Ағаштар және оның пайдасы


Slide 1

Ағаштар және оның пайдасы

Орындаған: Нургазин Айбат Максатулы

Жетекші:Хамзина Гулнур Алтаевна

Slide 2

МAЗМҰНЫ

Кiрicпe

Негізгі бөлім

2. 1 Қазақстандағы орман қоры

2. 2 Ағаштардың түрлері

2. 3 Адам өміріне ағаштардың тигізетін пайдасы

2. 4 Жеміс ағаштары

2. 5 Ғажайып ағаштар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кiрicпe

Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштарда жаны бар «тіршілік иесі». Әлемнің көптеген халықтары ағашты қастерлеп, табынған. Саян-Алтайдағы түрік халықтары ағашқа құрбандық шалып, сан түрлі жора-жосындар атқарады. Олардың ағашты ерекше қастерлеуі орманды өлкенің тұрғындары болғандығымен байланысты болса керек. Мысалы, иркит руы өздерінің «әкесі ырғай, анасы қайық» деп санайды. Ал қазақта қыпшақ руыныңарғы тегі ағашпен байланысты айтылатыны белгілі. Иенде өскен жалғыз ағашты қасиетті ағаш, шығыс қазақтары сетер ағаш немесе көбіне тал кездесетіндіктен сетер тал деп атайды.

Slide 4

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАН ҚОРЫ

Қазақстан аумағының 3, 8%-ын орманды жер алып жатыр

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568, 4 мың гектар болды

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды

2

Slide 5

АҒАШТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ағаш - сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер.

Slide 6

Дүние жүзінде ең биік ағаш -Аустралия эукалиптісі (биіктігі 140-150 м)

Slide 7

Ең жуан ағаш - Баобаб (диаметрі 4-12 м) .

Slide 8

Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа

Slide 9

Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды.

Slide 10 Slide 11

Ағаш түрлері

Қарағай

Your Text Here

Емен

Тал

Your Text Here

Терек

Үйеңкі

Қайың

www. yourwebsite. com

1

Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физико-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы - бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.

Slide 12

ағаштардың ішіндегі ең "шешені, сөйлегіші" қарағай саналады. Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады. Шеберлер сан жылдаған тәжірбиенің нәтижесінде қарағайдың тербелу арқылы дыбыс шығару қабілеті өте жоғары екендігін дөп басып таба білген. Әдетте, халық шеберлері домбыра жасау үшін таудың теріскей беткейіне (қапталына) өскен қарағай дінінің солтүстік қараған жағындағы жартысын пайдаланады. Өйткені ағаш дінінің солтүстік бағыттағы жартысында шайыры аз, бұтақ өспейді, жылдық сақиналары жиі орналасады, сондықтан оның дыбыс шығару қасиеті жоғары болады.

Slide 13

Үйеңкі - қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеуге де болады. Үйеңкі - музыка аспаптарын әзірлеуге өте қолайлы ағаш.

Slide 14

Емен - өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте әдемі болады, ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, жылтырай береді.

Slide 15

Қайың - сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым әдемділігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін қолданады.

Slide 16

Терек - сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Теркеті зімпарамен өңдессе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды.

Slide 17

Тал - иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Кебе келе қатайып кетеді, кепкен тал өте жеңіл болады, Домбыра құрап жасағанда талды домбыраның иін болып келетін жерлеріне қолданады.

Slide 18

Сонымен қатар түрлі бұйымдар жасауға жеміс ағаштары да пайдаланылады. Олар: алма, алмұрт, шие, жиде, алхоры, долан, өрік, т. б. Барлық жеміс ағаштарына тән қасиет: олар қатты, тығыз, жылтыр болып келеді.

Slide 19

Адам өміріне ағаштардың тигізетін пайдасы

Салауатты өмір салтын сақтап, әлеуметті өмір сүрудің бір негізі қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғай білуде. Адам ата мен Хауа ана жаратылғандағы табиғаттың табиғи мүсіні мен саф ауасының адамзат өркениетке ұмтылып, озық технология ойлап тауып жатқан бүгінгі заманда әбден тозып кеткені өкінішті-ақ. Әсіресе, қалалар көптеп тұрғызылып, қағаз өнімдерін тұтыну көбейген қазіргі уақытта бұл орман шаруашылықтарына айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Нәтижеде бір жағынан жасампаздықпен алға ұмтылған адам баласына табиғат ананы да қамқорлыққа алу міндеті еселене түсуде. Осы табиғат ананы қорғап қалу мәселесінде өте-мөте ағаштарға көңіл бөлудің, тал, шыбық отырғызуды ұмыт қалдырмаудың мәні зор. Өйткені ағаш егудің адамзат баласына тигізер пайдасы, жалпы қоршаған ортаға жақсы әсері бар екені баршаға белгілі. Ағаш батпақты ғана кетіріп қана қоймай ауаны да тазартады, оның саясында демалған адам кең тыныс алып жаны жай табады. Күнделікті қолданып жүрген материалдарымыздың көбі осы ағаштан жасалады. Кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер мен тақталар, мектеп парталары т. б.

Slide 20

оттегі

Құнарлы заттар

Көмірқышқыл газ

су

Жапырағы жайқалған өсімдіктер мен ағаштар денсаулыққа пайдалы, олар ауаны тазартады, көмірқышқыл газын жұтып, ауаға оттегі бөліп шығарады.

Slide 21

ЖЕМІС АҒАШТАРЫ

Жеміс ағаштары - жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианалар.

Жеміс ағаштары орталық діңгек пен бұтақтар жиынтығынан құралады. Кейбір жеміс ағаштарының екі және одан да көп діңгегі болады. Діңгек - жеміс ағаштарының ортаңғы бөлігі, ол тамыр мойыншасынан басталып, жоғары бағытта тік орналасады. Сонымен қатар діңгек тамыр жүйесі мен сабақ жүйелерінің морфол. әрі функциялық байланыстарын қамтамасыз етеді. Діңгектің тамыр мойыншасынан бірінші тармақталған жанама бұтаққа дейінгі бөлігін - сидам, сидамнан жоғары соңғы жылғы өскінге дейінгі бөлігін - орталық жетекші, ал соңғы жылғы өсіндісін - бойөркен деп атайды.

Slide 22

Сидам биіктігі сорттың өсу күшіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді

Slide 23 Slide 24

Ғажайып ағаштар

Ең көне хан-ағаш Қазақстандағы ең көне хан-ағаш - алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.

Slide 25

Бигнониевтік тұқымдастар тегіне жататын дара өкіл, аса сирек кездесетін ежелгі аласа бұта - «жетісулық недзвекция» өсетін әлемдегі жалғыз мекен - Шу-Іле шөлді таулары (Айтау) . Бұтаның әдемі гүлдері оған әшекейлі түр береді. Бұта ғылымға 1909 жылы белгілі болды және өлкетанушы В. Е. Недзвецкий құрметіне осы атау берілді.

Slide 26

Іле Алатауындағы жалғыз қылқан жапырақты ағаш - Тянь-шаньдық шырша. Тянь-шань шыршасының ең үлкенінің жасы - 600 жыл шамасында, ол Түрген өзені бойында (Іле Алатауы) бір ағаштан анықталған. Тянь-шаньдық шыршаның ең жуаны 1913 жылы Алматы маңындағы Кіші Алматы алқабындағы Горельник шатқалынан табылған. Түбінің диаметрі - 3 м шамасында, шеңберінің ұзындығы - 9, 45 м. Қылқан жапырақты ағаштардың Қазақстандағы ең көп түрі - Алтайда.

Slide 27

Қазақстандағы ең төзімді ағаш - тораңғы. Ол шөлде, құмда, сортабанда өсе береді. Тораңғы жапырағы 50 градус шамасында өміршеңдігін сақтайды. Ел аузында «шөл даланың падишасы» атанған бұл өскiндi бүгiнде қазақ жерiнiң бiраз пұшпағы өзiнiң өрелi саясы санайды. Қазiр тораңғы тұқымдас ағаштың алуан түрi Қазақстанда Арал өңiрi мен Қызылорда облысынан басқа Балқаш пен Алакөл аумақтарында, Бетпақдала атырабында, Зайсан маңайында, Мойынқұм сауырында кездеседi.

Slide 28

ҚОРЫТЫНДЫ

Мен кішкене кезімнен бастап ағаштарды көріп, орман аралап өстім. Біреулер көшетінен немесе тұқымынан бастап өсірсе, енді бірі басқалардың еңбегін бағаламай ағаштарды кеседі, сындырады. Өйткені олар ағаштардың пайдасын жете білмейді мен сол жағын көп ойлап осы жобам арқылы дәлелдеп айтқым келеді, мүмкін адамдарға мейірімін оятып кішкене болса да пайдам тиер деп ойлаймын. Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бір ғана маусым емес, бірнеше жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді. Ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп. Олар көптеген құстар мен жәндіктерге қорек беріп, пана да болады. Аң-құстарды ыстық күннен, қатты желден және жауыннан қорғайды. Олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі. Ағаштар күзде жапырақтарынан айырылып, қыста жалаңаш тұрады. Тек шыршалар сияқты ине тәріздес жапырактары бар ағаштар суықтан қорықпайды, қысы-жазы жасыл қалпында сақталады. Ағаштардың көп өскен жері орманды алқап деп аталады. Жер бетінің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. Ағаштарды қорғау, сақтау, көбейту, пайдалану туралы ұсыныстар.

1. Ағаш та, адам да табиғаттың сыйы. Өйткені ағаштар да, шөптер мен гүлдер, барлық өсімдіктер де тірі организм. Мен ну орманның ортасындағы ауылда туып, өстім, яғни Семей қаласын барлық жағынан орман қоршап жатыр. Онда қылқан жапырақты ағаштар көп.

2. а) Мысалы, қарағай, шырша, қайың т. б. Көше жағалауында тал-терек, қараағаш жайқалып тұр. Мен өзім туған Семей қаласын жақсы көремін. Ну орманын сағынамын. Орман ағаштарынан басқа жеміс ағаштары (алма, алмұрт, өрік, шабдалы . . . ) да бар.

ә) Ағаштардың табиғатқа, адамға пайдасы орасан зор. Олар көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп, оттегін бөліп шығарады, яғни адамдар дем алатын ауаны тазартады. Суықта-ықтасын, ыстықта-көлененке, жел мен боранға төтепбере отырып аңдар мен адамдарға пана болады.

Slide 29

Орман ішінде жеміс-жидек пен саңырауқұлақтар көп. Оны адамдар теріп, тағамға пайдаланады, яғни сол арқылы адам өз қажетін табады.

Б) жеміс ағаштарының да пайдасы көп.


Ұқсас жұмыстар
Жылу қозғалтқыштар
Жылу қозғалтқыштары. Олардың энергетиканың дамуындағы рөлі
Көгалдандыру жұмыстарын пайдалана отырып, саябақтар тұрғызуды жобалау
Жабықтұқымды өсімдіктер
Галофитті өсімдіктен биогаз алу мөлшері
Өнеркәсіптік территорияларды көгалдандыру көгалдандырудың маңызы
МАҢЫЗЫ РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Құлқайыргүлділер тұқымдасының жемісі
Металдар биотехнологиясы
Экологиялық биотехнология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz