ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ
ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ОРЫНДАҒАН: Қожахмет А. Әліхан Ә.
ТОП: 132-ЖМ
ТЕКСЕРГЕН: ИБРАЕВА С. С.
2019 жыл


Орталық жүйке жүйесінің функциясын зерттеу әдістері
ОЖЖ - жүйке клеткалардың немесе нейрондардың жиынтығы.
Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі. ОЖЖ жатады: бас ми және жұлын. Шеткі жүйесі- түйіндер мен жүйке талшықтары.
ОЖЖ маңызы:
Жеке организмнің сыртқы ортаға бейімделуін.
Организмнің қызметін үйлестіру, біріктіру.
Организмнің бағытталған іс-әрекетін қалыптастыру.
Түскен тітіркендірулерді талдауын, қорытуын өткізу
Эфференттік импульстарды қалыптастыру.
Организм жүйелерінің тонусын қамтамасыз ету.
Рефлекстік және өткізгіштік

Жүйке жүйесі (ОЖЖ) қызметін зерттеу әдістері:
1. Экспериментальдық:
1) Экстирпация, миды түрлі деңгейде кесу(айыру әдісі) ;
2) Модель жасау әдісі;
3) Стереотаксикалық әдіс;
4) Потенциалдарды қоздыру (тудыру) әдісі;
5) Шарты рефлекстер әдісі;
6) Биохимиялық әдістер.
2. Клиникалық :
1) Электроэнцефалография (ЭЭГ) ;
2) Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) ;
3) Магнитті резонастық томография (МРТ) ;
4) Позитонды эмисоналдық томографиясы (ПЭТ) ;
5) Эхоэнцефалография;
6) Реоэнцефалография (РЭГ) .

Экстирпация
Экстирпация (толық немесе бөлшектеп алып тастау), айыру (миды әр түрлі деңгейде кесу) . Егер мидың екі жарты шарларын бөлсе, оны комиссуротомия дейді, ми қыртысы мен төменгі құрылымдарын айырса - лоботомия дейді. Бұндай әдіс кесуден төменгі бөлімдердің қызметін қызметін және алынып тасталған жоғарғы орталықтардың функциялық мағынасын түсінуге мүмкіндік береді.

Модель жасау әдісі
Модель жасау әдісі (физикалық, математикалық, концентуальдық) . Қолдан жасалған механизмдердің қызметі мидың кейбір қызметтеріне ұқсас болады.
Рефлекс уақытын анықтау аппараты
Жасанды (интеллект) Олар көбіне компьютерлік механизмдер.

Стереотаксикалық әдіс
Стереотаксикалық әдіс. Стереотаксикалық аспап арқылы мидың түрлі терең құрылымдарына электродтарды фронтальды, сагитальды, вертикальды бағытта енгізуге мүмкіндік береді. Стереотаксис атластарын қолданып, микроэлектрод арқылы мидың құрылымдарын тітіркендіруге болады.

Потенциалдарды қоздыру әдісі
Потенциалдарды қоздыру әдісі. Әдістің негізі рецепторларды немесе афферентті жолдарды тітіркендіргенде мидың электрлік белсенділігі өзгереді. Клиникада потенциалдарды көру, есту немесе басқа сезгіш рецепторлық тітіркендіргіштерді қабылдайды. Көбінесе потенциалдарды қоздыруды жазғанда қабылдайды. Потенциалдар үстіңгі бөлімдерінен де, терең бөлімдеріненде тіркеуге болады. Қоздырғыш потенциалдары ЭЭГ толқындары төмен болады. Бұл әдіс мидың сезгіштік қызметтерін объективті түрде зерттеуге арналған. Мыс: кейбір патологиялық жағдайда (ісік п. б. ) потенциалдар биіктігі, формасы өзгереді.

Әдістер
Шартты рефлекстер қалыптастыру әдісі. Бұл әдіс жоғары жүйке жүйесі қызметін зерттейтін негізгі әдіс болып табылады. Яғни мінез-құлықты тексерудің негізгі әдісі болып табылады. Оны И. П. Павлов ұсынған. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде жасалады. Мысалы: сілекей бөлу шартсыз рефлекстердің негізінде шартты рефлекс жасалады.
Биохимиялық әдістер. Мидағы үрдістердің көбі макромолекулярлы заттар, физиологялық белсенді заттар арқылы іске асады. Бәрімізге мәлім нейрондар арасында синапстар болуы. Мидың құрылымдарында көптеген қоздырушы, медиаторлар ашылған(дофамин, серотонин, γ-амино май қышқылы, глицин) . Мысалы зерде теорияларын алсақ оның ішінде биохимиялық теория бар(рибонуклеин қышқылы, белок) . Соңғы кездерде миға эндорфин, энкефалин заттар әсері зерттелген. Олар адамның мінезқұлқына көп әсер тигізеді(күлкі кезінде көп бөлінеді) . Биохимиялық әдіс - ми қызметі кезінде түзелетін биологиялық активті заттарды тіркеу. Қан және ликвордағы заттарды тіркеу.

Электоэнцефалография әдісі
Электоэнцефалография әдісі. Мидағы жинақталған электрлік потенциалдарды тіркеу. Мидағы көптеген нейрондардың активтілігін тіркеу(яғни олардың әрекет потенциалдарынан пайда болады) . Әдістемесі: Басмқа бірнеше электрод бекітеді. Биполярлы - униполярлы әдіс. Ми потенциалдары күшейіп, тіркеледі. Электроэнцефалограмма жазылады. ЭЭГ 4 негізгі ырғағы болады: α, β, δ ритм. ЭЭГ мидың көптеген патологиялық жағдайын анықтауға анықталады. Мысалы эпилепсия ауруын, сіреспе қозғалыс (судорги), мидағы қан айналымының бұзылуын көрсетеді. Сол кезде ЭЭГ-да патологиялық толқындар пайда болады.

Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) .
Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) . КТ-рентген сәулелерін қолдана мидың ішкі құрылысы, ми сауытының сүйегі, бастың басқа да тіндерін зерттеледі. КТ арқылы мидың жұқа кесінділері жасалып, математикалық модель түрінде мидың ішкі құрылысының суреттері жасалады. Компьютерлік томография пациент денесін айналып тұратын рентген аппарат. Аппарат денені әр түрлі бұрыштан түсіріп, математикалық ккомпьютерлік өңдеуден өткізіп үш өлшемді мидың моделін жасап көрсетеді.

Магнитты резонансты томография (МРТ)
Магнитты резонансты томография (МРТ) Қазіргі кездегі ми құрылысын зерттеуге арналған ең көрненті, объективті әдіс. Бұл әдісте рентген сәулелері қолданбайды, бұнда сутек атомдарының магнитты резонансы қолданылады. МРТ- да организмге ешқандай сәулелердің әсері болмайды (тек кардиостимуляторы бар адамға істеу болмайды) . МРТ арқылы мидың құрылысын зерттеу үшін пациентті күшті магниттік өріс ішіне орналастырады. Адам денесіндегі сутек атомдары магнитті өріске параллельді бағытта сапқа тұрғандай орналасады. Сол кезде аппарат негізгі магнитті өріске перпендикулярлы электромагнит сигналдарын жібереді. Сутек атомдары қозып, жауап ретінде өз сигналдарын жібереді. Сигналдарды аппарат қабылдайды. Әр түрлі тіндерде сутек атомдарының саны әр түрлі, сондықтан олардың жауаптары әртүрлі болады. МРТ - оларды танып, жіктеп, әр түрлі суреттер құрастырады. МРТ кеңінен неврологияда, нейрохирургияда қолданады. Ми ісіктерін, тұқым қуалайтын кемшіліктерді, мидағы қабыну процестерді, шашыраңқы таралған склероз ауруларын және басқаны анықтайды.


Позитрондық эмиссиондық томография
Позитрондық эмиссиондық томография. Мидың құрылысын, мидағы патологиялық үрдістерді изотоптар арқылы зерттеу. Қан айналымына белгілі элементтердін изотоптары (О 15, Т13, F18) дезоксиглюкоза мен бірге енеді. Мидың қай учаскесі белсенділігі жоғары болса, соған радиоактивлігі глюкоза көбірек сіңген болады. Яғни сол бөлімінен келтін радиоактивті сәулелер де көп болады. Детектор сол сәулелерді қабылдап компьпютер арқылы ми сүйектің кесінділерін жасайды. Ми бөлімдерінің метаболиттік белсенділігіне байланысты изотоптардың орналасуы әртүрлі болады.

Эхоэнцефалография
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz