Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар




Презентация қосу
«Астана Медицина Университеті» АҚ

Пациентке бағдарланған оқыту кафедрасы

сөж
Тақырыбы:Оқыту барысында
медициналық қызметкерлерге
қойылатын талаптар
Орындаған:Көптілеуова
Ақкөркем, Жұмаш Индира
Факультет:Жалпы медицина
Топ:106
Тексерген:Шәкей Жанаргүл
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
Медициналық талаптардың принциптері
Медициналық қызметкерлердің психологиялық қасиеттер
Дәрігерлік деонтология
Дәрігерлік құпия
Медициналық этика
Медициналық этика құрамдас бөлігі
Медициналық этиканың негізгі бағыттары
Дәрігер мен науқас
Дәрігер мен қоғам
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі біздің өмірде денсаулық сақтау саласы
қызметкерімен кездеспеген адамды табу мүмкін емес болар.
Жоқ дегенде біз олармен алғаш өмірге келген сəтімізде
кездессек, кейін жан тапсырар сəтімізде де қашанда біздің
жанымыздан табылатын солар, науқастанбағанның өзінде
адам баласы қашанда олармен кездеседі, мəcелен, жұмысқа
тұрсақ та, оқу оқысақ та денсаулық жағдайын анықтайтын
ақпараттарды солардан аламыз.
Дəрігерді қашанда Алланың таңдаулысы деп біліп, өзге
мамандықтардан анағұрлым жоғары тұратын тұлға ретінде
қарастырған. Көне үнді кітаптарының бірі «Аюрведа» да (аюр
— өмір, веда — білім) дəрігер науқасқа — əке, жазылушыға —
қорғаушы, ал дені сауға дос болуы керек айтылған.

Дəрігер — үлкен қайырымды жүректің иесі, оның
темпераментті салмақты, шыншыл мінезді, өзіне аса сенімді
жəне ақылды, үнемі жақсылық жасауға асығушы тұлға
болуы керек.
Медициналық қызметкерлерге
қойылатын талаптар
Медицина қызметкерлерінің науқаспен жақсы тіл табыса
алуы болашақ ем-шараны жүргізуге оңынан ықпалын
тигізеді.
Қарым қатынас орнау үшін, ең бастысы науқастыңдәрігерге
деген сенімін қалыптастыру. Оған дәрігердің өзін-өзі ұстауы,
киген таза киімі, яғни қалпақ, халаттың үтіктеулі болуы,
жаққан далабы қатты көзге түспейтін өткір болмауы ,
жүрген жүріс-тұрысы бәрі де науқаспен арасындағы
контактіге әсерін тигізеді.
Медициналық қызметкерлер науқасты барлық артық
кемшіліктерімен қабылдау керек. Оның ойы мен қалауын
сыйлау керек. Науқастың адамгершілік қасиетін таптамау
керек. Шындық қаншалықты ащы болса да оны науқасқа
жаймен жеткізу керек. Науқасың дәрігерге деп сенілген
ақпаратты таратпау.
Медициналық талаптың
принциптері
Қазіргі кезде медициналық талаптың принцптері биомедициналық
этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке
тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде
беріледі:
1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян
келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді.
Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-
377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.
2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау»,
орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің
барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен контактісі болып
табылады.
3. Деонтологилық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж
құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау».
4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі
қызметкерлердің
психологиялық қасиеттер
Коммуникативтік біліктілік астарында тұлғаның психологиялықсипаттамасы
жатыр, бұл арқылы адам белгілі бір әлеуметтік топқа кіредә, қоршаған ортамен
эмоционалды қарым қатынасқа түсіп, басқа адамдармен бірге бола алады.
Бұл психологиялық қасиет- аффиляция деп аталады, яғни басқа адамдармен
бірге болуға, қосылуға ұмтылу қажеттілігі.Іштей аффиляция бауыр басу,
адалдық сезімдер арқылы, сырттай аффиляция ашықтық, басқа ададармен үнемі
бірге болу арқылы көрініс табады.
Ұзақтылығымен, қарым қатынасқа түсетін адамдардың алуан түрлілігімен
ерекшеленетін дәрігер жұмысына аффиляция:
-науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
-оларға көмектесуге ұмтылдырады;
-кәсіби деформациядан, немқұрайлылықпен ресмиліктен қорғайды;
-науқасқа жеке дене деп қараудан сақтайды.
Дәрігерлік деонтология

Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз
ұғымдарында өзінше түсінік қалыптаскан.
Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып,
шипа дарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс
әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір
қасиеттер иеленеді. Медицинаға да әлеуметтік-саяси
кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік ахлаки және
адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан бері
дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша
адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір
медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті
адамгершілік талаптар мен ахлақи жосындардың тұтас бір
жиынтығы калыптасқан.
IX ғасырда медицинаның деонтологиялық мәселелеріне Ресейде де үлкен
маңыз беріліп, алдыңғы қатарлы орыс дәрігерлері /М.Я.Мудров,
Н.И.Пирогов, С.П.Боткин т.б./ өз еңбектерінде дәрігерлік тәжірибенің
моральдық-этикалық жақтарына, дәрігердің қоғам алдындағы, мұқтаж ауру
кісі алдындағы борышы туралы өте бағалы пікірлер айтты. 1917 жылғы
қазан төңкерісіне дейін медициналық жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан
дәрігерлер «Факультеттік уәде» /факультетское обещание/ қабылдап, оның
өз тәжірибесінде мұқият сақталуын қамтамасыз етіп отырды.

1917 жылы Ресей Империясында болған төңкеріс, соның нәтижесінде
өмірге келген Кеңестер Одағы және онда үстемдік еткен Коммунистік
идеология медицинаның деон-тологиялық мәселелерінің дамуына үлкен
әсер етті. Медици-наның бұл тұстағы моральдық, этикалық,
деонтологиялық мәселелерінің даму барысы-оған Советтік мемлекеттік
құры-лыстың, коммунистік идеологияның тигізген әсерлері, әзірге жабулы,
зерттеусіз мәселелер. Бұндай зерттеулер — алдағы уақыт үлесі, келешек
моралист зерттеушілердің азаматтық борышы.
Дәрігерлік құпия
1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың
денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы
ақпарат пен оны зерттеп-қарау немесе емдеу кезінде
алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген
жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де
міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпия-ны құрайтын
мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне
жол берілмейді.
3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациент-тің
немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті
зерттепқарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-
зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту проце-сінде
және өзге де мақсаттарға пайда лану үшін басқа жеке және
Медициналық этика
Медициналық этика ( лат. еthica, грек тілінен алғанда
ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық
деонтология ( грек deon- парыз; термин «деонтология»
соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен
қолданылуда), - медицина қызметкерлерінің өз кәсіби
міндеттерін орындау барысындағы қағидалар мен
этикалық нормалар жиынтығы.

Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні
туралы ілім. Медициналық этика - медицина
қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс
табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен
қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық
нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып,
дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен
өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын
Ертедегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай
қолжазбаларында дәрігерлер, олар-дың жұмыстары
және оларға қойылатын талаптар жөнінде мәліметтер
кездеседі, Осы тұрғыда медицинаның моральдық —
этикалық жақтарын зерттеушілердің көпшілігі жаңа
дәуірге дейінгі V — IV ғасырлар шамасындағы Үнді
халық эпосы «Аюр-Веды»-ны мысалға келтіреді /С.С.
Юдин, 1967, И.А. Кассирский, 1970, Э.П. Чеботарева,
1970, Б.В. Петровский, 1988 т.б./. Осы ерте ғасырлар
куәсінде сол түстағы қауымның дәрігерлер жөніндегі
көзқарасы берілген. Дәрігерлердің негізгі рухани,
адамгершілк қасиеттері ретінде өзгеге жаңашырлық,
тілектестік, төзімділік, ұстамдылық сияқты сипаттар
көрсе-тілген. Дәрігерлердің ең басты міндеті ауру
адамның өмірден үмітін үзбеу, сұрқостан айығып
кететіне күмәнсіз сендіру деп көрсетілген. Бұлай
болуы заңды да.
Медициналық этика
құрамдас бөлігі

Медициналық этиканың
құрамдас бѳлігі деонтология
болып табылады. Бұл жаңа
ғылым саласы XIX ғасырдың
басында пайда болды (грекше
dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым,
ілім). Деонтология термині
қолданысқа енгеніне аса кѳп
болтан жоқ: өткен ғасырдың
басында ағылшын философы И.
Бентам оны адамның кәсіби
мінез-құлқы туралы ғылымның
атауы ретінде ауызға алған.
Медициналық этиканың қазіргі
заманғы ережесі
➢• Стационарда және бөлімде жұмыс тәртіпті болу керек. Субординацияны, яғни кіші
медицина қызметкерінің жоғарғы медицина қызметкеріне деген қатынасын сақтау
керек.

➢Медицина қызметкері науқасқа деген қатынасы тұрақты болу қажет
➢Дәрігер жоғарғы білікті маман болуы қажет.
➢Науқастың қатысуымен басқа медицина қызметкерлердің қателіктерін айтпауы тиіс.
➢Дәрігер диагнозды, емдік шаралардың көрсеткіші мен қарсы көрсеткіштерін ескере
отырып, қажетті операция жасалуын басқа дәрігермен кеңесе отырып іске асыруы
қажет.

➢• Орта және кіші медицина қызметкерлерімен қарым қатынас жақсы болуы қажет.
➢Дәрігер тактикасын науқастың мінезіне, оның мәдениет деңгейіне, ауру сатысына,
психика ерекшелігіне қарай жүргізілуі тиіс.
➢Дәрігер науқастың туыстарымен баязы болуы керек, дәрігерлік құпияны сақтауы тиіс.
Егер де аурудың асқынған түрлері болғанда жақын туыстарымен ашық әңгімелесуіне
Қазіргі заманғытүсінік бойынша
медициналыұ этикаға келесі аспектілер
кіреді:

ҒЫЛЫМИ-Медицина қызметкерлерінің
жұмысының этикалық және адамгершілік
аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым
тарауы.
ПРАКТИКАЛЫҚ-Кәсіби медициналық қызмет
барысында этикалық нормалар мен
ережелердіқалыптастыру және қолдану міндеті
болып табылатын медициналық практикасының
саласы
Ятрогенді ауру медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен
пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс
түсіндірген сөзінен немес мінез құлқынан шығады. Кіші
мейірбике немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа
зерртеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да
кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны
жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап,
науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу
керек.
Ятрогенді аурулардың
себептеріне:
Жалпы және медициналық мәдениетінің
жетіспейтіндігі;
Асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау;
Зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады;
Кез-келген ауру жағдайында мейірбике науқастың
психасын бұзбауға тиіс;
Дәрігер мен науқас
Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен
науқастын өзара қарым-қатынасының
моральді-этикалық мәселелері
деонтологияның маңызды тармағы болып
табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы
әсердің жағымды, не жағымсыз болуы
медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс
тәртібі мен жай-ахуалға байланысты
қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен
ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып
келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.
Дәрігер және қоғам
Медициналық деонтология медицина
қызметкерлері қызметінің моральді-
этикалық негіздерін, олардың рухани және
жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын,
қоғам мен халық алдындағы
жауапкершіліктерін, науқастармен,
олардың туыстарымен, әріптестерімен
өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Буған
дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу,
науқастардың тілек талаптарын мейлінше
қанағаттандыру мақсатымен емдеу,
аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін
ұйымдастыру мәселелері жатады.
Қорытынды
Жалпы этика дегеніміз менің ойымша адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні
туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде
кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына
байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің
науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын
қарастырады.
Медициналық деонтология медицина қызмет-керлері қызметінің моральді-этикалық
негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық
алдындағы жауап-кершіліктерін, науқастармен, олардың туыстары-мен, әріптестерімен өзара
қарым-қатыстарын қамти-ды. Бұған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқас-тардың тілек
талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын алу мекеме-лерінің
қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігер шеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер
қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі»
деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс.
Дәрігерлік этикамен деонтология түсінігі әрқилы. Ол пациент пен дәрігер арасындағы кері
байланыс.Сонымен қатар науқас пен қоғамның, туыстарының арасындағы
контрапункт.Медициналық қызметкерлердің өзінің алдындағы, кәсібінің алдындағы және
науқастың алдындағы адалдығы әрқашан өзән алдыға итермелейтін, сенімді өылатын өасиет.

Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіз аурухана ортасы
Қызметкерлерге қойылатын GMP талаптары
Аспазшының жеке қорғаныс құралдары
Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Сақтандыру брокеріне қойылатын талаптар
Қазақстандағы ветеринария мәселелерін заң жүзінде реттеудің негіздері
Хирургиядағы деонтология
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалау
Балалардың жасына байланысты ойыншықтар
Пәндер