Латын әлипбиі негізіндегі қазақ жазуы




Презентация қосу
Латын әлипбиі негізіндегі қазақ жазуы
ХХ ғасыр аяғынан ХХІ ғасырда Қазақстан республикасы үшін
үлкен өзгерістер еңгізіліп жатыр. Әлем қаншалықты дамыса,
Қазақстан республикасы соншалықты дамып келеді. Еліміздің
алға қояр мәселелерінің бірден – бірі ол тіл. Осы орайда айтар
болсақ, барлығымызға мәлім латын әрпіне ауысу еді. Латын
әрпін қозғаған кезде міндетті түрде Ы. Алтынсариннен кейінгі
еңбегі ерекше ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша
ақын, қазақ баспа сөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты
публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш
жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет
еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсын тұралы сөз болады.
Ұлы ағартушымыз: «Біздің заманымыз–жазу заманы» – деген.
А. Байтұрсын 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен
(графикасымен) айналыса бастайды.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер
туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» жұрналы
мен «Қазақ» газетінің беттеріне білдіре бастайды. Қазақ
жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді.
А.Байтұрсын араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын
қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір
талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсыновтын реформасы
қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған
болатын
Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті
негізге алған жаңа жазуы ол «Жаңа емле» деп аталады. Іс жүзінде
қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен)
15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды 1912
жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері
де қолдана бастаған. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі
мәжілісінде А. Байтұрсынов «Әліпби тақырыпты» деген баяндама
жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар
екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы
съезде дәлелдейді. Әліпби (графика) қандай қасиеттерге ие болу керек
деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп, өңделген
(реформаланған) араб алфавитінің он сипаттарын (қасиеттерін)
көрсетеді де, латынға көшкенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа
халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын
әліпбиін тұтынған (еуропалық) жұрттар орыстың орнында болып,
аузына қарап… Онда алуға мағына бар дер едік» деп ойын орнықтыра
түседі.
А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбаларын
алуды қостаған Алаш арысы, біртуар мемлекеттік қайраткер Нәзір
Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі алфавиттің оң – теріс
жақтарын сарапқа салып қарағаннан кейін, съезд: «Қазақ тұтынып
отырған түрк (араб таңбалы) әліпбиінің баспа түрін дара болмауы
баспа ісіне де, үйрету жағына да қолайсыздық қылатын
болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрк әліпбиінің
өзін түзету өзге әліпби алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрк
әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара
түрінде алу керек» деп А.Байтұрсынов реформалаған және баспа
түрінің де вариантын ұсынған араб жазу негізіндегі қазақ
алфавитін қабылдау керек» деген қара ұсынды.
1926 жылы Баку қаласында өткен
Бүкіл Одақтық Түркологиялық
съезде барынша дәлелдеп,
қазақтардың латынға көшуіне
қарсы болды. Бұрыннан пайдаланып
келген, әрі нақтылы бір ұлт тіліне
лайықталып, реформаланған араб
(мысалы, қазақтардікі сияақты), не
орыс (мысалы, сол кезде чуваштар
қолданып отырған) графикасын
латыншаға ауыстырудың ешкандай
не саяси – идеологиялық, не
экономикалық тиімділігі жоқ,
сауат аштыру, оқыту ісінде де
лайықталған араб графикасы мен
қабылданбақшы латын жазуының
бір – бірінен артық – кемдігі шамалы,
керісінше, жазу таңбасын өзгерту
сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба
дәстүрден қол үздіреді дегенді
айтты.
Осы орайда қазақ тілінің түпкілікті жазуы
болады деген төте жазуды латын жазуына
ауыстыруға түрткі болған І-бүкілодақтық
түркітанушылар құрылтайының жұмысы
туралы айта кетудің жөні бар.Өйткені съезд
барша түркі халқының 600-ден астам
зиялылары,Юдахин,Н.Ф.Яковлев,А.Н.Самойло
вич, В.В.Бартолъд сынды Ресей ғалымдары,
А,Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов,
Т.Шонанұлы, Б.Сүлейұлы тәрізді қазақ
білімпаздары бас қосқан,түркі халықтарының
тілі мен жазуын жаңа белеске көтерген аса ірі
тарихы оқиға болып саналады.
1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын
графикасына түпкілікті көшкенін хабарлайтын «Жаңа
алфавит туралы қаулы» шықты.

Ұқсас жұмыстар
ТІЛ ЖӘНЕ ҰЛТ
Бей үндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану
Қазақ мектептерінің жабылу себептері
Қазіргі қолданыстағы жаңа қазақ жазуының ңұсқаларына тоқталу
Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ЫҚТИМАЛ САЛДАРЛАРЫ
Орта ғасырда Латын әліпбиі
Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері
Жазу туралы
Пәндер