Қазақ философиясының тарихы: негізгі бағыттар, кезеңдер және өкілдері


Slide 1

Қазақ философия тарихының негізгі бағыттары:

Тұрпайы-диалектикалық ойлар;

Дүниеге шынайы түрдегі көзқарас;

Дінді тану және басқа да еркін ойлау процестері;

Моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдер;

Күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау мәселелері.

Slide 2

Қазақ тарихының философиялық құбылыстарын үш кезеңге бөлінеді:

Алғы философия: объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән.

Объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді логикалық қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды.

Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.

Slide 3

Ақын-жыраулар философиясы: Ақтамберді жырау Сарыұлы

Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтамберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.

Ақтамберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді.

Slide 4

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.

Slide 5

“Зар заман” ақындары:

Дулат Бабатайұлы

Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге.

Көмбеге тақап қалғанда,

Жүйрікке керек көтерме.

Шортанбай Қанайұлы

Заман қайтып оңалсын, Адам қайтып қуансын. Жанарал болды ұлығың, Майыр болды сыпайы. Айрылмайтын дерт болды, Кедейге қылғап зорлығың, Князьді көрдің піріндей, Тілмәшті көрдің биіңдей. Дуанды көрдің үйіндей, Абақты тұр алдында, Қазылып қойған көріндей

Slide 6

Мұрат Мөңкеұлы

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді.

Slide 7

Ағартушылар философиясы: Шоқан Уалиханов

Философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлері “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Даладағы мұсылмандық жөнінде”, “Тәңір” деген еңбектерінде айтылған;

Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болған;

Мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты.

Slide 8

Ыбырай Алтынсарин

Дүние туралы көзқарасы екі түрлі:

1. Қоршаған дүние санадан тыс және тәуелсіз өмір сүреді;

2. Дүние - жаратушы құдай.

Этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы жағынан ерекше орын алды.

Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиеледі.

Оның қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән.

Slide 9

Абай Құнанбаев

Қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы.

Дүниетанымдық мәселеде Абай деизмге жақын.

Қоғам өмірін түсінуде Абайдың көзқарасы идеалистік тұрғыда болды.

Ұлы ақын Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ халқының шырғалаңнан құтылар жолы - білім игеру, кәсіпті дамыту, аянбай еңбек ету деп біледі.

Абайша, сену үшін алдымен түсіну қажет.

Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету, сұлылыққа ұмтылу - жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.

Slide 10

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды.

“Үш анық” атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі.

Дүниенің түпнегізі деп төрт нәрсені - от, су, топырақ, ауа деп айтады.

Философиясының негізгі өзегі адам болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Философияның қалыптасуы: негізгі кезеңдер, бағыттар және қазақ ағартушыларының дүниетанымы
Көне Грекия философиясының қалыптасуы және негізгі өкілдері
Қазақ философиясының тарихы: көне дәуірден ХХ ғасыр басына дейінгі даму және ірі өкілдері
Қазақ философиясының тарихы, мазмұны және негізгі ерекшеліктері
Ежелгі грек философиясының мектептері мен негізгі өкілдері
Араб-мұсылман философиясының қалыптасуы мен негізгі өкілдері
Батыс Еуропа философиясы: ортағасырлық кезеңдер, бағыттар және негізгі өкілдер
Қазіргі заманғы қазақ философиясының тарихы мен ерекшеліктері
ХVIII-ХІХ ғасырлардағы неміс классикалық философиясының негізгі бағыттары мен өкілдері
Қазақ философиясының дамуы: жыраулар дәуірі мен ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz