11-ші дәріс: кәсіпкерлік субъектілерінің салық салуы және арнаулы салық режимдері


Slide 1

11 дәріс. Кәсіпкерлік іс-әрекетінің субъектілерінің салық салуы

Slide 2

Салықтар - Салық Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер

Салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;

Салық төлеуші - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі

Slide 3

Салық режимі - Салық Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы

Slide 4

Жеке кәсіпкер қандай салықтар төлейді?

Жеке кәсіпкер жарты жылдың тапқан табыстың 3 пайыздық мөлшерлемесін қолдану арқылы жеке (корпоративтік) табыс салығын есептейді

Салық төлеу келесі тәртіпте жүргізіледі:

есептелген соманың ½ - жеке (корпоративтік) табыс салығы

½ әлеуметтік салық, әлеуметтік салық әлеуметтік аударымдар сомасына төмендетіледі

Әлеуметтік аударымдар сомасы жарты жылдың жалақы сомасының 5% құрайды.

Slide 5

Жеке кәсіпкер үшін салықты қалай есептеуге болады?

Есіңізде болсын:

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін келесі шарттарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері қолданады: ЖК үшін - шекті қызметкерлерінің орташа тізімдік саны салық кезеңінде 25 адамды құрайды, соның ішінде жеке кәсіпкердің өзі және салық кезеңіндегі шекті кіріс 10 миллион теңгеден аспауы керек

Бұл режим үшін салық кезеңі - күнтізбелік тоқсан

Негізгі салық есептілігі - шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация - форма 910

Slide 6

Арнаулы салық режимі

Арнаулы салық режимі

Шағын бизнес

субъектілері үшін

ауылшаруашылық,

су (балық) және ауылдық

кооператив өнімдерін

өндіретін заңды тұлғалар

үшін

Шаруа немесе

фермерлік қожалықтар

үшін

Slide 7

Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;

Slide 8

Арнаулы салық режимі

ПАТЕНТ

Жеке кәсіпкерлік

Жалға алған жұмысшылар жоқ

Табыс 200 ЖМЕ аспайды

Салық кезеңі - жыл

Көрсетілген табыстың 2%

(½ табыс салығы, ½ әлеуметтік салық)

Әлеуметтік аударымдар

Slide 9

Арнаулы салық режимі

ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯ

Жеке кәсіпкер, заңды тұлға

Қызметкерлерінің шектеулі саны

ЖК -25 адам, заңды тұлға -50 адам

ЖК шекті табысы -10 млн. тг, заңды тұлға- 25 млн. тг.

Салық кезеңі - тоқсан

Көрсетілген табыстың 3%

(½ табыс салығы, ½ әлеуметтік салық)

Әлеуметтік және зейнетақы аударымдары

Slide 10

Арнаулы салық режимі

Шаруа немесе фермерлік қожалықтарға

арналған арнайы салық режимі

Бірыңғай жер салығы

Жер телімінің бағаланған құнынан 0, 1% - 0, 4%

Әрбір қызметкерлер үшін АЕК 20% әлеуметтік салық

Зейнетақы аударымдары

Салық кезеңі - жыл

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы салық режимдері: түрлері, қолданылуы және шектеулері
Шағын бизнес субъектілерінің қызметіне салық салудың теориялық негіздері
Арнаулы салық режимдері: шағын бизнес, шаруа немесе фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған ережелер мен есептеу тәртібі
Салық және салық салу: теориялық негіздер мен Қазақстан Республикасындағы тәжірибелік аспектілер
Салық ұғымы, әлеуметтік-экономикалық мәні және салық жүйесін ұйымдастыру
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың үлгілері және арнаулы төлемдер: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы
Салық және салық салу: теориясы, функциялары және Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
Қазақстандағы салық жүйесі және салық түрлері: анықтамалар, объектілер мен ставкалар
Салық түсінігі және Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін реформалау кезеңдері
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қағидалар, қызметтері және салық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz