Сократ Перикл заманында туып - өсті




Презентация қосу
Ежелгі Грек
философы -Сократ
Өмірбаяны
• Афиныдан жаяу адам 25 минутта жететін Ликабетт тауындағы бір
деревняда б.д.д. 469 жылы туылды. Әкесі мүсінші болған, шешесі
толғағы жеткен әйелді босандыруды кәсіп етіпті. Жасөспірім шағында
Сократ әкесінің шеберханасында жұмыс істеді. Кейінірек оны
Анаксагорға шәкірт қылып жібереді. Одан кейінгі оқуын Архелай атты
философта жалғастырып, математиканы, астрономияны, бұрынғы
ойшылдардың ілімін зерттеумен айналысты
• Сократтың әлем туралы ойының өзгеруіне қатты әсер еткен Ұлы
Философтардың бірі Парменид болды. сөзі бойынша, бізге көрініп
тұрған әлем – көзді алдап тұрған алдамшы. Әлем жоқ, сондықтан біздің
әлем жайындағы ойларымыздың да еш мәні жоқ. Бір ғана шындық бар,
ол – өзгермейтін, бөлінбейтін, шексіз Құдірет. Ол Құдірет өткенді,
келешекті білмейді, ол бүкіл ғаламды, ғаламдағы бар құбылысты ішіне
қамтып тұр. «Бәрі бір Құдіреттің ішінде». Көз алдымыздан өтіп жатқан
тоқтаусыз өзгерістер, ол – өзгермейтін, бәрін қамтып тұрған Құдіреттің
сыртқы көрінісі ғана. Парменидтің негізгі принципі міне осындай.
• Сократтың философиясы ежелгі Афинының базар алаңында басталды. Оның бұзылған орнын
Акропольдің төменгі жағынан қазір де табуға болады. Сократ өзгеше жақсы көретін жер афинылықтар
оны-мұны заттарын әкеліп сататын Зевс Стоясы атты колоннада еді.

• Сократ Перикл заманында туып-өсті. Ол кезде Афины эллин дүниесіндегі ең күшті әрі өркениеті
дамыған, тұтас адамзаттың даму жолына орасан ықпал еткен қала-мемлекет болатын.
• Бұл кезде Перикл басқарған уақыттағы біршама бейбіт кезең аяқталған еді. Б.д.д. 431 жылы
Пелопоннес соғысы басталды. Бұл – демократиялық жолмен басқарылған теңіз державасы Афины мен
мәдениеті мен ғылымы мешеу әскери мемлекет Спарта арасындағы ширек ғасырдан аса уақытқа
созылған соғыс.
• Осы соғысқа қалқан-қылыш ұстаған қатардағы жаяу әскер гоплит болып барады. Сократтың өміріне
қатысты қарама-қайшы мәліметтер көп, бірақ оның кескін-келбеті келіспеген сиықсыз адам болғанын
бәрі айтады. Ол аяғы ұзын, жіңішке әрі қисық, қарыны қампиған, иығы мен мойнын жүн басқан таз
кісі болыпты. Бәрінен бұрын ол таңқиған мұрны, тасырайған көзі, дүрдиген ернімен есте қалыпты.

• Сырт пішінінен-ақ философ екені білініп тұратын Сократ киінгенде де философ сияқты киінетін
болған. Ол қысы-жазы бір көнетоз туникасы (бас және қол өтетін тесіктері бар қап сияқты киім) мен
тозығы жеткен, шонтиған жеңсіз көйлегін тастамайды екен. Және ылғи жалаңаяқ жүретін болған.
• Келбеті, киім киісі айтып тұрғандай және замандастары
жазып кеткендей Сократ аскет адам болған. Оның
тұрмысы жақсы болды деу қиын. Ол жұмыс істемеген.
Бар уақытын құдай мойнына жүктеген міндетін атқаруға
жұмсады – Афины тұрғындарына олардың қаншалықты
надан екенін түсіндірумен болды. Оған әкесі шағын мұра
қалдырыпты. Және ауқатты, ықпалды достары
көмектесіп отырған. Сол достарының үйіндегі мол
дастархан басында ол таңсәріге дейін философиялық
сұхбаттардың көркін қыздырудан шаршамаған. жасқа
келген шағында Ксантиппаға үйленеді.
• Бізге жеткен деректер бойынша Ксантиппа адуын
мінезді әйел екен. кеуінің 3 ұлы болыпты. Бірақ олардың
ешқайсысы Сократтың жолын қумаған, көптің бірі
болып өмір сүрген. Көп қылығына күйсе де Ксантиппа
күйеуінің айрықша жан екенін жақсы аңғарған сияқты.
Ол қандай қиын жағдайда да Сократты жалғыз
тастамаған, өлімін қатты қасірет еткен.
• Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натурфилософия табиғатпен байланысты
сұрақтарды зерттеді. Натурфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан,
жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді.
• «Мен өзімнің ештеңе білмейтіндігімді ғана білемін» деген әйгілі сөзі бар. Ал адамдардың
көлгірлігін әшкерелеп, шатасқан жерін анықтау Сократтың сүйікті ісінің бірі болатын. Ол ештеңе
білмейтін адам болып, адамдардың не білетінін сұрайтын. Анау білгенін айтып отырған кезде
Сократ қазбалап сұрап, оның алжасып жүргенін ашып беретін. Оның «Афины оқырасы» атануы
да осы себепті еді. Дегенмен, Сократтың сұрақ қою тәсілінде терең мәніс бар болатын. Ол
пікірталас кезінде қарсы жақ сүйенетін негізгі принциптерді нақтылауға, осыдан барып екі
тараптың позицияларын айқындауға ұмтылды.
• Сократ «жан өлмейді, ол мәңгі, өлімнен кейін біздің жанымыз басқа әлемде өмір сүреді» деді. Ол
мифтік құдайларға табынудан қашқақтады, алайда әйтеуір бір құдай бар деп сенді.
• Сократ: «Адам көптің пікірімен, көптің сөзімен жүрмеуі керек, шындықпен жүру керек,
әділ өмір сүруі керек» дейді. Зұлымдыққа зұлымдықпен жауап берудің қажетті жоқ екенін
айтады, жамандыққа төзуге шақырады. Сократ: «Ақиқатпен өмір сүретін адам ешқашанда
жамандыққа ұшырамайды» дейді.
• Сократ: «Білетіндер ғана билік етуге тиіс» деген аристократиялық принципті ұстанды.
«Елді билейтіндер алған білімдерімен емес, өздерінің терең өмірлік таным -түсініктеріне
сүйеніп мемлекетті басқаруы керек» деп санайды.
• Сократ: «ең бастысы - адамның жаны және оның жан дүниесі», «адамның жаны қандай
күйде болса, адам өмірінің игілігі соған байланысты», «адам жан дүниесімен бай» дегенді
қайталаудан жалықпады, Сократ адам жан дүниесімен ғана танылатыны туралы көп айтты.

• Атақты философ М.Монтень: «Сократ өзінің де және өзгенің де өмірін табиғат, жаратылыс
заңдарымен ұштастыруға тырысты, сондықтан да Сократты Александр Македонскиймен
салыстыруға болмайды, алғашқысы «әлемді өзінің билігі үшін бағындырды», ал екіншісі
(Сократ) «адамның биікке көтерілуіне, жетілуіне жол көрсетті», әрине екіншісі әлдеқайда
қиынырақ, терең білімді қажет етеді» - деп жазады «Тәжірибе» атты еңбегінде.

Ұқсас жұмыстар
Сүйіспеншілік деңгей
Діни-ағартушы ақынжазушылар
ҚР Экспорты мен Импорты
Негізі кез келген науқас медикаментозды өлімнен бас тартуға құқылы
Периодтық жүйедегі галогендер
Аймауытов ауылы
Философиядағы адам мәселесі
Адам - дене мен жанның бірлігі
Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынанбас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық
Софистердің қайраткерлері
Пәндер