Қостанай облысы


Slide 1

Қазақстандағы су қоймалары

Дайындаған: Альбекова А

Қабылдаған: а. ш. ғ. м, Буланбаева П

Slide 2

Су қоймасы- суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары.

Slide 3

Қазақстанның су қоймаларының тізімі

су қоймасы

орны

пайдалануға берілген жылы

ауданы км2

ұзындығы

ені

тереңдігі

Бұқтырма

Ертіс өзені ШҚО

1967

5500

600

40

80

Қапшағай

Іле өзені Алматы обл.

1970

1847

187

23

43

Шардара

Сырдария өзені ОҚО

1966

900

48

20

26

Көксарай

Сырдария өзені ОҚО

2011

460

-

-

-

Сергеев

Есіл өзені СҚО

1969

117

75

7

20

Қаратомар

Тобыл өзені Қостанай обл.

1965

92

72

4

16

Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1941

82

25

7

12

Бөген

Бөген өзені ОҚО

1967

65

13

6

15

Астана (Вячеслав)

Есіл өзені Ақмола обл.

1969

61

11

10

25

Киров

Көшім өзені БҚО

1967

39

22

4

7

Топар (Шерубайнұра)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1960

39

13

4, 2

24

Кеңгір

Кеңгір өзені Қарағанды обл.

1952

37

33

1, 6

25

Өскемен

Ертіс өзені ШҚО

1963

37

85

1, 2

45

Тасөткел

Шу өзені Жамбыл обл.

1974

77

18

8, 5

23

Slide 4

Бұқтырма бөгені (орыс. Бухтарминское водохранилище) - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген.

Гидрологиясы

Су айдыны 5940 км2, ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49, 6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қаласына дейін), Бұқтырма, Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5, 0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі - 1, 3 - 3, 8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0, 05 - 0, 14 г/л, жұмсақ, химиялық құрамы - гидрокарбонатты кальцийлі.

Slide 5

Тарихы

Морфо-метриялық ерекше-ліктері

Шаруашы-

лықтағы

маңызы

Slide 6

Қапшағай бөгені, Іле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 ж. басталды. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т. б. ) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады.

Slide 7 Slide 8

Шардара бөгені - Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзеннің арнасына салынған. 1968 ж. бөген шарасы суға толтырылды. Бөгетінің биіктігі 24 м, ұзын 5, 8 км. Бөгеннің ауданы 900 км2, ұзын 80 - 100 км, ені 20 - 25 км, ең терең жері 25 - 26 м, орташа тереңдегі 6, 3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Шардара бөгені арқылы жалпы 394, 0 мың га жер суарылады (оның ішінде 105 мың га күріш егістігі) .

Slide 9

Көксарай су қоймасы - Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 160 километр төмен, Көксарай ауылының оңтүстігінде орналасқан су қоймасы. 2008-2011 жылдары салынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерді су алу қауіпінен қорғауға және қыс айларында Шардара СЭС да өндірілетін электр энергиясы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін нысан.

Сипаттамалары

Су қоймасының алаңы: 460 км²

көлемі: 3 км³-ге дейін

алғашқы толтыру жылы: 2010ж

деңгейі (норма) : 7, 7 м

Slide 10

Сергеев бөгені- Солтүстік Қазақстан облысындағы бөген. Есілдің абсолюттік биіктігі 125-150 м-лік жазық өңірден өтетін орта бөлігіндегі аңғарында, 1969 жылы іске қосылған. Сергеевка қаласынан бастап, оңтүстікке қарай 75 км-ге созылған. Шарасының ауданы - 117 км2, сыйымдылығы - 695 млн. м3 (1982 жылы 680, 1983 жылы 693 млн. м3 болды) . Ені - 7-8 км, орташа тереңдігі - 5, 9 м. Жағасының ұзындығы 264 км. Бөгенге Иманбұрлық өзені құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсатымен салынған. Облыстағы негізгі астықты өңірлердің экономикасында бөгеннің маңызы зор.

Slide 11

Самарқан бөгені (Теміртау бөгені, Нұра бөгені) - Нұра өзен аңғарында, Қарағанды облысы Осакаров аудан жерінде. 1941 ж. іске қосылған. Шарасының ауданы 84 км2, ұзындығы 20 км, ені 7 км, орташа тереңд. 3, 25 м (ең терең жері 17 м), суының мөлш. 260 млн. м3. Бөгеннің су жинайтын алабы 11500 км2. Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк желекті жағасы (ені 200 - 300 м) демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солт. жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс - Қарағанды каналының суы Нұра өз. арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0, 7 - 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.

Slide 12

Бөген бөгені, Оңтүстік Қазақстан облысында, Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы пайдалануға берілген. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Аумағы 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15 м. Жиналатын су көлемі 377 млн м3. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде шармай, Түркістан шабағы, торта, табан, сазан, жайын, көксерке, дөңмаңдай, ақ амур, т. б. балықтар өсіріледі. Жылына шамамен 300 т балық ауланады.

Астана бөгені (Вячеслав бөгені), Есіл өзенің жоғарғы ағысында. Ақмола облысы Аршалы ауданында 1968 ж. салынған. Аумағы 61 км², ұзындығы 11 км, ені 5, 4 км, орташа тереңдігі 6, 8 м (ең терең жері 25 м), суының мөлшері 419 млн. м3. Солтүстік жағасы тік жарлы, су кемері түпкі жыныстарға тіреледі, оңт. жағасы жазық, саз балшықты. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Бөген Есіл, Мойылды өзендері суымен, қар және жауын-шашын суымен толығады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 4 м. Суы тұщы, минералдылығы 0, 22 - 1, 02 г/л аралығында өзгереді. Астана бөгенінде Сібір тортасы, тарақ балық, шортан, алабұға, табан балық, сазан, т. б. түрлері бар. Бөген суы Ақмола облысының өндіріс орындары мен шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді.

Slide 13

Киров бөгені, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Зеленов ауданыдары жерінде, Көшім өзені бойында орналасқан. 1967 жылы шабындық және мал жайылымын суландыру мақсатында іске қосылған. Ауданы 39, 1 км², ұзындығы 21, 6 км, ені 4 км, орташа тереңдігі 1, 6 м, көл. 62, 9 млн. м3. Су жиналатын алабы 190 мың км². Киров бөгені суымен 36, 4 мың га шабындық көлдетіліп, 6, 4 мың га жер тұрақты суғарылады және 260, 0 мың га жайылым суландырылады.

Өскемен бөгені, Ертіс өзенінің Абылайкит қырқасынан өтетін тұсында, Өскемен қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Өскемен су электр стансасы құрамында 1952 жылы іске қосылған. Бөгеті шлюзбен жабдықталған. Өскемен қаласының оңтүстік-шығысынан Серебрянск қаласына дейін созылады. Қазан - сәуір айларында қатып жатады, жазда суы өте салқын. Түбіндегі шөгінді балшығының қалыңдығы 0, 2 - 0, 8 м. Бөгенде балықтың 22 түрі (таутан балық, мөңке, табан балық, нәлім, алабұға, сазан, шортан, аққайран, т. б. ) кездеседі. Бұлардың көбінің кәсіптік мәні бар. Кеме жүзеді. Жағалауы орман. Өскемен және Серебрянск қалалары халқының демалыс-сауықтыру аймағы.

Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қостанай қаласының климатологиясы
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары
1921 жылы маусымда Орал губерниялық партия комитеті
Қостанай облысының энциклопедиясы
Базалық станция Базалық станция
Қостанай қаласы
Қазақстанның жалпы көмір қоры
Қостанайдағы орыс - татар мектебі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2018 жылдың басында Қазақстан халқының саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz