Безді эпителий




Презентация қосу
Семей Медицина Университеті КеАҚ
Анатомия және Гистология кафедрасы

СӨЖ
Тақырып:
Безді эпителий
Орындаған: Ками Н.З.
Тексерген: Саябаева Т.А.

Семей 2019
Жоспар
1- Кіріспе
2- Негізгі бөлім
2.1- Гландулациттер
2.2- Гландулациттер жіктелуі
3- Қорытынды бөлім
4- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып
саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық,
сорғыштық, безді шығарушы осмос реттейтін қызметтер
аткарады. Эпителийдің қай түрі болмасын , оларға тән қасиет-
секреторлы (сөл бөледі) қызметі .

Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді
сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде
гормондарды айтуға болады.
Безді эпителийдің жасушаларын ГЛАНДУЛОЦИТТЕР дейді
Негізгі бөлім

Гландулациттерден бөлінген секреттерінің кілегейлі
қабықтың үстіне қан мен лимфаға (эндокринді) және
көптеген мүшелердің ішіне шығады.

Ағзада бөлінген секреттің атқаратын қызметі-Сүттің шығуы
(Лактация)
Сілекейдің, асқазанмен
ішектен бөлінетін сөлдің,
бауырдан өттің және
гормондардың
(гуморальды) қан мен
лимфаға бөлінуі өте
маңызды қызметтері болып
саналады.
Гландулоциттер базальді мембранаға бекінеді,
секреторлықызметіне байланысты гландулоциттердің пішіні мен
құрылысы әр түрлі. Ядролары ірі, тіпті пішінсіз болып келеді.
Белокты секрет бөлетін гландулоциттердің (асқорыту
ферменттері) цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті
эндоплазмалық тор болса, ал белоксыз секрет бөлетін (лепидтер,
стероидтар) гландулоциттерде түйіршіксіз эндоплазмалық тор
болады. Гольджи аппараты мен митохондриялары өте көп.
Гландулоциттердің цитоплазмасындағы секреторлы
көпіршіктерінің мөлшері мен көлемі, құрылысы көбінесе
химиялық құрамыны байланысты өзгеріп отырады.
Кейбір гландулоциттердің цитоплазмасында, цитолемманың көптеген
қатпарларынанн пайда болған сырты микробүрлермен қоршалған жасушалық
түтікшелері де болады.
Мысалға асқазандағы тұз қышқылын бөлетін гландулоциттерді атауға болады.

Фундальные жеелезы. Зоны железые: 1 —
желудочная ямка, 2 — перешеек, 3 — шейка,
4 — основание и тело. Клетки: 5 —
поверхностные слизистые, 6 —
Асқазанның негізгі жасушасы париетальные, 7 — слизистые, 8 — главные.
Гландулоциттерге де полярлық қасиет тән. Бұл секреттің бөліну
бағытына сай, базальді бөліктен апикальді полюске көпіршіктер
түрінде бөлінеді.
Секрет бөлу механизмі бездерде әртүрлі, осыған байланысты
үш түрлі; мерокринді, апокринді және голокринді болып
жіктеледі.
Мерокринді секретті түрінде гландулоциттер секрет бөлу
кезінде өзгеріске ұшырамайды (сілекейді бездер).
Апокринді бездердің секреторлы кезеніңде гландулоциттер
апикалбді полюсті озгеріске ұшырап, аздап бұзылады (сүт безі)
Голокринді де гландулоциттері секреторлы цикл кезінде толық
өзгеріске ұшырап, жойылады (терідегі май бездері), бірақ
камбиальді жасушалардың көмегімен қайта қалпына келіп
отырады.
Қорытынды бөлім

Бездер немесе секреция бездері (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек,
endon — ішкі, krino — бөлу) —секреттерін (гормондар) организмнің сұйық
ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек
секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және
қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері):
орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық
эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз.
Ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері
жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас
бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус
(айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі
ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу
деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. Ағзада гормондар мөлшерінен көп
бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды.
Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген
бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.
Бездердің регенерациясы. Бездер секрет бөлу цикліне
байланысты үнемі физиологиялық регенерация процесі өтіп
отырды. Мерокринді және апокринді бездердің
гландулоциттері ұзақ тіршілік ететін жасушалар тобына
жатады. Бұларда жасуша ішіндегі регенерациялық қабілеті
жақсы дамыған, кейде митоз жолымен де көбейеді. Ал,
голокринді бездерде қайта қалпына келу процесі арнайы
жүзеге асады, бұлар жасушалық регенерация түріндегі
жаңалану. Бездердің жасқа байланысты ерекшелігіне,
олардың секреторлы циклі мен секреттің химиялық құрамы
өзгеріп, бездің дәнекер тінді стромасы көбейеді де,
регенерациялық қабілеті төмендейді.
Пайдаланылған әдебиеттер

- Цитология, эмбриолгия және гистолгия Аяпова
Ж.О. Алматы 2007 57 бет

- https://kk.wikipedia.org/wiki/Негізгі_жасушалар

- https://kk.wikipedia.org/wiki/Эндокриңді_бездер

- https://lektsii.org/6-94278.html

Ұқсас жұмыстар
КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙЛЕР
Безді эпителийі
Эпителий ұлпасы туралы
Базофильді лейкоциттер
ГИСТОЛОГИЯ
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Шырышты эпителийдің қызметі
Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий
Жануарлардың ішек құрылысы
Өңеш, қарын, жұтқыншақ
Пәндер