Туа біткен жүрек ақаулары


Slide 1

Тақырыбы: «Туа біткен жүрек ақаулары. »

Орындаған:

Қабылдаған:

Тобы:

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

Туа біткен жүрек ақаулары туралы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім

Туа біткен жүрек ақауларының эпидемиологиясы мен даму себептері

Жіктелуі.

Негізгі клиникалық көріністері.

Диагностикалық зерттеу әдістері және емдеу шаралары, профилактикасы

Туа біткен жүрек ақауының асқынулары.

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Туа біткен жүрек ақауы (ТБЖА) - бұл құрсақта қалыптасқан және баланың жүрек құрылымы мен ірі тамырларының нәресте дүниеге келгеннен бірге жүретін ақауы.

Барлық жүрек ауруларының ішінде бұл аурулар 1-2% шамасында. Барлық туған балалардың 0, 3-0, 4% жүректің және магистралды қан тамырларының кемістігімен туады(100 нәрестенің 1 кездеседі) . Оның 40% күрделі болып табылады және сәби бір жасқа келгенше оталық емдеуді талап етеді егер ешқандай шара қолданылмаса, балалардың өлім-жітімі 87% құрайды. Сондықтан, дертті дер кезінде сезіктеніп, нақты диагнозды анықтап және тиісті оталық емдеуді жүргізу өте маңызды

Slide 4

1. боталлов өзегі

2. Өкпе венасы

3. Өкпе артериясы

4. Қолқа

5. Овалді тесік

6. Сол жүрекше

7. Төменгі қуысты вена

8. оң жүрекше

9. Оң қарынша

10. сол қарынша

11. кіндік қан тамырлары

Ұрықтың қан айналым жүйесі

Slide 5

Туа біткен жүрек ақауларының даму себебі:

хромосомалық бұзылыс - 5 %;

қандайда бір геннің мутациясы 2-3%;

Анасының немесе әкесінің маскүнемдігі, жуктілік кезіндегі қызылшамен ананың ауыруы, дәрілік заттар, ата-анасының шылым шегуі 1-2%;

полигенно-мультифакторлы тұқым қуалау - 90 %.

Slide 6

ТБЖА жіктеледі

Жүрекшеаралық қалқаның кемістігі

Қарыншааралық қалқаның дара кемістігі

Ашық артериялық түтік(Баттолов түтігі)

Аортаның коароктациясы

Тетрадо Фалло

Пентадо Фалло

Slide 7

Жүрекшеаралық қалқаның кемістігі-жүрекшелер аралығында тесіктің болуы. Бұл жүректің туа біткен ақауларының 10-20% құрайды, әйелдерде 3 есе жиі байқалады. .

Жүрекшеаралық қалқаның кемістігі. Ашық овальді тесік (66%) .

Slide 8

Клиникалық көріністері: Тесігі кішкене ақауда шағымы болмайды, үлкендеу тесікте

ентігу

тез шаршау

жүрек қағуы

шалыс соғуы

Бұл шағымдар 20 жастан бастап білінеді. Науқастардың дене бітімі әдетте нәзік, тері жамылғылары боз келеді, басында цианоз білінбейді.

Асқынулары:

Оң жүрекшенің ұлғаюынан дамитын ырғақ бұзылыстары.

Өкпе гипертензиясы

Рецидивтеуші бронхит, бронхопневмония.

Slide 9

Қарыншааралық қалқаның дара кемістігі

Slide 10

Клиникалық көрінісі: Ақаудың көрінісі кемістіктің санына, көлеміне, олрналасуына және өкпе артериясындағы қысымға тәуелді. Егер тесік аса ірі болса- ақаудың белгілрі жасқа толмаған кезден басталады.

Бала емшек емгенде ентігіп қалады, оқта-текте демін терең алады

Тойып еме алмаған бала үнемі аш қалып, гипотрофияға ұшырайды

Сәби үлкейе келе тұрақты цианоз пайда болады.

Жылағанда көгеріп, терісі мрамор тәрізді шұбарланады.

Асқынулары:

Инфекциялық эндокардит

Өкпе гипертензиясы

Жүрек шамасыздығы.

Slide 11

Ашық артериялық түтік(ААТ) Артериялық түтік (Боталлов түтігі) өкпе артериясының сол тармағын және аортаның төмендеу бөлігінің бас жағын қосады. Боталлов түтігі солбұғанаасты артериясының аортадан таралған жерінің қарама-қарсысында немесе одан кейін орналасады

Slide 12

Клиникалық көріністері: Түтіктің диаметріне, өкпе артериясының қысымына тәуелді.

Ентікпе

респираторлық аурулармен жиі ауыру,

физикалық дамудың кешеуілдеуі

каротидтер биі диастолалық қысымның төмендеуі

пульстік қысымның ұлғаюы

әлсіздік сезіледі

Төстің сол жақ бойындағы II-III қабырғааралықар деңгейінде систолалық немесе диастолалық діріл білінеді, бірақ бәрінде бола бермейді.

Асқынулары:

Инфекциялық эндокардит

Жүрек жеткіліксіздігі

Өкпе гипертензиясы

Артериялық түтіктің аневризмасы

Өкпе артериясының аневризмасы

Slide 13

Аортаның коароктациясы: Аортаның даму кемістгінен жергілікті тарылуы. Коароктация, доғаның мойын бөлігі мен бифуркация аралығының кез келген жерінде орналасуы мүмкін, бірақ ең жиі доға мойын бөлігінде орналасады. Бұл ақау туа біткен жүрек ақаулардың 15-18% құрайды.

Slide 14

Клиникалық белгілері

Бас ауруы

жиі лоқсу

Көрудің нашарлауы

Тез шаршау

АҚ төмендеуі

Сан артериясының пульсациясының әлсіздігі

Асқынуы

Миға қан құйылу

Жүрек жарылуы

Slide 15

Іштегі нәрестеге жатыр ішінде феталды ЭхоКГ жасау ТБЖА бар болуын анықтауға және жүктіліктің әрі қарай тактикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бала туған соң маман ең алдымен жүрек пен ірі тамырлардың жасына сәйкес барлық параметрлерін бағалауға міндетті, және алынған нәтижені баланың ақиқат мәртебесімен салыстыру керек.

Рентген тексеру.

ЭКГ, ФКГ.

Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.

Slide 16

Күтімі:

Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20-220 С.

Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек.

Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек.

Жеке бас гигиенасын сақтау.

Терінің ойылуының және өкпе қабынуының алдын-алу үшін төсектегі жағдайын алмастырып, қолға алып, терісін майлап тұру керек.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Тамақтың көлемін азайтып, жиі беріп тұру.

Баланың денесі құрысып-тырысқанда жедел көмек көрсету керек: басын, аяқ-қолын ұрып алмау үшін астына жұмсақ төсек немесе жөргек төселеді; тілі тыныс жолдарын жауып қалмас үшін тілұстағышпен ұстап немесе дәке оралған шпательмен басып тұру керек.

Тумастан бұрын пайда болған жүрек ақауы бар балалар педиатр мен врач-кардиологтың диспансерлік есебінде болып, уақтылы лабораторлы және клиникалық байқаудан өтіп тұрады.

Slide 17

Профилактикасы:

Аяғы ауыр әйелдердің жұқпалы аурулармен ауырмауын қадағалау


Ұқсас жұмыстар
АҚАУЛАРЫ ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Туа пайда болған жүрек ақаулары
Балалардың жүрегінің туа пайда болған ақаулары
Сүйектердің шығуы
Көкірек қуысының туа біткен даму ақаулары
Ұрықтың даму патофизиологиясы
Эмбриогенез кезеңдері
Мұрынның және мұрын маңы қуыстарының, жұмсақ және қатты таңдайдың туа пайда болған ақаулары
Бүйректер орналасуының аномалиялары
Жүректің қақпақшалық аппараты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz