Омыртқа жотасының ауруларын емдеу


Slide 1

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы хирургия және травматология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері. »

Орындаған:Агибаева А. С.

6-096 топ ЖМФ

Қабылдаған: К. м. н, доцент Жонкин Б. Ш.

Қарағанды-2018

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдері

Омыртқа жотасының паталогиялық иілімдері

Лордоз. Түрлері. Пайда болу себебі.

Кифоз. Даму себебі. Түрлері.

Сколиоз. Сколиоздың ерекшеліктері. Құрылымдық және құрылымдық емес сколиоздар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Омыртқа жотасы туралы жалпы түсінік

Адамның омыртрқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Оларды өзіндік ерекшеліктерге байланысты 5 топқа бөледі:

Мойын омыртқалары, vertebrae cervicales, 7 омыртқа.

Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae, 12 омыртқа.

Бел омыртқалары, vertebrtebrae lumbales, 5 омыртқа.

Сегізкөз омыртқалары, vertebre sacrales, 5 омыртқа.

Құйымшақ, os coccygis, 4-5 омырқа.

Slide 4

Омыртқаның физиологиялық иілімдері

Эволюция процесінде адамның омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері пайда болды. Оның негізгі себебі адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының тірек қимыл функциясына бейімделуі. Нормада омыртқа жотасы алдыға және артқа иілімдер жасап, ауыртпалық түскенде тірек қызметін атқарады. Қалыпты омыртқа жотасы бүйірінен қарағанда “S” пішінді. Мойын бөлігінде- мойын лордозы, кеуде аймағында- кеуде кифозы, бел аймағында- бел лордозы және сегізкөз кифозы. Осы иілімдер бала кезде пайда болады. Бүйірлік иілімдер нормада жоқ.

Slide 5

Паталогиялық иілімдер

Омыртқа жотасында паталогиялық иілімдер физиологиялық иілімдердің қатты иілуінен немесе тән емес орындарда пайда болуынан туындайды. Қатты білінген лордоз, кифоз және бүйірге қисаю, скалиоз жатады.

Slide 6

Паталогиялық лордоз

Лордоз

Қалыпты лордоз иілімдері бала 1 жасқа толғанша пайда болады. Ал паталогиялық лордоз 2 түрлі болады:

Омыртқадағы ісіктер әсерінен пайда болған- бірінші реттік лордоз;

Ортан жіліктің туа біткен таюы және кеуде кифозы әсерінен- екінші реттік лордоз дамиды.

Лордоз қатты білінгенде, тұрған қалыпта, тізе буыны бүгулі, дене мен жамбас алдыға шығыңқы, ал жүрген кезде- тізе қатты бүгіліп, дене алдыға қисаяды.

Slide 7

Жүре пайда болатын лордоз- ұршықты буынның таюынан, іш аймағында артық майдың жинақталуынан және де аяғы ауыр әйелдерде жиі байқалады. Мойындық және белдік лордоздың азаюы- остеохондроз, омыртқа туберкулезы, остеохондропатия, омыртқа денесінің сынуында пайда болады.

Лордоздың клиникалық көрінісі омыртқа жотасының деформациясы және қатар жүретін зақымдалған аймақтағы ауырсынудан көрінеді.

Сыртқы көрінісі- бас пен қарын алға шығынқы, кеудесі тегіс.

1 реттік лордозды тек хирургиялық жолмен, ал 2 реттік лордозды бандаж салып емдеуге болады.

Slide 8 Slide 9

Кифоз

Кифоз- омыртқаның артқа шығыңқы болуы, бүкірлік. Сыртқы көрінісі- иық алға және төмен түсіңкі, кеуде тыныс шығарғанда тар, қарын сәл шығыңқы, тепе- теңдік ортасы артқа ығысқан, дененің жоғарғы жағы алға қисаяды, жауырындар қанат тәрізді пішін алады. Кеуде қуысының тарылуына байланысты өкпенің тіршілік сиымдылығы азаяды, соған байланысты тыныс алу және жүрек жұмысы бұзылады.

Кифоз туа және жүре пайда болады. Пішініне қарай доға тәрізді және бұрыш тәрізді деп бөлінеді.

Slide 10

Туа пайда болған кифоз омыртқа аралық дискілердің жетілмей қалуынан және омыртқа денесінің дұрыс дамымауынан болады.

Жүре пайда болған кифоз- зақымдалу, ісік, рахит, остеохондропатия, остеопороз, спондилоз, лейкемия, дистрофия, миатония, т. б. себептерден дамиды.

Кифоз зақымдау аймағына байланысты- кеуделік және кеуде- белдік болып бөлінеді:

Кеуделік кифоз- IV- X кеуде омыртқаларының қисаюы.

Кеуде - белдік кифозда- XI- XII кеуде омыртқалары және I- II бел омыртқалары зақымдалады.

Slide 11

Кифоздың жастық ерекшеліктері

Жас балалық кифоз- рахит әсерінен дамиды. I- III бел омыртқалары қисаюынан көрінеді.

Балалық кифоз- 2 түрлі себептен пайда болады. 1- Омыртқа денесіндегі ақау кесірінен. 2- бұлшық еттердің балада дұрыс жетілмеуінен (бала денсаулығы әлсіз болғанда) .

Жас өспірімдерде арқасы дөңгелек тәрізді болады.

Үлкен адамдарда анкилозирлеуші спондилит немесе прогресирлеуші спондилеартрит (Бехтерев ауруы) көрінеді. Омыртқа жотасы шүйдеден сегізкөзге дейін толық қисайып, доғаға айналған.

Қарттыққа дейінгі кезең формасы, әйелдерде, минструальді цикл тоқтағасын басталады, себебі гормональді жүйе бұзылады. Соған байланысты остеопароз жүреді.

Қарттық кифоз- омыртқа аралық диск дегенерациясы және езілуінен пайда болады. Кифоз жоғарыдан төмен бағытталып дамиды.

Кифозды емдеу тәсілі комплексті болуы қажет: массаж, ФТО, гимнастикалық жаттығулар. Олардың арқайсысы кифоздың даму деңгейіне, бұлшықет жүйесінің жағдайына, таға да басқа сырқаттарына қарай таңдалады.

Slide 12

СКОЛИОЗ

Сколиоз - ол көбінесе жас өспірімдер мен мектепке дейінгі балаларда кездесетін омыртқа жотасының ауруы. Егер сыртынан карасақ омыртқа жотасының иілуі байламдар мен сүйекке байланысты S тәрізді болып келеді. Сколиозды омыртқа бұзылысымен жиі шатастырады. Бірақ сколиоз омыртқа бұзылысының күрделі түрі. Омыртқа жотасының бұзылысы: баланың дұрыс отырмауын, қозғалуын қадағаламаса немесе кальций жетіспесе, бұлшықет әлсірегенде байқалады. Қазіргі жас өспірімдердің, оқушылардың біриықты сумкалары, ауыр кітапты көтерулері, ыңғайсыз парталар сколиоздың дамуына алып келеді.

Slide 13

Сколиоз

Сколиоздар адамда туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді:

Туа пайда болған- ұрықтың жатырда дұрыс дамымауы кесірінен болады. Оның себептері: анасының дұрыс тамақтанбауы, жағымсыз әдеттері, физикалық жұмыс жасамауы, емдік дене тәрбиесімен айналыспауы.

Жүре пайда болған сколиоздар- ауру кесірінен (рахит, полимелит, туберкулез), жарақат алудан (омыртқа денесі сынуы), денені қалыпты ұстамаудан дамиды.

Slide 14

Жүре пайда болған сколиоздардың түрлері

Жүре пайда болған сколиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:

Ревматизмдік- кенеттен пайда болады. Себебі, бұлшық ет немесе омыртқа аралық буынның аурулары (миозит, спондилоартрит) әсерінен сау жақтағы бұлшық еттін қатты жиырылып қалуы.

Рахиттік- бұлшық ет әлсіздігінен туады. Ауыр затты үнемі көтеруден, қисық отыру кесірінен дамиды.

Параличтік- бала кездегі параличтен және басқада жүйкелік аурулардан кейін пайда болуы мүмкін.

Әдеттік- негізгі себеп қалыпты дене қалпын дұрыс сақтап жүрмеу.

Slide 15

Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сколиоздардың жіктелуі

Құрылымдық емес- жалпы анатомиялық құрылысты өзгертпейді, тек омыртқа жотасы бүйірге қисаяды, негізгі ерекшелігі ротациялық айналу жоқ.

Дене қалыптық- 8-11 жас аралығындағы балаларда денесін дұрыс ұстамағасын қалыптасады. Әдетте сколиоз доғасы солға шығынқы.

2. Компенсаторлық- бір аяқтың қысқа болуынан дамиды. Скалиоз шығыңқысы қысқа аяқ жаққа қарап, жамбас қисайып аяқ қысқалығының орнын толтырмақ болғандықтан дамиды.

Slide 16

4. Ауырсынулық сколиоз- ішкі бір мүшедегі ауырсыну әсерінен пайда болып, ол ауру емделгенде жоғалады.

3. Рефлекторлық сколиоз- кейбір неврологиялық аурулар кесірінен денені түзу ұстай алмағасын пайда болады (омыртқа аралық жарық) .

Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сколиоздардың жіктелуі

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа бағанасы иілімдерінің айқындылық дәрежесіне байланысты қаңқа бітімінің түрлерін анықтау
Сколиоздың себептері
Ауру формалары
Омыртқаның патологиялық және физиологиялық қисаюы
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Жамбас сүйектері
Адам қаңқасы
Тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына)
ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz