Ақпараттық коммуникациялық технологияның білім беруде қолданылуы
Презентация қосу
Ақпараттық коммуникациялық
технологияның білім беруде
қолданылуы
Ақпараттық коммуникациялық
технологияларға мыналарды
жатқызуға болады:
Қашықтан оқыту жүйесі
Білім беруде компьютерлік
технологияны пайдалану
Коммуникациялық технологиялар
АКТ-ның қолданылуы
АКТ-ны практикаға енгізу жолында
туындайтын мәселелерге салқын
қандылықпен карап, оларды шешу
кезінде мектептегі ақпараттық
жүйелердің мынадай негізгі
элементтеріне әсер ететінін
айту керек:
- әдістемелік жабдықтау жағына;
- мұғалімдер мен әкімшілік органдарын
дайындауға;
- қолданбалы программалық
жабдықтамаларға (энциклопедиялар,
меди-ресурстар, модельдеу, әкімшік-
шаруашылық кешенін басқаруға)
- базалық программалық платформаға
(WINDOWS операциялық жүйесі
MICROSOFT ОFFICE);
- аппараттық кешенге (компъютерлер,
жергілікті желі, Интернетке қосылу).
Қашықтықтан оқыту
ақпараттық коммуникациялық
технологиялық құралдар
(компьютерлер,
телекоммуникациялар,
мультимедия құралдары) және
ғылыми негізделген тәсілдер
арқылы білім алу (күндіз, сырттай,
экстернат) формасы.
Қашықтықтан оқытудың
артықшылығы:
а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу
материалдарын тыңдаушыға жылдам
жеткізеді;
ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт
режимінде студенттердің мұғаліммен
сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын
виртуальді класс жасау мүмкіндігі туады;
б) ақпараттық коммуникациялық
технологиялардың барлық қуатын оқытуға да,
әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да
пайдалануға болады.
Бұл технологияның біздің
елімізде кең таралуы жайлы
айту әзір ертерек
өйткені толыққанды қашықтан оқыту
жайлы айту үшін оқу орындарында
және оқушының үйінде де жақсы
техникалық және программалық
құралдар болуы тиіс. Оның үстіне
байланыс арналарының да сапасы
жақсы болуы керек, бізде ол жағы
әзірше әлсіздеу.
Жаңа компьютерлік
технологияларды пайдаланып
оқытудың ең тиімді оқыту түрі
болып табылады.
Оқытудың жаңа компьютерлік
технологияларының жоғары және
арнаулы оқу орындарында оқу
процесіне кеңінен енуі студенттердің
өзіндік және шығармашылық
белсенділігін дамытады және өзіндік
жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Презентациялар технологиясы
Бұл технология, бір жағынан,
оқушыларға жаңа материалды
(иллюстрация, фотографиялар,
бейнелік, дидактикалық материалдар,
т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы
болса, екінші жағынан, мұғалімдерге
осы материалдарды дайындауды және
оны қолдану процесін де жеңілдетеді.
Алдын ала жүргізілген
тәжірибелер презентациялар
технологиясын пайдалану
балалардың оқуға деген ынталылығын
арттырып, сабақтың қызықты өтуін
қамтамасыз етіп, оған дайындалу
мерзімін (презентациялық сүйемелдеу
жұмысын алдын ала мұғалім немесе
басқа біреу дайындағанда) қысқартады,
ең бастысы – мұғалімдерді жаңа
компьютерлік технологияларды
пайдалануға дағдыландырады.
Компьютерлік технологияларды
үлгерімді тексеру және
оқушылардың білімін жетілдіру
мақсатында пайдалану,
біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін
арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге
көбірек уақыт бөлуге көмектеседі;
екіншіден, объективті түрде
қадағалай отырып, балалардың
алған білімін бағалауды жүзеге
асырады;
үшіншіден, бақылау технология-
сына ғылыми элементтер енгі-
зіп, оны кеңінен де пайдалануға
болатындай жағдай туғызады
Мультимедиялық
технологиялар
әртүрлі типті мәліметтерді
дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну
әрекеттерін ақпараттық және
бағдарламалық жабдықтарды
пайдалану арқылы жүзеге
асыратын құралдар, әдістер мен
тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық
технологиялардың дамуы
бейнетехниканың және дербес
компьютердің өркендеуі
нәтижесінде жүзеге асуда.
Мультимедия статикалық, динамикалық
және дыбыстық ақпараттарды талапқа
сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.
«Мультимедия» термині
латын тілінің «multi» (көп)
және «media» (орта)
сөздерінің бірігуінен
құралған, яғни
«ақпараттық орта» деген
мағына береді.
Мультимедия
пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты
біріктіріп ұсыну технологиясы.
Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу
әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру
арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал
мультимедиялық интерактивті оқыту
бағдарламасы көмегімен берілген
материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-
бағдарламалық құрал.
Мультимедияның
ажырамас бөлігі болып
табылатын лазерлік дискілерде
жазылған электрондық
энциклопедиялар, оқулықтар
мен сөздіктер оқыту процесінде
ерекше орынға ие.
Оқыту процесінде мультимедияны
пайдаланып білім берудің әртүрлі
аспектілерін дамытуға болады.
Олар: ақпаратты өңдеудің
когнитивті аспектілері, оқытудың
танымдық аспектілері.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың
даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық
мүмкіндіктері мен артықшылықтарын
көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге
түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін
нақты алғы шарттары болып табылады, оның
көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы
«өмір бойы білім алу» ұстанымынан «білім
барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін»
ұстанымына нақты ауысады.
Мектептерде аппараттық
телекоммуникациялық және
программалық жабдықтар
аймағында тәжірибелік (немесе
арнаулы) емес, индустриялық, яғни
әрекеттік шешімі бар жұмыстарды
енгізуге тырысу керек - олар
практикалық қажеттілік пен ол істі
жалғастырудың тиімділігіне кепілдік
бере алады.
Қоғамды ақпараттандыру үрдісі
болашақ мамандардан ұдайы
ізденуді, ақпараттық және
телекоммуникациялық
технологияларды
кәсіби салада қолдана білуге
машықтандыруды, қажет ақпаратты,
ақпарат көздерінен таба білу мен
өңдеуді, шығармашықпен ойлауды
және шешім қабылдауды талап етеді.
Білім беруді оқу жүйесіне
берілген анықтаманың ішінде
А.А. Андреевтің еңбегінде
атап өтілген халықаралық
экономика және құқық институты
ұсынған нұсқасы көңіл аударуға
тұрарлық деп айтуға болады. Онда
қашықтан білім беру оқытудың
қоғамдағы интегралдық түрлерінің
қатарына жатқызылған.
Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы
оқу орындардың алдына төмендегідей
қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап
етеді:
- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және
оны практика жүзінде қолдана алатын;
- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда
туындайтын мәселелерді көре білетін және
оларды шешу жолдарын іздей алатын;
- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда
жұмыс істей алатын;
- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени
деңгейін дамыта алатын.
Жоғарыда келтірілген
мәселелерден мынандай
тұжырымдар жасауға болады:
Оқыту мен білім беруде жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияны біріктіруге арналған
оқу бағыттарын дамыту;
Неғұрлым жақсы технология пайдаланушыларын
дайындау кепілі ретінде оқытушылардың екпінділігін
арттыру;
Жаңа технологияны қолдануды сапалы түрде талдау;
Университеттер арасында және университетке
бөлімдермен (гимназия, колледж, бакалавр т.б) кіреді.
Жаңа ақпараттық
технологияларды
пайдалануға негізгі
мақсаттарға мыналар кіреді:
ақпаратпен жұмыс іскерлігін, қалыптастыру,
комуникативтік қабілетін дамыту.
ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау.
берілетін оқу материалының көлемін оқушы
меңгере алатын деңгейге дейін өсіру.
зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай
білу іскерлігін қалыптастыру.
Мектептің білім беру саласында
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін
интенсификациялау мен модернизациялаудың
тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп
жатыр.
Бұл жұмыстардың тиімділігі мен
нәтижелілігі бірнеше оқу әдістемелік,
психологиялық – педагогикалық
мәселердің шешімін ғылыми түрде
негіздеуде талап етеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz