ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ ЖАҢА ЗАМАН
Презентация қосу
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ
ЖАҢА ЗАМАН
ФИЛОСОФИЯСЫ
Есқара Нұрсұлтан АҚЖ-21
Қайта өрлеу бір замандағы, яғни б. з. д. V ғ. шарықтаған грек
философиясының, мəдениетінің, өнерінің, əдебиетінің 1500 жыл бойы
қыспақта болып, енді жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді«Ренессанс» –
«Қайта өркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу.Қайта
өркендеу деп ─ Батыс пен Орталық Еуропадағы мəдениеттің XIV-XVI ғғ.
даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылдар шіркеу догмалары мен Орта
ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тəуелді екендігі туралы
түсінікке күмəн келтіреді. Адамды əлем мəселелерінің ортасына қойып,
олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс-əрекеттерінің де мəнін жоғары
көтерді.Қайта өрлеу дəуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы
болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген,
рух, жігер туғызатын Космосты, орта ғасырда Құдайды, Қайта өрлеу
дəуірінде адамды қойды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі–
антропоцентризм. Енді зерттеудің орталық мəселесі – Құдай емес,адам
болды. Адамның əлемдегі орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да
Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас
Мор, Мишель де Монтень секілді ойшылдарды толғандырды. Адам мен
оның тағдырына, шығармашылық
бастамасына тұрақты көңіл аударғаны үшін, оларды «гуманистер» деп
атады. Гуманизм қайта өркендеу дəуірінде дін мен феодализм
құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен
əлеуметтік қозғалыс.
«гуманизм» терминін
(латынның humanitas ─ адамшылық)
белгілі Римнің саяси қайраткері,
Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды.
Оның ойынша humanitos –
адамның тəрбиесі жəне білімі, оның
жоғарғы дəрежеге жетуіне
мүмкіндік туғызады. Адамның рухани
табиғатының жетілуінде негізгі
рөл грамматика, риторика, поэзия,
тарих, этика пəндеріне беріледі.
Атап айтқанда, ренессанс
мəдениетінің теориялық негізі ─ осы
пəндер. оларды studia humanitas
(гуманитарлық пəндер) деп атады.
Гуманизмнің негізін қалаушы – ақын,
философ Франческо Петрарка (1304-1374
жж.). Өз шығармаларында католик
шіркеуінің
рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды,
адамдардың бостандығы туралы идеяны
қозғады. Петрарка антикалық мұраны
бағалауда жаңа тəсіл қолданды. Ол əдебиет,
өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін,
негізін қалаушылардың ойына еліктеуден
гөрі, антикалық мəдениеттің жоғарғы
сатысына ұмтылуды, сонымен бірге қайта
ой толғай отырып кей жағдайда одан басым
болуға шақырды. Петрарка салған жолда
антикалық мұра, гуманизмнің жетекшісі
болды. Қайта өрлеу ─
дəуірдің басты субъектісі ретінде адамды
қойды.
Джованни Пико Дела Мирандолла
(1463-1494 жж.). Шіркеу
қағидаларына қарамай, ол адамды
құдай өзіне ұқсас етіп
жаратпаған,
адам өзін-өзі жасаған деді. Адам
бойындағы ізгі қасиеттерді биік
дəрежеге көтеру, абыройын қорғау
─ əр адам алдына қойылған
мақсат,
ол оның ғана жетістігі мен
бақыты болып есептеледі.
Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.)
Қайта өрлеу дəуіріндегі
əлеуметтік- философиялық ойлау өкілі,
орта ғасырлардағы Құдайдың
бəрін алдын ала болжау концепциясын
«фортуна» (кез, бақыт) Идеясымен
ауыстырды. Адамды қажеттілікке
байланысты
əрекеттенуге, пайда болған жаңа
жағдаймен санасуға шақырды.
Тағдыр адамды жартылай
билейтіндіктен, қалыптасқан
жағдаймен күресу керек дейді ол.
Фортунамен бірге ол тарихтың
қозғаушы күші ретінде Виртун (virtu) –
адамның жігерлігін, іскерлігін талантын
іске асыру терминін енгізді.
Жалпы алғанда, қайта өрлеу
философиясында гуманистік
дəстүр, тек қана антикалық мұрамен
емес, рухани жəне христиандықпен
де көп байланысты болды. Феодалдық
қоғам ішінде
өндіріс пен ғылымды дамытуға
мүдделі болған күштер пайда бола Жаңа құндылықтар жүйесі пайда
бастады. Бұл жаңа туып келе болды, алғашқы болып адам
жатқан буржуазия еді, олар жəне табиғат, одан кейін ғана дін
феодалдық жəне оның мəселелері тұратын
тəртіптерге, дін іліміне жəне болды. Бұл дəуірдің тағы бір
схоластикалық философияға қарсы ерекшелігі – ренессанстық мəдениет
шықты. Шіркеудің зорлық пен философияның дінді ғылымнан,
зомбылықтарына қарсы батыл күрес, саясаттан, моральдан бөлуі
əсіресе XV-XVII ғасырларда, Қайта (секуляризациялануы) болды.
өрлеу дəуірінде күшейе түсті. Секуляризация – қоғамның, адамның
дін ықпалынан арылуы, шіркеу
меншігінің мемлекеттік меншікке
ауысуы.
Ол əлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым
зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады əрі адамның бұл
қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан,
бірақ дүние шексіз, материалды жəне қарама-қарсылық арқылы қозғалады.
Адамды Н. Кузанский аса жоғары сатыға қояды.Сонымен бірге Құдайдың
адамға қатысы барлық құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп
есептейді. Құдай – əлемнің ортасы жəне оның шегі. Ол бүтін, ал дүние əлемі
– оның бір бөлігі. Дүние əлемі Құдайда жиналады жəне Құдай оны əлемге
айналу барысында күшейтеді. Ақиқат ─ барлық кезде таным процесі,
Құдайға жету. Дүниенің бəрін, адамды да құдай жаратты, бірақ Кузанский
пантеистік пікірді дамыта отырып, Жаратушының өзін табиғат деп,
Құдайды аспаннан жерге түсірді, шын мəнінде Жаратушының рөлін жоққа
шығарды.
Николай Коперник (1473-1543 жж.)
поляк астрономы, əлемнің
гелиоцентрлік жүйесін жасаушы.
Негізгі еңбегі – «Аспан денелерінің
айналуы туралы». Схоластар жəне
шіркеу өкілдерінің орта ғасырлық
дəстүріндегі Аристотель –
Птолемейдің геоцентристік
теориясына қарсы шықты. Жердің
күнді айналуы жəне жердің бір тəулік
ішінде өз кіндігін айналып шығуы
туралы теориясын ежелгі грек ғалымы,
Аристрах Самоскийдің пікіріне сүйеніп
ұсынды.
– Жер əлемнің орталығы емес. Күн жерге қарағанда ортада тұр,
Жер Күнді айналады;
– Барлық ғарыштық денелер өзінің траекториясы бойынша
жылжиды. Ғарыш шексіз;
– Ғарыштағы процестер, табиғи көзқарас бойынша түсінікті, «қасиеті»
қағидалар мəтінінде түсініксіз.
XVII ғасырда материализмнің жаңа отаны,
Англия болды. Бұл буржуазиялық революция
жасаған алғашқы елдердің бірі еді. Жаңа заман
материализмінің негізін салушы, схоластикаға
қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Ол
Жаңа Заман материализмі мен
тəжірибелік ғылымының негізін қалаушы, «білім
– күш, күш –білімде» деген қағиданы
насихаттады. Оның еңбектері: «Ғылымдар
табысы;», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».
Ф. Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында дүниеге
келді. 20 жыл бойы оның əкесі мөр сақтаушы болып, өмірінің
соңына
дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Шешесі Анна Кук
өте білімді болған, ежелгі грек, латын тілдерін, теология жəне
өнерді терең білген. Ағылшын тіліне бірнеше діни шығармаларды
аударды.
Бэконның өзі 1573 жылы Кембридж колледжін бітірді. Лорд -
канцлер
дəрежесіне жетті. Ол Аристотель, Платон, Софокл, Эврипид, т.б.
ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады.
Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған
пікірдің əр түрлерінен, идолдардан елестерден құтылуды ұсынды.
Ол
елестердің 4 түрін көрсетті:
1. «Тектік» елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы
мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады.
2.«Үңгір» елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік
қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты.
3.«Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес не дəл
емес сөздердің нəтижесінде туады.
4.«Театр» елестері беделге, соның ішінде дəстүрлі философиялық
жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.
Елестерді жоюдың негізгі құралы ─тəжірибеге
жүгіну жəне нақты деректерді ғылыми əдіспен талдау
дейді. Мұндай бағыты – эмпиризм деп атайды. Ақиқат
əдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық
(əдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты
бейнелер арқылы көрсету), əсіресе мысалдарда, ертегілерде
көп қолданылатын əдіс-тəсілдермен шешеді. Оның
пікірінше, танудың үш жолы бар: өрмекші, құмырсқа
жəне ара жолдары.
Декарттың көзқарасы бойынша философияның
«негізгі мəселесінің» шешілуіне байланысты не
бірінші – материя немесе сана деген пікір таласының
жөні жоқ. Олар əр уақытта бірге өмір сүреді жəне
біртұтас болмыстың əртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік
ілім. Дуализм– дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын
тепе-тең екі нəрседен – Рух пен материядан
басталады деп, материализм мен идеализмді
үйлестіруге тырысатын ағым.
Бенедикт Барух,(1632-1677 жж.) Спиноза
ауқатты еврей бастаманы – ойлау мен ұзындық
отбасында, Амстердам қаласында дүниеге ілімін алды. Декарттан Спинозаның
келді. Əкесі қаланың бай ерекшелігі ─ заттардың
судагері еді. Ол баласын діни училищеге табиғатында екі субстанцияның
берді, онда ол зеректігін жоқтығын
көрсетті. Декарттың шəкірті ретінде, көрсетуі.Спиноза философиясының
рационалистік бағытты ұстанды. түп негізгі – субстанция, оны
Ол өзінің философиясында одан көптеген Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды.
ұғымды, əсіресе екі
Субстанция, Құдай, Табиғат ─өзара
ауысып отыратын
түсінік.Субстанцияда екі атрибут
(қасиет)бар: ойлау жəне ұзындық.
Спиноза – монизмді жақтай отырып,
субстанцияның материялдық
сипатын көрсетеді. Дүниедегі заттар
-
табиғат модустары (түрлері).
Модустар дүниесі, субстанцияның
жай-күйі мен іс-əрекеттері
қозғалыста болады.
Жаңа Заман философиясында XVIII ғ.
ерекше орын алған бағыт, ағартушылық
кезең. Көрнекті өкілдері: Францияда – Ағартушылық кезеңдегі ойшылардың бəрін
Вольтер, Ж. Руссо, К. Гельвеций, Ж. қайта өрлеу дəуіріндегі
Ламетри, Д. Дидро, П. Гольбах Германияда адамның шексіз мүмкіндігіне сену, өмірді
– ақылға сүйеніп өзерту, жаңа
Лессинг, И. Гердер, Англияда – Д. Докк, Д. ғылым жетістігіне ұмтылу біріктіреді.
Толланд, Д. Юм. Ағартушылар шіркеуді, дін
ұстанымдарын сынап, абсолютизм мен
метафизикаға қарсы шықты.
Дін атаулының бəрі - надандықтың,
жоққа нанудың жəне қаталдықтың
ертедегі ескерткіші деді Гольбах. Олар
қоғам өмірінің барлық жағын
реформалаудың тиянақты концепциясын
қарастырып, қоғамдық
игілікке бағыттады. Олардың бар көңілі
белсенді əрекеттенуші адамға,
оның дүниені танып өзгертуіне, ақылға
сүйеніп, əлемнің қожасы болуына
арналды.
Француз ағартушыларының өкілі
Вольтер (1694-1778 жж.)
жазушы, философ жəне публицист.
Аса қатаң түрде шіркеуді сынады,
оны үстем таптың мүддесін
қорғаушы, ғылым мен білімнің жауы
деп санады. Ол əрекетсіз оптимизмге
күлді, еркін ойшылдыққа, өз бақыты
үшін күресетін іскер адам болуға
шақырды. Ол материяның мəңгілік
жəне таралмайтындығы, тəуелсіз
өмір сүретіні əрі мəңгі қоғалыста
болатыны, табиғи жəне қоғамдық
құбылыстардың себептілікке
бағынатындығын мойындады.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.)
феодалдық қоғамды қатаң
сынады, адам
теңдігін,демократияны,
азаматтық қоғам идеяларын
дамытты. Теңсіздікті
жекеменшіктен көрді, Гоббстың
табиғи жағдайда
«бəрінің барлығымен күресін» сынап,
ол кезде керісінше бауырластық
пен үйлесімдік болғанын дəлелдейді.
Педагогика ғылымының теоретигі,
еңбек арқылы белсенді
азаматтарды тəрбиелеуге
шақырады.Оның «Қоғамдық келісім»
(1762), атты еңбегі бар.
Ағартушылық кезеңде француз
материалистері қоғамда ерекше
орын алады. Дени Дидро (1713-1784
жж.) материя мен қозғалыстың
бірлігін қуаттап, абсолюттік
тыныштықты қолдамады. Барлық
табиғат мəңгі қозғалыс пен дамуда
болады, «қозғалыс – материяның өмір
сүру тəсілі» деген идеяны қолдады. Ол
адамды сезгіштік пен ес дарыған құрал-
сайманға ұқсатады. Адам санасы барлық
материяға тəн бейнелеу қасиетінің
жоғарғы формасы деп, диалектикалық
болжам айтты.Агностицизмді сынап,
дүниенің танылатынын жақтады.
Француз материализмі метафизикалық
деңгейде қалғанымен, механистицизмнен
толық арылды деуге болады.
Ағартушылар ─ «адамның мінез-құлқы мен
қылықтарына қоғамдық орта мен тəрбиесі
жауапты» – деген өте прогресшіл қағида ұсынды.
Адамды қоғамдық орта қалыптастырады.
Осыдан ─ағартушылар адамды, оның мінез-
құлқын өзгерту үшін, ең алдымен ортаны өзгерту
керек деген революциялық қорытынды шығарды.
Ағартушылар философиясы XVIII ғасырда ең
прогресшіл философия болды. Ол қазіргі
замандағы табиғаттану ғылымы мен қоғамдық
ғылымның дамуына зор əсер етті.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz