Сабақты және салт етістіктер


Slide 1

Етістік.

Slide 2

Заттын қимылын, іс-әрекеті мен амалын білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.

Мысалы: Балалар мектепке келді.

Етістіктін сұрақтары: не істеді? Не қылды?

Slide 3

Етістіктің жасалу жолдары

Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтар:

1) -да, -де, -та, -те, -ла, -ле: көкте.

2) -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен: ойлан.

3) -лас, -лес, -дас, -лес, -тас, -тес: ойлас.

4) -лат, -лет, -дат, -дет, -тат, -тет: билет.

5) -а, -е: орна, теңе.

6) -ар, -ер, -р: көгер, жасар.

7) -ай, -ой, -й: азай, көбей.

8) -сы, -сі: шешенсі, көсемсі.

Slide 4

9) -ық, -ік, -к: жалық, кезік.

10) -сын, -сін: жерсін, азсын.

Slide 5

Дара және күрделі етістіктер.

Етістіктер де құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.

Бір ғана түбірден тұратын етістіктер дара етістіктер деп аталады.

Екі немесе одан да көп сөздерден құралып, сөйлемде бір мағынаны білдіріп, барлығы бір сөйлем мүшесі болатын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Болымды және болымсыз етістіктер.

Етістіктер іс-әрекеттің іске асу-аспауын, болу-болмауын білдіруіне қарай екіге бөлінеді.

Іс-әрекет, қимылдың жүзеге асуын көрсететін етістіктер болымды, болмауын көрсететін етістіктер болымсыз деп аталады. Мысалы: Ол сабаққа дайындалды. Ол сабаққа дайындалмады.

Slide 9

Болымсыз етістіктер болымды етістік түбіріне -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағын жалғау арқылы және жоқ, емес сөздерінің тіркесуімен жасалады. Мысалы: бар - барма - барған емес - барған жөқ.

Slide 10

Сабақты және салт етістіктер.

Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіреді дегенімізбен де, қандай жағдайда да осы іс-әрекеттің негізгі істеушісі болады.

Қимылды, іс-әрекетті көрсетіп, табыс септіктегі сөзбен байланысып, табыс септіктегі сөзді қажет ететін болса, бұндай етістік сабақты етістік деп аталады. Сабақты етістік кімді? Нені? Деген сұрақтарға жауап беретін зат есім сөзбен байланысады.

Slide 11

Табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктерді салт етістіктер деп атаймыз. Мысалы: Балалар ауылға келді.

Салт етістіктегі сөздер барыс, жатыс, көмектес септіктегі сөздермен байланысады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Етістік туралы түсінік
Сабақты етістік Салт етістік қимыл
Туынды етістік жұрнақтар
Тұйық етістік тапсырмасы
Етістік ағашы
Етістікті бекіту сабағы. Презентация. 6-сынып
Етістік жайлы
Бір құрамды етістікті сөйлем
Жалаң түбір тұлғалы ауысу калпын білдіретін салт етістіктердің семантикасы АУЫСУ (ӨЗГЕРУ) ЕТІСТІКТЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Ұлттық ойындар. Етістік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz