Өсімдік құрамындағы мөлшері проценттің жүз бөліктеріне дейінгі шамада болатын және өсімдіктер көбірек пайдаланатын элементтер
Презентация қосу
Микро және
макроэлементтер.
Олардың өсімдік үшін рөлі.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Макроэлементтер және олардың өсімдіктегі рөлі.
2.2Микроэлементтер .Олардың өсімдікте кездесуі.
III.Қорытынды
Өсімдік құрамындағы мөлшері проценттің жүз бөліктеріне дейінгі шамада
болатын және өсімдіктер көбірек пайдаланатын элементтер.
Макроэлеменеттер тобына көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, калий,
кальций, магний, темір, фосфор, кремний және алюминий жатады. Бұларды
алдыңғы төртеуі органогендер деп аталады.
Фосфор
Фосфордың топырақтағы қоры онша көп емес. Р2О3 пен есептегенде бір
гектарға 2-4,4 тонна аралығында. Оның 2/3 ортафосфор қышқылының
тұздары, ал қалған бөлігі фосфорлы органикалық қосындылардың үлесіне
тиеді. Фосфор өсімдіктердің пісіп жетілуін тездетеді. Фосфорлы
тыңайтқыштардың әсерінен астық дақылдары 5-7 күн ерте пісіп жетіледі,
өсімдік тамырлары жақсы бұтақтанып, тереңдеп, жайылып өседі.
Фосфордың әсерінен қант қызылшасының қанттылығы, картоп түйнегінде
крахмалдың мөлшері көбейеді. Фосфорлы қорек жетіспеген жағдайда
өсімдік жапырағында көмірсулардың мөлшері көбейеді. Соған байланысты
антоциан пигментінің мөлшері де көбейіп, жапырақтар көгілдір жасыл,
кейде қаракөкшіл, немесе қола реңді болып түсін өзгертеді. Өсімдіктердің
өсуі баяулап, жемістердің пісіп жетілу мерзімі кешігеді
Фосфордың жетіспеушілігінің белгілері
қандай да бір басқа белгілермен шатастыру
қиын: жапырақтары мен өскіндері көгілдір
түске боялады, жапырақтың бетінің
жылтырдығы жоғалады. Ерекше асқынған
жағдайларда бояу тіпті күлгін, күлгін
немесе қола түстес болуы мүмкін. Жалпы
фосфордың жетіспеушілігі өсімдіктің
жалпы дамуына әсер етеді-гүл шоғыры мен
жемістерінің түзілуі баяулайды, түсімділік
төмендейді. Фосфор тапшылығын емдеу
фосфор тыңайтқыштарының: фосфат
ұнының, калий фосфатының,
суперфосфаттың көмегімен
жүргізіледі.Фосфор құс саңғырығында көп
кездеседі.
Күкірт
Күкірт – бұл элемент өсімдіктерге қажетті
негізгі элементтердің біріне жатады. Күкірт
өсімдікке негізінен сульфат күйінде енеді.
Өсімдік ұлпаларындағы мөлшері онша көп
болмайды – 0,2-1% шамасында. Бұршақ
тұқымдастар, әсіресе крестгүлділер, басқа
мөлшерге қарағанда, күкіртті көбірек қажет
етеді. Өсімдік дәнінде күкірт көбінесе
органикалық қосындылар күйінде кездесіп,
тұқым өнген кезде ішінара тотыққан күйге
ауысады. Күкіртпен қамтамасыздығы нашар
өсімдіктер амин қышқылдарының,
белоктардың синтезделуі, фотосинтез, өсу
процестері төмендейді. Күкірт өсімдік үшін
аз мөлшерде қажет-тек 2-ден 6 кг / га дейін.
Азот
Азот-өсімдік үшін ең маңызды элементтердің бірі. Азоттың екі түрі бар,
олардың бірі өсімдікте тотығу процестері үшін, ал екіншісі – қалпына
келтіру үшін қажет. Азот қажетті су балансын сақтауға көмектеседі, сондай-
ақ өсімдіктің өсуі мен дамуын ынталандырады. Көбінесе топырақта азоттың
жетіспеушілігі ерте көктемде, минералдардың түзілуіне кедергі келтіретін
топырақтың төмен температурасынан пайда болады. Жалпы алғанда, өсімдік
нашар дамиды. Сонымен қатар, азоттың жетіспеушілігіне жапырақтың
бояуының өзгеруін, атап айтқанда, орталық және бүйірлі талшықтардың
бояуын көрсете алады. Азоттың жетіспеушілігін құрамында нитратты азот
(калий, аммиак, натрий және басқа селитралар) немесе аммоний азоты
(аммофос, аммоний сульфаты, несепнәр) бар тыңайтқыштармен толтыруға
болады.
Калий
Калий – өсімдіктердің қалыпты өсіп-өуіне ең қажетті элементтерге калий
де қосылады. Оның өсімдік ұлпаларындағы мөлшері құрғақ затына
есептегенде 0,5-1,2% шамасында болады. Өсімдіктің жас, өсіп тұрған
бөліктерінде көбірек кездеседі, өте жылжымалы. Калийдің топырақтағы
қоры фосфорға қарағанда 8-40 есе, азоттан 5-50 есе артық. Соның ішіндегі
өсімдік үшін ең қолайлысы калийдің ерігіш тұздары болып есептеледі.
Жасанды калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Олар топырақпен
қосылғанда калий топырақ коллоидтарымен алмасу реакцияларына
қатысады. Өсімдікте калийдің өте жоғары зат алмасушылық деңгейі
негізінен меристема, камбий, жас жапырақтарда, өркендерде, бүршіктерде
шоғырланатындығы белгілі болды. Клеткадағы калий негізінен бос ион
күйінде кездесіп, органикалық қосындылардың құрамына енбейді.
• Калиймен жақсы қамтамасызданған
өсімдіктер саңырауқұлақтық және
бактериялық ауруларға төзімді келеді.
Клеткада калий азайғанда натрий,
магний, кальций, бос аммиак, сутегі
иондарының, минералдық фосфордың
мөлшері көбейетіндігі байқалды. Калий
тапшы жағдайда өскен өсімдіктердің
жапырақтары төменнен жоғары қарай
сарғая бастайды. Кейінірек олардың
жиектері және ұштары қоңырланып,
қурап үгітіліп қалады.
• Калий жетіспеушілігінің орнын
толтыруға хлорлы калий, калий
магнезия, калий сульфаты, ағаш күлі
сияқты қоректендіргіштер көмектеседі.
Кальций
Кальций – өсімдіктерде көп мөлшерде кездесетін элементтердің бірі болып
табылады. Бұршақ тұқымдастарда, қарақұмықта, күнбағыста, картопта, т.б.
өсімдіктерде Са өте көп мөлшерде болады да, астық дақылдарда, зығыр қант
қызылшасында аздау болады. Кальций, әсіресе, тамырдың өсуіне пайдалы
әсер етеді Кальцийсіз ортада тамырдың өсу аймағы бұзылады.Кальций
жетіспегенде, ең алдымен, жас меристемалық, ұлпалар және тамыр жүйесі
зардап шегеді. Бөлінген клеткаларда жаңа клеткалық қабықтар
қалыптаспайды да, көп ядролы клеткалар пайда болады. Жанама
тамырлардың және тамыр түкшелерінің қалыптасуы тоқтап, тамырдың өсуі
нашарлайды.
Кальций тапшылығынан пектинді
заттар бөрітіп, клетка қабықтары
сілемейленіп,клеткалар
бұзылады.Нәтижесінде
тамырлары жапырақтары, сабағы
шіріп, кұріп кетеді. Жапырақ
ұштары мен жиектері алдімен
ағаріп, соңынан қараяды да,
алақаны қыңырайып,
шиыршықтанып қалады.
Топырақтағы кальций мөлшерін
арттыруға әк тыңайтқыштары
көмектеседі: бор, доломит әктас,
доломит ұны, сөндірілген әктас
және т.б
Магний
Магний – атмосферадағы таралу жағынан магний сегізінші орын алады – 2,1%. Топырақ
құрамындағы мөлшері – 0,5% шамасында ғана. Топырақтағы Mg минералдар, алмасқыш, топырақ
ерітіндісінде иондар күйінде кездеседі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердегі магнийдің мөлшері 0,02-
ден 3,1 %-ке дейінгі аралықта болады. Балдырларда – 3,0-3,5 %. Қысқа күндік өсімдіктерде (жүгері,
тары, картоп, қызылша, темекі, бұршақ) көбірек мөлшерде болады. Өсімдіктің жас мүшелері мен
ұлпаларында көбірек жиналады. Магнийдің тапшылығынан пластидтердің қалыптасуы да нашар.
Жапырақтың жасыл жүйкелерінің араларында ашық-жасыл, соңында сары-ақшыл түстеніп, дақтар
және жолақтар пайда болады. Жапырақ жиектері сары, сарғыш-қызыл немесе қызыл-қоңыр
түстеніп өзгереді. Магний жетіспеушілігін жою үшін құрамында қажетті заттың көп мөлшері —
доломит ұны, калий магнезий, магний сульфаты бар арнайы тыңайтқыштар пайдаланылады.
Темір
Темір – қазіргі кезде ғылыми деректерге
қарағанда темір де өсімдік тіршілігінде өте
қажетті, маңызды элементтердің бірі болып
есептеледі. Темірді пайдалануы нашарланған
өсімдіктің бірі – хлороз (сарғаю) ауруы болып
есептеледі. Осы аурудың табиғатта кездесетін көп
түрлері темірдің жетіспеуіне байланысты.
Темірдің физиологиялық тапшылығынан, ең
алдымен, азотты қосындылардың және
органикалық қышқылдардың алмасуы бұзылады.
Хлороз ауруына шалдыққан өсімдік ұлпаларында
лимон қышқылының, көпшілік жағдайда алма
қышқылында мөлшері көбейеді. Темірдің
жетіспеуінен өсімдіктерде фотосинтез
қарқындылығы бәсеңдейді. Қоректік ортада
темірдің жетіспеуінен алмұрт, алма, қара өрік
шабдалы, жүзім, таңқурай өсімдіктері көбірек
сезімтал болады да, ал қарлыған қарағай онша
сезімтал емес.
Микроэлементтер
Өсімдіктерде өте аз мөлшерде кездесетін, бірақ олардың қалыпты дамуына
немесе індетсіз тіршілік етуіне өте қажет элементтер. Олардың мөлшері мыңнан
бір, жүзмыңнан бір процент шамасында болады. Микроэлементтерге бор, фтор,
марганец, мыс, мырыш, йод, барий, титан, литий, бром, никель, молибден, кобальт
және т.б. жатады. Микроэлементтердің көпшілігі организмдегі биохимиялық
процестердің қалыпты жүзеге асуына қатысады.
Бор
Бор – Бұл элементтің өсімдік тіршілігіндегі физиологиялық маңызы алуан
түрлі деуге болады. Ол көптеген ауылшаруашылық өсімдіктердің қалыпты
өсіп дамуына қажетті элементтің біріне жатады. Бор жетіспеген жағдайда
қант қызылшасының тамыры шіри бастайды, жапырақтары сарғайып кетеді.
Бұл элемент дәнді дақылдарға және жалпы дара жарнақтыларға
қосжарнақтыларға қарағанда көп қажет емес. Бордың жетіспеуінен
өсімдіктің пісіп жетілген бөліктерінде аммиактың, сондай- ақ, ерігіш азотты
қосындылардың мөлшері көбейіп, оның есесіне белоктар мөлшері азаяды.
Дәнді дақылдарда бордың тапшылығынан сабақтары жуандап, соңында
өсуін тоқтатады. Масақтардың және сіптебастардың пішіндері қисық –
қыңыр болып өзгереді.
Бордың жетіспеушілігінің белгілері, ең
алдымен, жас өскіндерде және өсімдіктің
жоғарғы жапырақтарында көрінеді.
Жапырақтардың түсі ашық-жасыл өзгереді,
табақ пластина көлденең түтікке бұрылады.
Жапырақтың кеуектері қара, тіпті қара болады
және бүгілген кезде сынады. Әсіресе өте
қатты, өсу нүктесі зақымданады, соның
салдарынан өсімдік бүйір өсінділерінің
көмегімен дамиды. Гүлдер мен байламдардың
пайда болуы баяулайды немесе толық
тоқтайды, пайда болған гүлдер мен жемістер
шашылады. Бордың жетіспеушілігін толтыруға
бор қышқылы көмектеседі.
Марганец – ең бірінші 1788 жылы жабайы зере
өсімдігінің және әртүрлі ағаш тектестердің
күлінен табылды. Одан соң бұл элементтің
барлық өсімдіктерде болатындығы белгілі болды.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде
марганецтердің өсімдік жапырақтарында
хлорофилдің, басқада пигменттердің синтезделуі
олардың мөлшері мен ара – қатынастарына әсер
ететіндігі де дәлелденді. Мысалы, қант
қызылшасын құрамынды марганец жоқ қоректік
ортада өсіргенде клеткалардағы хлоропластар
саны азайып, хлорофилл мөлшері төмендейді.
Марганец жетіспеушілігін емдеу үшін марганец
сульфаты немесе марганеці бар Кешенді
тыңайтқыштар қолданылады. Халық
құралдарынан марганцовканың әлсіз ерітіндісін
немесе сұйылтылған қиды пайдалануға болады.
Мырыш
Мырыш – жеткіліксіз ортада өскен шырын жемістілерде (цитрус) және қызанақта еритін
қанттардың мөлшері көбейіп, сахароза мен крахмалдың мөлшері азаяды. Мырыштың
жетіспеуінен азоттың еритін органикалық қосындыларының мөлшері көбейеді. Көп
жағдайда оның жетіспеуінен өсімдіктің жас өркендерінде майда, енсіз жапырақтар
тостағанша пайда болып, буынаралықтары өте қысқарып, оның салдарынан өсімдік аласа
болып өседі . Табиғи жағдайда мырыштың тапшылық белгілері үрмебұршақ, қытай
бұршақ, жүгері, зығыр, үпілмәлік, құлмақ өсімдіктерінде және алмада, алмұрт, өрік, шие,
жүзім сияқты шырынды жемістілерде жиі байқалады. Мырыш жетіспеушілігі әдетте
қышқыл батпақты немесе құмды топырақтарда көрінеді. Мырыш тапшы болған жағдайда
құрамында мырыш бар кешенді тыңайтқыштар немесе мырыш сульфаты қолданылады
Мыс
Мыс – өсімдіктердің қалыпты өсіп дамуына қажетті микроэлементтерінің бірі –
мыстың өсімдік құрамындағы мөлшері 1 кг құрғақ затқа есептегенде 1 ден 20 мг
дейін аралықта болады. Оның көп шоғырланатын орыны – митохондриялар
айналасы, мембраналар арасындағы қуыстар, матрикс және құрлыстық белоктар
құрамында кездеседі. Мыс тапшылығынан өсімдіктер хлороз ауруына шалдығады,
бұтақтануы нашарлайды, дәндері дұрыс қалыптаспайды. Бидай, арпа, сұлы,
алмұрт ,алма, қара өрік , шырынды, жемісті (цитрус ) өсімдіктер мыстың
тапшылығына сезімталдау келеді. Астық дақылдардың жапырақтары ағарып ,
ұштары қурап қалады. Жас жапырақтар дұрыс жайылып өспей ,тез солады.
Молибден
Молибден – жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерге ,сондай-ақ микроорганизмдерге де
молибденнің қажеттілігі көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген . Әсіресе
бұршақ тұқымдастар бұл элементті көбірек пайдаланады. Жалпы өсімдіктің жас мүшелерін
молибденнің мөлшері көбірек болады. Өсімдік дамуының вегетативтік кезеңінде
жапырақтағы , әсіресе жоғарғы,молибденнің мөлшері біртіндеп көбейеді де, көбею
органдары қалыптасқан кезде азаяды. Молибденнің тапшылығынан өсімдіктерде байқалатын
белгілерге – өсуінің баяулауы, хлорофилл синтезінің төмендеуіне байланысты
жапырақтардың көгілдірленуі жатады. Оның жеткіліксіздігі қышқыл топырақтарда
байқалады. Молибден көп болса, өсімдікке уытты әсер етеді. Ауыл шаруашылық
өсімдіктерінің құрамында молибденнің мөлшері қалыпиағыдан көбірек болса адам және
хайуанаттар организміне зиян тигізеді.
Кобальт
Кобальт – бұл элемент өте аз мөлшерде (0,05-11,6 мг / кг құрғақ затқа ) барлық
өсімдіктерде кездеседі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ішінде суда өсетіндердің және
бұршақ тұқымдастардың құрамында кобальт мөлшері басқаларға қарағанда көбірек
болады.
Бұл элементтің басқа металдар сияқты карбоксилдену және карбоксилсіздену, пептидтік
басланыстар мен фосфорлы эфирлердің ыдырауы,фосфорлы топтардың ауысу
реакцияларына жанама қатысатындығы байқалды. Бірақ, кобальттың ферменттік
реакциялардағы маңызы бұнымен шектелмейді.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz