Баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт - бағдар беру
Презентация қосу
Отбасындағы бала
тәрбиесі
Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты
міндет .Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз
және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік
жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік
орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана
үйлесімділік табады
Адамның қалыптасуы бала кезенінен басталады. Жақсылық та адам
бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады.
Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арам
шөпттері басып кеткені сол кезде ғана белгілі болады.
Қоғамда біркелкі отбасы болмайды. Әрбір жанұяның өзінің
ерекшелігі және салты болады. Осындай әртүрлі мінездегі жанұядағы
жандардың ортасынан мінезі салмақты болып өсетін балалар немесе
керсінше мінезі де сөйлеген сөздері де шапшаң болып тәрбиеленетін
балалар болады.
Баланың мінезінің қалыптасуына ата-ананың қарым –қатынасы, көзқарасының көп әсері бар.
Ата –аналарының шектен тыс балаларын қорғаштауы балалардың үлкендерге тәуелділігінің
себебінен өзінің құрбыларымен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіруі мүмкін .
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас
шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да ,
жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –
ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді
. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала
тәрбиесіне ықпалы зор.
Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы .Біздің алға қойған
мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты
жарасымды тұлға өсіру .
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына
сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты
қарастыруымызға болады .
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , тәрбие
тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет .
Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де
дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы қасиеттерді
сіңіріп өсіреді . Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала
кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге
құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі
өзін қошаған ортасына , мұғаліміне,ата –анасына , құрбы –
құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да
қасиеттеріне байланысты .
Тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар
аудара білу , оған деген махаббатты қай жаста да көрсете
білу , оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып
табылады дегім келеді
- Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау;
-Баланың өзін –өзі басқару (финанс, іс –әрекетт.б.)
- Баланың табиғатына сәйкестендіріп , кәсіп таңдауға бағыт –
бағдар беру ;
Сонымен жаңа ғасырда , қоғам мүддесіне сай лайықты жан –
жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат
тәрбиелеп өсіру отбасының , балабақшаның , мектептің ,
барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Егер бала отбасында лайықты тәрбие көрсе, келешекте ата-
анасын бағып-қағатын, бақытқа бөлейтін, әке-шеше қария
болған шағында далада қалдырмайтын парасатты ұл-қыз
болатыны ақиқат. Бұл ата-ананың қол жеткізген
армандарының бірі болып табылады. «Не ексең, соны
орасың» дегендей, отбасы, ошақ қасында сәби қандай тәрбие
көрсе, оның алдағы өмірі сондай болмақ.
«Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй -
базар» дейді, өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының
жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың
болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі
болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Әр
бала – дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар
көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі болсақ, жан-жақты
дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей
аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»
дегендей жақсы тәрбие беру – ата-ананың парызы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz