Тәңіршілдік мәдениеті


Slide 1

«Тәңіршілдік мәдениеті»

Slide 2

Пәннің мақсаты - «Тәңіршілдік мәдениеті» ашық сипаттағы ХХ ғасыр мәдениетi тақырыбын шектеулi дамытады, бүгiнгi шындықты оның барлық көп шектi көрiнiстерiнде iске асыруда жаңа кезеңдердi анықтайды.

Пәннің міндеттері:

- пәндi оқып- бiлу с туденттердi шығармашылық iзденiске және ойлануға ептiлiкке дамытуға мүмк iндiк жасайды;

- пәннiң категориялы аппараты және табиғаттың мәнi туралы түсiнiгiн кеңейтедi;

- ойлау мәдениетi және диалог мәдениетi негiзiнде жеке дүниетанымын дамытуға негiздейдi.

Slide 3

Тәңіршілдік - дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни, сенім. Тәңіршілдік сенімнің Ұлы Тәңірісі - берік қандастық жүйеге негізделген түркі қоғамының Жаратушысы әрі Иесі. Ұлы Тәңірдің елі де, қағаны да, жері де киелі әрі қуатты деп танылған. Тәңіршілдік ұлттық психологияны, яғни ұлттың ділдік сипатын анықтайтын танымдық өлшем.

Slide 4

Немістің атақты ғалымы Г. Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ. Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: … бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін.

Олар: тотемдік, шамандық және тәңіршілдік

Slide 5

Байырғы түріктердің түсінігі бойынша Тәңір (teŋri) жерде емес көкте ол көзге көрінбейді. М: Űze kök teŋri (Жоғарыда көкте Тәңірі) ;

Тәңір жалғыз жаратушы. Ол жаралмайды, тумайды;

Бұл дүние тіршілік-тірлік. Ол дүниеге адамның жаны ұшып кетеді. Жан жоғалмайды. М: Kűl-tegin qoj jylqa [toquzynčy aj] jiti jigirmike učdy (Күлтегін қой жылы тоғызыншы айдың он жетісі күні ұшты) . Бұл сөйлемде Күлтегіннің жаны ұшып кеткенін сөз етіп отыр. Ал, сүйек жерде қалады.

Ұшқан жан жоғалмайды. Ол дүниеде не жақсылық, не қиыншылық көреді. Олай болса тозақ, пейіш мәселесін мұнда қабат сөз ете білген.

Тәңір мен жер киесіне ұшырағанда ақыр заман болады. Адамзат, ағайын туыс өз ара арпалысады. М: Teŋri jer bulγaqyn űcűn (Тәңір мен жер киесіне ұшырағаны үшін) деген сөйлемдер бұған дәлел бола алады.

Slide 6

Ертедегі түркі халықтарының “Тәңірге сыйынғанын Күлтегін, Білге қағандарға арналған балбал тастардағы қашап жазылған жазулардан анық білеміз. Қазірге дейін Тәңір сөзінің этимологиясын іздеушілердің пікірлері әртүрлі болып, олар “Тәңірдің” не себепті “Тәңір” атануын ашып, дәлелдеп бере алмауда. Бірқатар жазушылар “Тәңір” “аспан”, “көк аспан” деген ұғымды білдіреді дегенді айтады.

Миф­тік аңыздар бойынша, “Таң” және “Іңір” деген екі періште кезектесіп, жердегі тіршілікті күзетеді екен, “Таң” күн ұйықтар орынға кеткенде “іңір” оның орнына күзетке тұрады деген ұғым қалыптасқан. Соған орай “Тәңір” делінген дейді.

Біреулері Тәңір “Таң” + “Ра” сөздерінің қосындысы, таңның атуы, ал “ра” ертедегі күннің Египеттегі діни атауы. Міне, осыдан “Танра” делініп, “күннің шығуы” дегенді білдіреді дейді.

Тәңір сөзі екі түбірден: “таң” және “ертеден” деген сөздерден тұрады дейтіндер де бар.

“Таң” күннің шығар уақыты, ал “ер” күллі түркі тілдерінде, ер, ержүрек, еркек, батыр деген мағынаны білдіреді десе, енді бірі тәңірі атауы екі сөзден: Таң және йер, яки кир /жер/ сөздерінің бірігуі арқылы жасалғанын жорамалдайды.

Slide 7

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі - ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, - дейді. В. В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, - деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су - тіршіліктің тірегі.

Slide 8

Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай - Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай - отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, - делінеді.

Slide 9

Отқа табыну


Ұқсас жұмыстар
Тәңір сөзі
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну
Ежелгі түркі өркениеті
Айша бибі
Түркі тайпаларының дүниетанымы мен наным - сенімдері
Ғұн тайпалары
ӨРКЕНИЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы
Берке хан Өзбек хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz