Қазақ ертегілерінің түрлері, құрылымы және тәрбиелік-әдеби маңызы


Slide 1

Ертегілер

Slide 2

Ертегілер

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.

Slide 3

Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер - бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастарды ертегілерден көреміз. Өйткені ертегі - өткендегі өмірдің елесі. Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен шолып, мол қамтыған ауыз әдебиетінің ең көлемді, бай түрі ертегілер болып саналады. Балалар өмірінде де алатын орны ерекше.

Slide 4

Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең сөз түрінде де кездеседі. Бұған біз ертегілерді оқу барысында көз жеткіземіз.

Ертегілердің, әдетте, бастаулары ұқсас: “Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты” немесе “Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде”, т. б. Басталады. Бұл - ертегінің өзіне тән кіріспесі, ерекшелігі болып табылады, ауыз әдебиетінің ешбір басқа түрі, жанры олай басталмайды. Ертегілер “Сөйтіп мұратына жетіпті” деп үнемі жақсылықпен аяқталады.

Өйткені, ертегінің образдарынан біз халық арманын көреміз, ал арман тек қана жақсы болады.

Slide 5

Қазақ ертегілерінің зерттелуі

Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Зерттеушілер: Ш. Уалиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Ә. Диваев, Б. Даулыбаев, О. Әлжанов, Ж. Айманов, Б. Досымбеков, М. Ибрагимов.

Slide 6

Осы аталған адамдар сол кезде орынборда, Омбыда, Қазанда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақша шығаратын болса, онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. “Дала уәлаяты” газетінде, “Торғай облыстық ведомосында”, “Ақмола облыстық ведомосында”, “Орынбор газетінде”, “Орынбор губерниялық ведомосында”, “Астрахань газетінде” үзбей басылып тұрады.

Slide 7

Ертегілердің балалар тәрбиесіне беретін орны

Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы т көрініп отырады. Сондықтан да ертегілердің балалар өмірінде маңызы ерекше болып келеди. Қай ертегіні алсақ та балалардың қиялын дамытатын, жалпы балалар тілінде жазылатын тұрмыс салт жыры.

Slide 8

Ертегілердің құрылысы

Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы, аяқталуы болады. Бұл балаларға тез ұғыну, оңай түрде жеткізілуіне, балаларды қызықтырып, ертегіні оқуға немесе тыңдауға шақырады.

“Ертек, ертек ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен . . . ”

“Ерте, ерте, ертеде

ешкі құйрығы келтеде . . . ”

“Ертеде бір бай болыпты, бір перзентке зар болыпты . . . ”

“Бұрынғы өткен заманда . . . ”

“Баяғы өткен заманда”

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Ертегі

Халық ауыз әдебиетінің көне мұрасы

Тәрбиелік мәні бар

Балалар тәрбиесінде орны ерекше

Өзіндік түрлері бар

Халықтың тұрмыс-тіршілігі бейнеленген

Slide 12

Қиял-ғажайып ертегілер

Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып-білу, тұрмыс-тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ақырында, мақсат-мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді. Балалардың қиялын дамытады.

Slide 13

Ертегідегі қарама-қарсы кейіпкерлерді тап:

Slide 14

Хайуанаттар туралы ертегілер

Slide 15

Хайуанаттар ертегілері

Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Бұл ертегілер балаларға танымдық қызмет етеді. Яғни хайуанаттармен танысу, олардың мифтік аңыздарын баяндап айтады. Балаларға жануарларды қорғауға, олардың қасиетін аңыз ретінде түсіндіреді.

Slide 16

Хайуанаттар туралы ертегілердің негізгі кейіпкерлері - хайуанаттар, жан-жануарлар мен түрлі аң-құстар. Олар ертегіде адамша сөйлеп, адамша өмір сүреді. Сол арқылы адам арсында болатын түрлі оқиғаларды көрсетіп, жаман қылықтарын әшкерелейді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, балаларға әңгімелейді. Ертегілерде түлкі - айлакер, қу, сұм; арыстан - зорлықшыл, қиянатшыл, озбыр; қоян - қорқақ, қой - момын; қасқыр - зұлым, жауыз адамның мінезін білдіреді.

Slide 17

“Бозінген” ертегісі

Slide 18

Жоспар:

Бағланбайдың түйесі

Жетім баланың ақылы

“Басы алтын, арты күміс ботаның тууы”

Саудагерлердің айласы

Бозінгеннің жоқтауы

Бағланбайдың екі ұлы

Бозінгеннің ботасымен табысуы

Slide 19 Slide 20

Бозінгеннің зары

Мен ботамнан айрылған,

Қарайлап, мойын қайрылған,

Сағынып, зарлап егілген,

Көзімнен жасым төгілген . . .

Не жазығым бар еді?!

Екі көзді сел алып,

Жылай, жылай шөл алып,

Тілек тілеп зарласам,

Тілегімді берер ме?

Ботақаным келер ме?

Slide 21

Тұрмыс-салт ертегілері

Бұл топқа кіретін ертегілерді ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, арман-мүддесі суреттеледі.

Slide 22

Шыншыл (тұрмыс-салт) ертегілерде - жағдай еш қиялсыз, жер бетінде, адам арасында болады. Адамдардың жаман-жақсы қасиеттерін, тапқырлық-аңқаулықтарын, т. б. қасиеттерін суреттейді. Сол арқылы балаға жаксы мен жаман қасиеттерді баяндайды.

Slide 23

“Аяз би” ертегісі

Мадан ханның жарлығы

Уәзірлердің хан жарлығын орындауы

Жаманға кез болуы

Мадан хан мен Жаманның жолығуы

Мадан ханның Жаманды сынауы

Жаманның Меңді сұлу қызға баруы

Аяз бидің “барса-келмеске” кетуі

Уәзірлерге сазайын беруі

Slide 24 Slide 25

“Аяз би” ертегісі

Суреттегі заттар ертегінің қай жерінде кездеседі?

Олардың мағынасы не?

Slide 26 Slide 27 Slide 28

“Аяз би” ертегісі

“Әділ, турашыл бол, баймын деп аспа, ханмын деп таспа”

Аяз би әліңді біл,

құмырсқа жолыңды біл

Slide 29

Батырлар жыры

Slide 30 Slide 31

Қазақ фольклоры көлемінің молдығы, мазмұндылығы және көркемдігінің көлемдігі жағынан еш халықтың рухани мұраларынан кем түспейді.

Жұртшылығымызға мәлім батырлар жырларының арасында бірнеше ғана эпизодтан құралған туындылар немесе батырдың бір ғана ерлігін көрсететін қысқа да, әлденеше ерлік оқиғаларды бір адамның басына жинақтап, композициялық жағынан ажырамас бір бүтін дәрежесіне көтерілген күрделі де кесек ауқымды туындылар

Slide 32
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ертегілерінің жанрлық құрамы, композициясы және тәрбиелік-эстетикалық қызметі
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы, түрлері және тәрбиелік-әлеуметтік маңызы
Қазақ ырым-тыйымдарының тәрбиелік маңызы
Қазақ бесігінің құрылымы, салт-дәстүрлері және тәрбиелік-мәдени маңызы
Қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының тарихи және тәрбиелік маңызы
Қазақ батырлық жырларының дүниетанымдық және тәрбиелік маңызы
Қазіргі қазақ әдеби тілінің ерекшеліктері, құрылымы және функционалдық стильдері
Қазақ ауыз әдебиеті: жанрлары, ерекшеліктері және мәдени-тәрбиелік маңызы
Қазақ ұлттық би өнерінің мәдени және тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz