Зат алмасуға жалпы түсінік


Slide 1

« Астана медициналық университеті»АҚ «Жалпы медицина» факультеті «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Зат алмасу(Көмірсулар) .

Орындаған:Рүстем А. А.

Тобы: 142 ЖМ

Тексерген: Кузенбаева А. Е

Slide 2

ЖОСПАР

1. Кіріспе

Зат алмасуға жалпы түсінік

2. Негізгі бөлім

Зат алмасу сатылары

Көмірсулар

Организмдегі көмірсу алмасуы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Зат алмасу

Зат алмасу - тірі организмдерге тән қасиет. Қоршаған ортамен зат алмасу - барлық тірі организмдерге тән. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп, басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар ас қорыту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Жасушаларда біздің организмімізге тән нәруыздар, майлар мен көмірсулар биосинтезінің химиялық реакциялары жүреді. Осы кезде биосинтезге күрделі органикалық қосылыстар ыдырағанда бөлінетін энергия жұмсалады. Яғни, биосинтезбен бірге бұрын синтезделген заттардың ыдырауы жүреді. Демек, бір процесс барысында энергия жұмсалады және жинақталады, ал басқа процесс барысында, керісінше бөлінеді.

Slide 4 Slide 5

Осылар қан мен лимфаға өтіп, біздің денеміздің мүшелерінің барлық жасушаларына жеткізіледі.

Биосинтезге күрделі органикалық қосылыстар ыдырағанда бөлінетін энергия жұмсалады.

Slide 6

Зат алмасу сатылары

Зат алмасу-тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Қоректенудің сатылары:

Алғашқы сатысы-асқорыту процесі болып табылады.

Екінші сатысы - сіңіру немесе сорылу, яғни қарапайым заттардың қанға өтіп, организмнің клеткаларына таралуы.

Үшінші сатысы- аралық алмасу. Ол клеткаларда өтеді.

Төртінші сатысы - сыртқа шығарылуы

Slide 7

Зат алмасу процесінің екі қыры

Ассисмиляция - организмге сыртқы ортадан енген басқа заттардан жасушаларында өзіне тән заттардың түзілуі, қарапайым ізашар молекулалардан нуклеин қышқылдары т. б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді.

Диссимиляция - организм жасушаларындағы органикалық қосылыстардың энергияны босатып, шығара отырып ыдырауы мен тотығуын, ал босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдалануын айтады.

Организмнің дамуы, өсуі, т. б. метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады. Мысалы, диабет, семіздік, бүйрекке тас байлану, атеросклероз. . Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады.

Slide 8

Көмірсулар

Көмірсулар организмге, негізінен, өсімдіктекті тағамдармен, сондай-ақ аз мөлшерде жануартекті тағаммен түседі. Олар дене массасының 1-2%-ын құрайды.

Көмірсулар адам организмінде глюкозаға дейін ыдырайды. Глюкоза қанға түседі де, бүкіл организмге тасымалданады. Глюкозаның бір бөлігі бауырда, бұлшық етте, қорға жиналады.

Қандағы глюкоза мөлшері 0, 08-0, 12%-дан аспайды. Қанда глюкоза мөлшері төмендегенде, мысалы, дене жұмысы кезінде гликоген бауырда глюкозаға дейін ыдырайды да, қанға түседі.

Бұл ұйқыбезден бөлінетін инсулин және глюкагон гормондарымен реттеледі. Көмірсулар организмде, нәруыздар мен майлардың ыдырау өнімдерінен синтезделеді. 1 г көмірсу ыдырағанда, 17, 6 кДж энергия бөлінеді.

Slide 9

Көмірсулардың жіктелуі

Моносахаридтер

Қарапайым қанттар, көмірсулардың негізгі тобы. Ең көп тарағандары-глюкоза, галактоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза

Дисахаридтер

Құрамында екі моносахарид

қалдығы бар көмірсулар.

Ең көп тарағандары: сахароза, лактоза, мальтоза

Полисахаридтер

Молекуласында байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Ең көп тарағандары:крахмал, гликоген, пектинді заттар, клетчатка

Slide 10

Г л ю к о з а - жеміс- жидектердің құрамында көп кездеседі және ағзада дисахаридтер мен крахмалдың ыдырауынан пайда болады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Глюкоза ағзада гликогеннің тез және оңай пайда болуы үшін қолданылады, мидың ұлпаларының қоректенуіне, бұлшық еттердің қоректенуіне, оның ішінде жүрек етінің, қанның құрамында канттың нормада болуына және бауырда гликогеннің қорының жиналуына әсерін тигізеді.

Сүт қышқылды ашуы

A. M. Бутлеров (1861 ж. ) формальдегидтен синтездеді

С6Н12O6 → 2С2Н5ОН + 2СO2

Спирттік ашуы

Тотығуы

С6Н12O6 + 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q

Г л ю к о з а

Slide 11

Галактоза

Галактоза - бос күйінде тағамдар құрамында кездеспейді. Галактоза негізгі көмірсу лактоза (сүт қанты) ыдырағанда пайда болады. Тотығу кезінде галактон, галактурон және шырышты қышқылдар түзеді. L-галактоза қызыл балдырлар полисахаридтерінің құрамына кіреді. D-галактоза табиғатта кеңінен таралған, олигосахаридтердің (мелибиоздар, рафиноздар, стахиоздар), кейбір гликозидтердің, жануарлар мен адам организмінде және т. б. құрамына кіреді. Гликолизге уридиндифосфат-в-глюкозо-4-эпимеразаның қатысуымен қосылып, глюкозо-1-фосфатқа айналады, ол сіңіріледі. Адамда бұл ферменттің тұқым қуалайтын болмауы лактозадан D-галактозаны кәдеге жарату қабілетсіздігіне әкеледі және ауыр ауру - галактоземияны тудырады.

Slide 12

Сахароза

Сахароза ( тәтті, шекер) - глюкоза мен фруктозадан тұратын дисахарид, оның формуласы - C12H22O11. Сахароза ішекке түсіп, аш ішектің альфа-глюкозидазасы глюкоза мен фруктозаға тез гидролизденеді, содан кейін қанға сіңеді. Альфа-глюкозидазаның тежегіштері сахарозаның ыдырауы мен сіңірілуін, сондай-ақ альфа-глюкозидазамен гидролизденетін басқа да көмірсуларды, атап айтқанда крахмалды тежейді. Сахарозаның бір қатар теріс қасиеті бар. Оны көп мөлшерде қолдану адамның тәуліктік рационының калориясын көбейтеді. Мына тағамдар сахароза көзі болып саналады: қант қызылшасы, қант құрағы. Қант қызылшасы құрамындағы сахароза мөлшері 14-18%, ал қантқұрағында 10-15%. Сахарозаның табиғи көзі болып бақша өнімдері, банан, шабдалы, өрік, сәбіз, қара өрік саналады.

Сахароза гидролизі

C12H22O11+H2O=C6H12O6+C6H12O6

Slide 13

Лактоза

Лактоза (лат. lac "сүт") С12Н2O11- сүт және сүт өнімдерінде болады. Лактоза глюкоза мен галактоза молекулаларының қалдықтарынан тұрады. Лактозаны кейде сүт қанты деп атайды. . Лактозаның гидролизі ішекте өте жай жүретіндіктен, ішектегі ашу процесін төмендетеді. Ішекте сүтқышқыл бактерияларының дамуына әсер етіп, шіріткіш бактериялардың дамуын тежейді. Лактозаны әсіресе жасы үлкен адамдар мен жас балалардың тағамының құрамына қолданған жөн. Жануарлар сүтінде лактозаның мөлшері 4-6 % -ды құрайды. Жаңа өсіп келе жатқан ми қабаттарының жұмысына көп энергия керек, ал ана сүтінде 7 пайызға дейін лактоза болады.

Slide 14

Мальтоза

Мальтоза - екі глюкоза қалдығынан құралған табиғи дисахарид; С12Н22О11. Ол крахмалдың құрылымдық фрагменті. Бос күйінде көптеген өсімдіктерде, әсіресе өнген арпа құрамында кездеседі. Дәмі тәтті. Мальтозаны синтетикалық жолмен D-глюкозадан және крахмалға амилазамен әсер ету арқылы алады. . Мальтоза адам ағзасына оңай сіңеді. Мальтозаның глюкозаның екі қалдығына дейін ыдырауы a-глюкозидазаның немесе мальтаза ферментінің жануарлардың және адамның асқорыту шырындарында болады. Адам ішегінің шырышты қабығында осы ферменттің болмауы мальтозаның туа біткен көтере алмаушылығына, тағамға мальтаза ферментінің қосылуын талап ететін ауыр ауруға әкеледі

Slide 15 Slide 16

Крахмал


Ұқсас жұмыстар
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Ешкі сүті және ешкі сүтінің тағамдық құндылығы
Ерекшеліктеріне байланысты қылтамырлардың бөлінуі
Гидросфера - биосфераның элементі және жоғарғы сатысы ретінде
Қан туралы жалпы түсінік
Тироксин - зат алмасу реакциясын реттейтін гормон түрі
Бауырдың потологиялық физиологиясы
СТЕРОИДТЫ ГОРМОНДАРДЫҢ СИНТЕЗІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ. МЕНСТРУАЛЬДЫ ФАЗАЛАР БОЙЫНША ЭСТРОГЕНДЕР МЕН ПРОГЕСТЕРОНДАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Дәрілік өсімдік шикізаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz