Жуан инелі биопсия




Презентация қосу
Жоспар
1 Биопсия дегеніміз не
2 Бөлімшенің мақсаттары мен
міндеттері
3 Зерттеудің инвазивті әдістері
4 Биопсия түрлері
1 Жіңішке инелі аспирациялық биопсия.
2 Жіңішке инелі аспирациялық биопсия.
3 Стереотаксикалық жуан инелі биопсия.
4 Инцизиялық биопсия.
5 Эксцизиялық биопсия.
Биопсия (био және грек. opsіs — көру) — аурудың сипатын анықтау
үшін науқас адамның зақымданған тінін кесіп алып,
морфологиялық әдіспен тексеру.
Биопсия әдісі 19 ғасырдың ортасынан медицинаға ене бастады.
Биопсия арқылы алынған затты биоптат деп атайды. Оны әр түрлі
жолдармен кез келген органнан алуға болады. Биопсия, негізінен,
хирургияда, урологияда, онкологияда,гастроэнтерологияда және
пульманологияда кеңінен қолданылады. Ішек-қарын және тыныс алу
жолдарынан биоптатаспирация жолымен алынады, яғни зақымданған
органдарға жарық беретін, ұшында арнайы пышақшалары бар жіңішке
түтікше аспаптар (гастрофиброскоп, бронхоскоп) енгізіледі, сол
жерден кішігірім тін кесіп алынады. Бауыр,бүйрек, талақтан пункция
әдісімен (теріні жуан инемен тесу арқылы) сұйық зат сорылып
алынады.
Мидан, жілік майынан биоптат алу үшін трепанация әдісі арқылы
алдымен сүйекті тесіп, жуан инемен ауырған жерден сұйық алынады.
Биопсияның, әсіресе, қатерлі ісіктерді анықтаудағы маңызы зор,
сондай-ақ, қатерсіз ісіктердің немесе созылмалы сырқаттардың қатерлі
ісікке айналуының алғашқы белгілерін тек биопсия әдісі арқылы ғана
анықтауға болады. Биопсияны науқасқа операция жасап жатқан кезде
кездейсоқ байқалған сырқаттарды анықтау үшін де қолданады.
Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері:
дигностикалық биопсия жүргізу кезінде алынған
биопсиялық материалын зерделеуде (эндоскопиялық
биопсия, трепанбиопсия, жатыр қуысынан қырып алу,
паренхиматоздық ағзалардан жіңішке инемен биопсия алу
және т.б.). Бұл зерттеудің мақсаты диагнозды қою және
анықтау болып табылады;
диагнозды анықтау мақсатында отадан кейінгі
материалды зерделеуде (ағзаларды, тіндерді қырып және
кесіп алып тастау) ауру сатысын, жүргізілген
химиотерапиялық емдеудің тиімділігін бағалау;
жүргізілген отаның түбегейлілігін бағалау;
өлімнің себебтерін белгілеу, сол немесе басқа кезеңде
жіберліген қателерді анықтау, жүргізілген емнің
дұрыстығын бағалау үшін қайтыс болған науқастың
ауруының тарихын талдауға қосатын аутопсиялық зерттеу
жүргізуде мәйітті ашу және алынған нәтижелерді
салыстыру.
Зерттеудің инвазивті әдістері

Маммография және УДЗ сияқты
диагностикалау әдістері, өкінішке орай,
сүт безінің тіндерінде өзгерістердің
сипатын бағалай алмайды. Ісіктің қатерлі
немесе зарарсыз болуын тек биопсия ғана
анықтай алады.
Жіңішке инелі аспирациялық биопсия. Бұл әдіс сүт безінің
пальпацияланатын (яғни сипап сезуге болатын) ісіктерге биопсия
жүргізу үшін қолданылады. Емшара орындалған кезде емделуші бір
орында отырады. Сүт безінің терісінде биопсия жүргізілетін орын
белгіленеді және ол антисептикпен өңделеді. Ине сүт безінің қалың
тініне енгеннен кейін шприцтің піспегі бірнеше рет тартылады. Бұл
тәсілмен шприцке ине арқылы сүт безі тінінің кішкене мөлшері сорып
алынады. Егер жылауықтың пункциясы жүргізілсе, онда жылауықтан
сұйықтық сорып алынады. Жылауықтан бүкіл сұйықтық алынғаннан
кейін жылауықтың жарықшасы азаяды және ол себепші болған ауру
сезімі кетеді.
Стереотаксикалық жіңішке инелі биопсия. Биопсияның бұл әдісінде
иненің көмегімен ісіктің әр түрлі жерлерінен тіннің бірнеше үлгісі
алынады. Егер ісікті сипап сезу мүмкін болмаған жағдайда, онда
маммография немесе УДЗ көмегімен биопсия орындалады. Емделуші
арнайы үстелге шалқасынан жатады. Одан кейін инені енгізудің нақты
орнын білу үшін әр түрлі бұрыштан маммографияның немесе УДЗ
бірнеше суреттері түсіріліп, олардан көлемді бейне құрастырылады.
Жуан инелі биопсия. Биопсияның бұл түрі сүт безі тінінің анағұрлым
мөлшері үлкен бөлігін алуға мүмкіндік береді. Оны жүргізу үшін кесетін
құрылғымен жарақталған жуан ине қолданылады. Биопсияның осы
түрінің артықшылығы гистологиялық зерттеуге алынған мөлшері үлкен
тіннің бөлігі диагнозды нақтылау қоюға мүмкіндік береді.
Стереотаксикалық жуан инелі биопсия. Ісікті
сипап сезуге мүмкін болмаған жағдайда және ол
тіндерде терең орналасқанда биопсияны жүргізу үшін
маммография немесе УДЗ қолданылады. Бұл үшін
инені енгізудің нақты орнын анықтау үшін көлемді
бейне құрастырылады, бұл үшін әр түрлі бұрыштардан
маммографияның немесе УДЗ көмегімен бірнеше
сурет түсіріледі.
Инцизиялық биопсия. Биопсияның бұл әдісі ісік
тінінің кішкене бөлігін кесіп тастау болып табылады.
Ол хирургиялық әрекетке ұқсас болып келеді. Әрине,
биопсияның осы түрі жергілікті анестезиямен
жүргізіледі. Көбіне инцизиялық биопсия аспирациялық
биопсияның нәтижелері жеткілікті дәреже сенімді
болмаған уақытта жүргізіледі. Аспирациялық биопсия
да, инцизиялық биопсия да кейде жалған
нәтижелерді бере алады. Олардың артықшылығы –
олардың жылдамдылығы.
Эксцизиялық биопсия. Эксцизиялық биопсия кезінде дәрігер ісіктің бөлігін,
не оны толықтай кесіп тастайтын мини-операция жүргізеді. Бұл емшара
емдік емшара болып саналмайды, себебі обыр жасушалары анықталған
жағдайда обырдың өзінен басқа лимфа түйіндері де алып тасталады, не
бұдан да кең көлемді хирургиялық әрекетті орындау қажет болады. Егер
эксицизиялық биопсияны жүргізу кезінде ісіктің мөлшері 2,5 см кем болса,
онда ісік толықтай кесіліп тасталады, ал ісіктің мөлшері үлкен (2,5 см артық)
болса, онда оның бөлігі ғана алып тасталады.
Мақсаттарына және жүргізілу әдісіне байланысты биопсияның әр түрлі
түрлері бар. Оның мынадай түрлерін ажыратуға болады:
-Пункциялық жіңішке инелі аспирациялық биопсия. Оны орындағанда
қарапайым ұзын ине және шприц қолданылады.
-Жуан кесуші инемен трепан-биопсия. Бұл жағдайда арнайы ойықшасы және
стилеті бар айрықша ине қолданылады, ол сүт безі тінінің кішкене бөлігін (1-
2 мм) кескендей болады.
-Емшекұшынан шығатын сұйықтың жағындысы. Оны алғанда әйел арнайы
шыныға емшекұшынан шығатын ірің жағындысын сығады, содан кейін
зерттеу жүргізіледі.
-Шұғыл гистологиялық зерттеумен эксцизиялық биопсия. Биопсияның бұл
түрінде емделушіге жергілікті ауырсынуды сездірмейтін дәрілер беріліп,
дәрігер сүт безінің күдікті бөлігін толық кеседі, содан кейін оны бірден
зерттейді.
Сүт безінде обыр өзгерістері бар болған жағдайда одан да кеңейтілген
операция жүргізіледі.
Биопсия туралы деректерді қорытындылай отыра, мыналарды көрсетуге болады:
-Сүт безінің биопсиясының емшарасы ісіктің сипатын: оның қатерлі немесе
зарарсыз болуын анықтау мақсатымен жүргізіледі;
-Сүт безі ісігінің қандай да бір белгілері анықталған жағдайда, қорытынды
диагноз тек биопсиядан кейін ғана қойылады;
-Биопсия иненің көмегімен немесе хирургиялық жолмен жүргізіле алады;
-Биопсияның оперативті емес әдістері (иненің көмегімен) емделушіге әсер ететін
күйзелісті азайтады және асқынулардың қаупін төмендетеді;
-Биопсияның хирургиялық емес әдістері әрқашан сенімді жауапты бере алмайды;
-Для биопсии непальпируемых опухолей используется УЗИ или стереотаксическая
биопсия;
-Сипап сезуге болмайтын ісіктердің биопсиясы үшін УДЗ немесе стереотаксикалық
биопсия қолданылады;
Келесі жағдайларда биопсияны жүргізу талап етілмейді:
-Егер рентгенологиялық зерттеу (маммография, өкпе, сүйек рентгенографиясы
және т.б.) метастаздың болуын немесе ісіктің қайталануын нақты көрсетсе,
осындай нәтижелер басқа да зерттеу әдістерінен алынса, обырды емдеуден кейін
біршама көп уақыт өтпесе;
-Биопсияны қауіпсіз жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, бас миы немесе
жұлын, көз зақымданған кезде);
-Егер обырдың қайталануы немесе метастаз табылса, емделуші ағзасының басқа
да облыстарында мүмкін болатын метастаздарды анықтау үшін мынадай
тексерістер жүргізеледі: қан талдауы, зерттеудің рентгенологиялық әдістері,
компьютерлік томография, МРЗ, УДЗ және ПЭТ.
Пайдаланылған әдебиеттер
Google.kz Мәліметтер
Google.kz Суреттер
Google.kz Video

Ұқсас жұмыстар
Жуан кесуші инемен трепан - биопсия
Биопсия түрлері
Патологиялык анатомияның заманауи зерттеу әдістері
АСҚАЗАННЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Баспа құрылғылары
Қалқанша безінің құрылымын ультрадыбысты зерттеу негізінде созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің жиілігін бағалау
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Патологиялық ауру
Ісік клеткаларын зерттеу әдістері
Гүлді дақылдардың карантинді аурулары
Пәндер