетелдік облигациялар нарығы және халықаралық облигациялар нарығы немесе оларды еурооблигациялар деп атайды.

Slide 14

Шетелдік облигациялар нарығы

Шетелдік облигациялар нарығы дегеніміз ұлттық облигациялық нарықта банктік консорциумдар арқылы шетелдік қарызгерлердің бағалы қағаздарды шығаруы.

Шетелдік облигациялар нарығы 20 ғасырдың алғашқы екі онжылдығында дамуының шарықтауына жетті, одан кейін оның рөлі әлемдік нарықта бірден құлады, бірақ 60 жылдары қайта өсе бастады.

Slide 15

Еурооблигациялар

Еурооблигациялар дегеніміз - эмиментке қатысты шетелдік валютада шығарылған облигация болып табылады. Облигациялар халықаралық андеррайтерлер синдикаты көмегімен шетелдік инвесторлар ортасына шығады. Инвесторлар үшін де валюта шетелдік болып келеді. Қаржыгерлер арасында еурооблигацияларды еуробонд деп атайды.

Slide 16

Еурооблигациялар

Еурооблигациялар ұзақ мерзімді қарыздық міндеттеме болып табылады. Олар 1 жылдан 40 жылға дейінгі аралықта шығарылады.

Еурооблигациялар белгілі бір мерзімде пайыз алуға құқық беретін купондарға ие.

Облигациялармен сауда ең жақсы дамыған елдер арасына АҚШ, Германия, Швейцария, Жапония кіреді.

Slide 17

Акция

Акция- акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады

Slide 18

Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)

Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

Slide 19

Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)

Эмитенттер - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.

Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымнын неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.

Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитариилер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

Slide 20

Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары)


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының іргелі талдау
Бағалы қағаздар нарығы туралы
Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы туралы
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарының операциялары
ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Қаржы нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz