Дүниежүзілік сауда ұйымы: құрылымы, негізгі қағидаттары және Қазақстанның қосылу үдерісі


Slide 1

Дүние жүзілік сауда ұйымы

Slide 2

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ)

Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария Құрылған күні: 1 қаңтар 1995 жыл Құрылды: Уругвай раунды келіссөздерінің нәтижелері бойынша (1986-1994) ДСҰ мүшелері: 153 ел. Бюджеті: 2008 жылға 185 млн. швейцар франкі. Хатшылық: 625 адам Басшысы: Паскаль Лами Бас директор.

Slide 3

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды.

Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Slide 4

ДСҰ басты міндеті - іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс: - Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды; - Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

ДСҰ міндеттері

Slide 5

- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану; - Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

Slide 6

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру - елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Қазақстан - ДСҰ-ға кіруге мүдделі

Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С. Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.

Slide 7

Министерлік конференция - ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет шақыралады. Министрлік конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады.

ДСҰ ҚҰРЫЛЫМЫ

Slide 8

Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді.

Министрлік конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кезде Бас директор Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы комиссар, лауазымдық қызметке 2005 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті (1999-2002 жылдары Майк Мур болған, Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі, 2002-2005 жылдары - Супачай Паничпакди, Тайландтың бұрынғы премьер-министрі) .

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ): құрылымы, міндеттері және Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу үдерісі
Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық сауда саясаты және Қазақстанның мүшелікке қосылу үрдісі
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: жүйесі, қағидаттары және құрылымы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы: тарихы, мақсаты және Қазақстанның рөлі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: мемлекеттік бюджет, құрылымы және негізгі қағидаттары
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы: экспорттық мамандану және сыртқы сауда құрылымы
Интернеттің құрылымы, қосылу тәсілдері және негізгі протоколдар мен қосымшалар
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ): тарихы, міндеттері және Қазақстанның төрағалық рөлі
Қазақстанның сауда жүйесінде маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Дүниежүзілік қара металургия: өндіріс, сауда және орналастыру географиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz