Еркек жыныс бездері


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Еркек жыныс бездері

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Аталық : ішкі және сыртқы ағзалары

Жыныс бездері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.

Slide 4

Ішкі аталық жыныс мүшесіне атабездер, шәует шығаратын түтігі. ұрық безі, қуықасты безі және бульбоуретральды бездер жатады, ал сыртқы мүшесіне аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.

Slide 5

Атабез (testis; orchos - грекше; ) - жұп жыныс мүшесі, сопақша пішінді, салмағы 20-30 г. Ата бездер қызметі - сперматазоидтар, яғни аталық жыныс жасушаларын жасау, және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару. Аталық бездер ұмада орналаскан. Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі, бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары, нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.

Slide 6

Аталық без тығыз консистенциялы және бүйірінен бірнеше жұмсартылған. Онда дөңес латералді (facies lateralis) және медиалді бетін (facies medialis), екі жиегі - алдыңғы және артқы (margo anterior et posterior), және де жоғарғы жәнетөменгі шеттері (extremitas superior et inferior) ажыратылады. Аталық бездің артқы жиегінде денесі, басы және құйрығы болатын атабез қосалқысы (epididymis) орналасқан.

Slide 7

Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта.

Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Slide 8

Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысын түзеді. Сірлі қабық астында басқа қабық яғни ақ қабық (tunica albuginea) . Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау - атабез орталығын(mediastinum testis) түзеді. Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді атабез үлесшелеріне (lobuli testis) бөлетін атабез қалқашықтары(septula testis) өтеді. Әр үлесте 2-4 иреленген шәует өзекшелері (tubuli seminiferi contorti) болады. Олар көптеген қантамырлары бар борпылдақ дәнекер тінмен жабылған. Ішінен шәует өзекшелерінің қабырғасы сперматогенез процессі өтетін көп қабатты сперматогенді эпителиймен қапталған.

Slide 9

Шәует шығаратын түтігі (ductus deferens) - жұп мүше, ұзындығы 40-50 см, диаметрі 3 мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шаптың өзегінің сыртқы тесігіне барады.

Slide 10

Оның 4 бөлігі бар:

1) ұмалық (pars scrotalis),

2) шаптың беткейлік сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars fimicularis),

3) шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis),

4) тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina) .

Slide 11

Қуықасты безі (prostata; ) - жамбастың түбінде орналасқан, несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан. Оның артқы беті тік ішекке, алдыңғы шат симфизіне, бүйірі-артқы өтісті көтеруші бұлшықетке жанасады. Безде жоғарыға, қуықасты бөлігі (pars prostatae) және алдыңғы, артқы, төменгі латералді беттері және ұшы болады (арех prostatae) . Құрылысы бойынша бұл бұлшықетті-безді, салмағы 20-25 г, екі бөліктен тұратын мүше. Көптеген ұяшықты бездері сперма құрамына кіретін секретті жасайды. Несеп шығару өзегінің алдыңғы жағында шәует төмпешігі (colliculus seminalis) бар. .

Slide 12

Шәует бездері (vesiculae seminales; ) - қалта тәрізді түтікті, ұзындығы 4-6 см, қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар. Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған. Бездің қабырғасышырышты, бұлшықетті және дәнекер қабықтардан тұрады.

Slide 13

Буылтық - несеп шығаратын өзек безі (glandulae bulbourethrales) терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан, яғни Аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында. Олардың шығарушы түтігі кеуекті бөлігі (несепшығару өзегінің) ашылады.

Slide 14

Ұма (scrotum; ) - тері-бұлшықетті қапшық, онда атабез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төменгі бөліктерімен орналасқан.

Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:

1. ұма терісі (dartis) ;

2. етті қабық (tunica dartos) ;

3. сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa)

4. Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica) ;

5. атабезді көтеретін бұлшықет (m. cremaster)

6. ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna) ;


Ұқсас жұмыстар
Аталық малдың жыныстық ағзаларының атқаратын қызметі
Бездің құрылысы
Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі
Аталық жыныс безі
Гормондар туралы
Эндокриндік жүйе
Жыныс гормондары
Жануарлардың аталық жыныс жүйесі
Жыныстық циклдің өтуіне экологиялық және климттық жағдайдың, азықтандырудың, күтіп- бағудың, аталық малдың тигізетін әсері
Жыныс мүшесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz