Бензол молекуласының құрылысы



А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті.
Тақырыбы:Дәрі-дәрмектер құрамындағы бензол қатарының гетерофункциалды туындылары
Қабылдаған: Берді. Д. Қ
Орындаған:Балтабек Т Есенаманов Н
Тобы: 141 СТК

Кіріспе:Дәрі-дәрмектер құрамындағы бензол қатарының гетерофункциалды туындылары
Негізгі бөлім:
Бензол
Бензол молекуласының құрылысы
Алынуы
Қасиеттері
Қолданылуы 6. Пайдаланылған әдебиеттер

Бензол
Бензол - оңай қайнайтын түссіз, сұйық зат, ол суда ерімейді және өзіне тән хош иісі бар. Салқындатқан кезде ол оңай қатайып, ақ түсті кристалды массаға айналады, оның балқу температурасы 5, 5°С. Бензолдың молекулалық формуласы С6Н6. Бұл формуладан бензолдың өте қанықпаған қосылыс екенін көреміз: қаныққан көмірсутектердің формуласына сәйкес келу үшін, бензол молекуласына 8 атом сутегі жетіспейді.

Бензол, С6Н6 - ароматты көмірсутек; түссіз, қауіпті, өзіне тән иісі бар, буланғыш сұйық зат, балқу t 5, 5°С, қайнау t 80, 1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді. Ол органикалық еріткіштерде (эфирлерде, спиртте, ацетонда, сірке қышқылында) ериді. Бензол полярлы емес қосылыстар үшін жақсы еріткіш болып табылады, майларды, резеңке, каучук, күкірт, йодты ерітуде қолданылады. Бензол ежелден бері келе жатқан органикалық қосылыс, бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл Фарадейашқан. бензолдың эмпирикалық формуласы - CH және "сутек бикарбуреті " деп те аталады. Кейіннен, Эйлхард Митчерлич бензой қышқылы мен әктасты қыздыру арқылы бензолды синтездеді. Ол бензолдың химиялық формуласы 6Н6 екендігін тапты.
С6H5COOH + CaO --> C6H6 + CaCO3
Фридрих Кекуле бензолдың молекуласы алтыбұрышты пішінді екенін тапты. Алты көміртек атомы бір-бірімен бір және қос байланыстар арқылы байланысады. Алты сутек атомдары сәйкесінше көміртек атомдарымен байланысады Химиялық қасиеттері 1. Галогендермен : C6H6 + Br2 -(FeBr3) -> C6H5Br + HBr 2. Азот қышқылымен: C6H6 + HNO3 --> C6H5-NO2 + H2O


Химиялық қасиеттері жөнінде бензол қаныққан көмірсутектер мен қанықпаған көмірсутектер аралығынан орын алады. Ол қаныққан көмірсутектерге де, қанықпаған көмірсутектерге де тән реакцияларға кіріседі, бірақ бұл кезде орын басу реакциясы бензолда қаныққан көмірсутектерге қарағанда оңайырақ жүреді, ал қосып алу реакциясы қанықпаған қосылыстармен салыстырғанда қиынырақ жүреді. Бензолдың электрондық құрылысының ерекшелігі оның қасиеттеріне осылайша әсер етеді.

Бензол структуралық құрылысын көрсететін біраз формулалар белгілі мысалы
Дьюар формуласы
Кекуле формуласы
Клаус формуласы

Бензол молекуласының құрылысы
Жалпы формуласы СnН2n -6 болғандықтан, бензолды өте қанықпаған қосылысқа жатқызуға болар еді. Бірақ бензол бромды сумен және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді, яғни қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларға түспейді. Осылай бензолдың құрамы мен қасиеттерінің арасында біздің түсінігімізше сәйкессіздік туады. Бензол буы мен сутек газының қоспасын катализаторы бар қыздырылған түтік арқылы өткізсе, бензолдың бір молекуласы сутектің үш молекуласын қосып алып, құрылысы бізге таныс циклогексан түзіледі екен:


Көмірсутектердің тағы бір түрі - ароматты көмірсутектер. Олардың алғаш ашылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, ароматты көмірсутектер деп аталды. Ароматты көмірсутектердің ең қарапайым және маңызды мүшесі - бензол С6Н6.


Алынуы
Бензолды таскөмір шайырынан, мұнайдан, көмірді кокстегенде түзілетін газдардан алады.
Сол сияқты бензолды ацетиленнен синтездеп алады:
ЗС2Н2 → С6Н6

Қасиеттері
Бензол - түссіз сұйық, өзіне тән иісі бар, улы зат. Ол судан жеңіл және суда ерімейді.
Басқа көмірсутектер сияқты бензол жанғанда көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі:
2С6Н6 + 15О2 → 12СО2 + 6Н20
Бензол бықсып жанады.
Кәдімгі жағдайда бензол енжарлау зат. Реакцияға қыздырғанда және өршіткі қатысында түседі.


Қолданылуы
Бензол - бояғыш заттар, жарылғыш заттар, дәрі-дәрмектер, улы химикаттар, синтетикалық талшықтар өндірістерінде және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.
Бояғыш заттардың негізгі шикізаты - мұнай және көмір өңдеуден алынатын бензол, нафтизин, антрацен, пирен, т. б. ароматты және гетероциклді қосылыстар.

Ауыл шаруашылығында зиянды бунақденелілермен күресу, арамшөптерді құрту, өсімдіктерді аурулардан қорғау, т. с. с. үшін басқа да көптеген химикаттар пайдаланылады. Олардың кейбіреулерімен біз кейінірек танысамыз. Улы химикаттарды қолдану үшін олардың қасиеттерін жақсы білу және оларды пайдалану ережелерін қатал сақтау шарт. Өйткені оларды пайдалану ережелері дұрыс сақталмаса, адамға қауіпті және қоршаған табиғатқа орасан зиян келтіреді.

Бензолдың туындылары дәрі-дәрмек ретінде
Салицил қышқылы-феннокси қышқылдарының өкілі.
О
С
ОН
ОН
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz