Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері


Slide 1

Жүйке жүйесі - бұл функциональді және анатомиялық өзара байланысқан құрылымдардың жиынтығы, күрделеніп ұзақ даму нәтижесінде қалыптасқан.

Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері: Әр түрлі ағзалардың, тіндердің және жасушалардың қызметтерін реттейді және үйлестіреді. Ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді, сыртқы ортамен байланыстырады. Жоғарғы жүйкелік қызмет атқарады, оның ішінде ойлау қабілетін жүзеге асырады.

Slide 2

ЖОСПАР

ТЕМПЕРАМЕНТ түсінігі, түрлері, олардың сипаттамасы

ЕСТЕ\ЗЕРДЕ, нейрондық тізбектің қасиеттері ретінде

ТҮС КӨРУ-жүйкелік іздер теориясы

Slide 3

Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum - тиісті бөліктердің қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері. Темпераменттің келесідей екі сипаты белгілі: Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол адамның қозғалыс темпінде, шапшаңдығында және интенсивтілігінде көрінеді; Эмоциялық, ол сезімталдылық, импульсивтілік және әсерлілігінде көрінеді.

Slide 4 Slide 5

Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (ІV ғ. біздің дәірге дейін) адамдардың төрт типін ажыратты: 1. Сангвиник; 2. Флегматик; 3. Холерик; 4. Меланхолик.

Slide 6

И. П. Павлов - жануарларда (иттерде) шартты рефлекстерді қалыптастыру және бекіту кезінде, қыртыс процесстері жоғары жүйке іс-әрекеті типтерінің қалыптасуында маңызды орын алатынын көрсетті. - Күш; - Тепе-теңдік; - Жылдамдық.

Күш - қозу және тежелу процесстері дәрежесі. Теңдесулік - қозу және тежелу процесстерінің қатынасы. Жылжымалық - қозу және тежелу процесстерінің бір-бірне алмасу жылдамдығы.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

ЕСТЕ САҚТАУ

Есте сақтау - кез келген тітіркеністен кейін қалатын іздік процесс. Адамның есте сақтау қабілеті арқылы - даму, өсу, оқу, қоршаған ортамен байланысты дамыту іс-әрекеттері орындалады. Есте сақтау: қабылдау, жинақтау, сақтау, өңдеу және қайтадан қалпына келтіру.

Slide 17

Зерде/ есте сақтау - ми қызметінің күрделі түрі, қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру. Зерде түрлері: І. 1. Түрлік; 2. Жеке (дара) . ІІ. Сақталу ұзақтығына байланысты: 1. Тікелей түсіріп алу (иконикалық) ; 2. Қысқа мерзімді (секунд) ; 3. Аралық мерзімді (бірнеше күн, апта) 4. Ұзақ мерзімді (жылдар, өмір бойы) .

Slide 18

ІІІ. Сигналдық жүйелердің қатынасына байланысты: Сезімді - бейнелік; Қисынды - мағыналық; Механикалық; Логикалық. ІV. Сенсорлық (көру, сезу, жанасу және т. б. ) . V. Эмоциялық.

Slide 19

Есте сақтау, түрлері: Генетикалық (түрлік) - шартсыз рефлекстер мен инстикт негізінде қалыптасады. Фенотиптік - организмнің индивидуальды ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты қабылдау және есте сақтау қабілеті (қимыл - қозғалыс, эмоция, бейне)

Slide 20

Зерде үш процестен тұрады: - Мидың ақпараттарды қабылдауы; - Мида ақпараттарды сақтау; - Ақпараттарды еске түсіру (жаңғырту) . Зерде деңгейлері: - Есте сақталған мәліметтерді толық қайталау (ең жоғарғы деңгейі) ; - Бір көргеннен бейнені тану; - Жеңілденген зерде (қайталанғанда) .

Slide 21 Slide 22

Түс көру - бұл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық тұс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді. Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі - жүйкелік іздер теориясы.

Slide 23

Егер М. И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе,

И. П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру - ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі».

Slide 24

Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді.

З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады.

Slide 25

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: СЕН ҚАНДАЙСЫҢ?

Slide 26

1-символ: жомарт, адамгершілігі мол Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз. 2-символ: тартымды, шыншыл Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз. 3-символ: ақылды, ойшыл Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз - интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз. 4-символ: зерек, философ Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз. 5-символ: сенімді Сіз - тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз. 6-символ: тартымды, энергиясы мол


Ұқсас жұмыстар
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Жүйке жүйесі жұлын
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
Тірек-қимыл жүйесінің дамуы
Жүйке жүйесінің қызметі
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Рефлекстік доға
Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы
УНИВЕРСИТЕТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz