Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасының алғашқы 18 кітабының таныстырылымы


Slide 1

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Есқара Нұрсұлтан АҚЖ-21

Slide 2

Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру рәсіміне қатысты

Іс-шарада Мемлекет басшысына рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық таныстырылды.

Slide 3

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

- Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды, - деді Қазақстан Президенті.

Slide 4

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

Slide 5

- Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті бұл шараның бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маңызды екенін айтып, оның бірқатар ерекшеліктерін атап өтті.

- Бүгінгі алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне түпнұсқадан аударылғанын айтты.

Slide 6

- Жаңа оқулықтар - эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады, - деді Қазақстан Президенті.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуметіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, - деді Мемлекет басшысы.

Slide 7

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді.

Біріншіден, 2018 жылға жоспарланған 30 кітаптың әрі қарай сапалы аударылуын және басылып шығуын қамтамасыз ету керек. Қаржыландыру уақтылы әрі толық бөлінуге тиіс. Келесі жылы аударылады деп жоспарланған оқулықтар өз уақытында іріктеліп, талдаудан өткізілуі керек.

Екіншіден, бұл оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу - маңызды міндеттердің бірі. Осы оқулықтар бойынша оқытылатын пәндер жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына енгізілуі қажет.

Үшіншіден, ғылыми тәжірибеде қолданылатын барлық терминдерді жүйелендіріп, гуманитарлық және экономикалық лексиканың жаңа түсіндірме сөздігін шығаруды тапсырамын

Slide 8

Төртіншіден, оқулықтар кәдімгі кітаптар сияқты басылып шығуы керек. Сонымен қатар онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Қазір дамыған елдерде виртуалды университеттер бар. «Қазақстанның ашық университеті» жан-жақты қолдау табуы керек. Ашық лекциялар видеотекаларының және солардың негізінде дайындалатын оқулықтардың сапасын қадағалауға ерекше назар аудару қажет.

Бесіншіден, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектептерін дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан аударма саласында тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдының жүйелі дамуын қамтамасыз ету керек, - деді Мемлекет басшысы.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі жаңа сөздердің жасалу жолдары мен аудару ерекшеліктері (2010-2020 жж.)
Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы: Рухани жаңғыру мен Мәңгілік Ел тұрғысынан ұлттық сананы қалыптастыру
Жаңа латыннегізді қазақ әліпбиі және емле ережелерінің ерекшеліктері
Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің 2021-2022 оқу жылы есебі: оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану және жетістіктер
Қазіргі білім беру кеңістігін рухани ізгілендірудің жаңа бағыттары
Қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану
Заманауи білім берудің мәні мен оқыту үдерісіндегі жаңа педагогикалық технологиялар
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары: ақпараттандыру, педагогикалық шарттар және қолдану тәжірибесі
Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері: жаңа туғанның алғашқы демі мен өкпе аурулары
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері: принциптері және нормативтік мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz