Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі философия феномені



«Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

1. Ежелгі Шығыс философиясы-ның даму ерекшеліктері. 2. Ежелгі Үнді философиясы. 3. Ежелгі Қытай философиясы

Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі-тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, бұрмаламай жеткізу.

Шығыс мәдениетіндегі табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзгерістерді сыйқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдіретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт болып қалыптасуына қажетті алғашқы шарт болды.

ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ

Заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін емес, сананың нәрселер құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу.
Осыған байланысты Үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі; «пракрити»-материалды сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер, елестер.
Космостық эволюция, цикл, тәртіп, жүйе және өзара байланыс - Рита құдайының заңдарына сүйенеді. Рита - заттардың, нәрселердің барысы туралы заң немесе заңдылық. Бұл идеяның негізінде - нәрселер, заттар тіршілігінің өзгеріссіз қозғалысытуралы пікір жатыр. Рита- сезімдік құбылыс, ол рухани дүниеге дейің пайда болды; заттық, тәндік дүние- Ританың көрінісі.

Атауы
Негізгі мазмұны
Ригведа
Ведалар құдайларға арналған 1017 гимндер(самхиталар) жинағы
Самаведа
Құрбандық шалу кезінде Ригведаның гимндерін дұрыс айтуға ұйрететін түсіндірмелер
Яджурведа
Ригведаның гимндері орындалатын ритуалдарды сипаттау
Атхарваведа
Құдайларға, демондарға, рухтарға, т. б арналған дұғалардың жинағы
Ведалар(сөзбе сөз «білім» деген мағынада) - б. д. д. XVғ. ғ. Орта Азия, Еділ жағалауы, Ираннан Үндіге көшпелі тайпалар-арийлер келіп қоныстанғаннан кейінгі кезеңнен жеткен тарихи-мәдени ескерткіш діни философиялық трактаттар жиынтығы.
Ведалардың төрт түрі бар:

№
Ведалық ортодоксальды мектептер:
Бейведалық, бейортодоксальды мектептер:
Веданта (б. д. д. IV-IIғ. ) Вьяса, Бадараяна
Жайнизм (б. д. д VI) Махавира
Вайшешика (б. д. д VI-V ғ. ) Кананда
Буддизм(б. д. д. VII-VI ғ. ) Будда
Миманса (б. д. д. VI ғ. ) Джаймини
Чарвака локаята Брихаспати
Санкхья(б. д. д. VI ғ. ) Капила
Адживика Маккхали Госали
Ньяя(б. д. дIIIғ. ) Готам
Йога (б. д. д II ғ. ) Патанджали
Ведалық түсініктерді мойындау-мойындамауына байланысты Ежелгі Үнді философиясының мектептері (даршандар) екі топқа бөлінеді:
«Астика», «ортодоксалды», «негізгі», «ведалық» -Ведалық ілімді жалғастырушы мектептер.
«Настика», «бейортодоксальды», «бейведалық» -Ведалық білімге оппозициялық мектептер.
Үндідегі философиялық мектептер

Буддизм
Буддизм - Үндіде (б. д. д. V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда(б. д. д. III ғ. кейін), т. б аймақтарға кең тараған ілім.
Негізін қалаушысы Солтүстік Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха Шакьямуни) (б. д. д563-483 ж. ж) .
Буддизмнің негізгі идеясы - орта жол - рахат, ләззат, жолы мен «аскетизм жолы» екеуінің арасындағы тепе- теңдікті сақтай білу мен тән қажеттілігін тежеу.
Буддизмнің өзекті идеясы-Будданың «төрт ақиқаты» туралы өсиеттерінде берілген. Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында.
.

Ақиқаттар
Түсіндірмелер
өмір дегеніміз -азап
«туылу» дегеніміз азап, аурулар мен өлім азап, сүйгеніңмен айырылу азап, сүймегенге қосылу да азап, өмірдегінің бәрі азап.
Азаптың қайнар көзі -біздің өз тілектеріміз
Азаптардың басты себебі - бізге әрдайым бірдеменің керек болуы болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе алмауымыздан
Азаптан құтылу үшін тілектерден арылу қажет.
Тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз.
Тілектерден арылу үшін, Буддалық «Құтылудың сегіз жолын ұстану қажет»
Адам өзін-өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанымен, тамақ ішу, жеу, жүріп - тұру т. б тілектер сарқылмайды, өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз байланысты.
Төрт ақиқат

Буддалық азаптан құтылудың сегіз жолы
Сатылар
Түсіндірмелер
1.
Дұрыс көзқарас
Төрт ақиқатты және Будданың ілімдерін толық білу
2.
Дұрыс шешім
Өз өмірін Буддалық ілімге сәйкес өзгертуге деген берік шешім
3.
Дұрыс сөз
Өтірік - өсектен, ауыр сөздерден, орынсыз әңгімелерден тартыну
4.
Дұрыс тәртіп
Түрлі жаладан, ұрлықтан, өз тілектерін бұрыс жолмен қанағаттандырудан бас тарту
5.
Дұрыс өмір-салт
өмірді адал жолмен қамтамассыз ету; өзін аман алып қалуда харам кірісті пайдаланбау
6.
Дұрыс күш жұмсау
Ақиқат жолынан таймау, жаман ойларды жойып, ақыл-ойды жаңа, адал ойлармен толықтыру, жаңарту;
7.
Дұрыс
бағыттау
Заттар мен адам тәнінің өткінші екенін ұғыну, менің денем - «мен» емес. Дене- сүйектен, қаннан, сіңірден құралады, яғни ол ажалды, сондықтан шіритін массаға айналады. Демек, оған жойылып-жоғалатын уақытша заттарға өкіну орынсыз
8
Дұрыс жинақтала білу
Өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түсінуден арылу
?

Жайнизм
Ежелгі Үндіде б. д. д. VI-V ғ. пайда болып, қазірге дейін бар діни философиялық бағыт.
Негізін қалаушы - Вардхамана(б. д. д. VI-V ғ. ) деп саналады. Вардхамана Махавира
Жайнизм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді:
1. Шветамбарлар(ақ кигендер)
2. Дигамбарлар(жалаңаштанғандар ауаны киім еткендер) .
Екі бағыттағы арасындағы айырмашылық діни әрекеттің кейбір сұрақтарына ғана байланысты. Жайнизм қағидаларының бастысы - «Тірі тіршілікке қиянат жасамау».

Чарвака-локаята
Негізін қалаушы - дана Брихаспатиді. Чарвака Үнді философиясында жалғыз материалисттік мектеп.
Философиялық көзқарастары. Танымның сенімді көзі- тікелей, сезімдік қабылдау. Танымның тікелей емес жолдарының барлығы сенімсіз және адастырушылыққа тірейді. Біздің сезімді қабылдауға негізделген тәжірибеміз бір ғана дүниенің материалды және тәндік дүниенің бар екенін дәлелдейді. Құдайды, құдайларды сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, сондықтан оның бар екендігін айту негізсіз.
Онтологиясы. Барлық объектілер төрт элементтен: от, ауа, су, жерден тұрады. Адам санасы материяның жемісі. Материяның элементтері санаға ие емес және олар құрайтын көптеген объектілерде де сана жоқ, сана тәнсіз немесе тәннен тыс тіршілік ете алмайды, сондықтан тән өлімінен кейін сана жойылып, қуанышты не қайғыны сезінетін ештене қалмайды.
Этикасы. Ақылды адам осы дүниелік өмірде барынша рахаттанып, азап-қайғыдан арылуға ұмтылуға тиіс. Демек рахат күйге апаратын әрекеттің барлығы жақсы. Қайғы әкелетін нәрселер - жаман. Ал рахат күйге жеткізетін басты құрал -байлық, сондықтан оған ұмтылу қажет. Чарвака мектебінің кейбір өкілдері басты рахат күйлер тізіміне тамақты, ішімдікті, жыныстық ләззатты, молшылықты атаса, кейбірі рахат күйдің ізгі, нәзік түрлерін (өнерді) жатқызды.

Ежелгі Қытай философиясы

Негізгі философиялық мектептер:
1 Инь және Ян мектебі
2 Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
3 Моистер мектебі
4 Атаулар мектебі
5 Заңгерлер мектебі
6 Дао ағымы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz