Қоныстанған жерлері


Slide 1

Тақырыбы:

Slide 2

Қоныстанған жерлері:

Б. з. б. 1 мың жылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта өмір сүрген.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады.

Slide 9

Шаруашылығы.

Шаруашылық - мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды) . Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.

Slide 10

Қоғамы.

Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.

Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Шаруашылығы, кәсібі

Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан

Slide 11

Б. з. б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған: Бұқара, Шахрисиябз, Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі), Ташкент ауданы, Хорезм өлкесі. Қаңлы мемлекеті Үйсін мемлекетімен бірқатарда тарихи сахнаға шыққан. Үйсіндер Ферғана, Ыстықкөл, Шу, Жетісудан Шығыс Түркістан жерлеріне дейін созылып жатқан аймақта орналасқан.

М. Қашқари айтуы бойынша, Қаңлы (Қаңқа) - патшаның аты. Оның мемлекетіне кірген тайпалар, халықтар жалпы патшаның атымен «қаңлы» аталған. Соған қарағанда, жергілікті сақ тайпаларынан өрбіген ұрпақтар Әмудария мен Сырдария өңірлерін мекендеп, осы құлшылық қоғамын құрған. Олардың жайылған мекендері де көп жерлерді алып жатса, тұрғындарының сандары да көп болған. Олар ертедегі орта ғасырда бөлшектеніп, өздерінің ертеден келе жатқан аттарымен аталып кетсе де, басым көпшілігі қаңлы есімін сақтап қалған. Кейін түркі халықтары бөлшектеніп шыққанда, қаңлылар олардың көпшілігінің құрамына кірген: өзбек, қазақ, қырғыз, башқұрт, қарақалпақтар және т. б. Бірақ қаңлылардың басым көпшілігі бұрынғы Қаңлы мемлекетіне кірген жерлерде көбірек сақталған. Б. з. б. 329 жылы әйгілі Ескендір Зұлқарынай Сырдария бойына жеткен. Қаңлы мемлекетінің негізгі этникалық құрамы сақ нәсілді түрік тілдес тайпалардан тұрған. Қазіргі түрік халықтарының құрамына кірген қаңлыларда антропологиялық ерекшеліктері арасынан сары түсті, көздері көк, жақ сүйектері ойыңқылы көбірек кездеседі. Өздерін басқарған патшаның атымен аталуы түріктерде ертеден қалыптасқан дәстүр, мысалы: Оспан түріктері және т. б.

Slide 12

Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.

Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай- ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70-80-жылдары белсенді түрде ерістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі.

Қытайдың тарихи хроникаларық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқаның және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес.

Slide 13

Археологиялық ескеткіштері

Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV-V ғғ. ) : 1 - сердолик, 2-4 - халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуандария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25. Шардараға жақын жердегі Актөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнынын орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақтардың шаруашылығы
ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ
Түркі қағанаты
Қыпшақтардың батыс бірлестігі
Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет
Африка халықтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАСЫ
Халықтың ұдайы өсуін
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар
Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz