Жастар субмәдениеті
Презентация қосу
Жастар субмәдениеті
Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі
мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде
қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде
пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола
отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр
түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың),
психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды
ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни
«субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей
Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне
шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені
олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де
өзгеше.
Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi
бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек
бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан
бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең
таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.
Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп),
гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.),
спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар,
скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо,
анимэ табынушылары секілді спецификалық
субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және
басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек
кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк
«стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы
ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да
белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi
қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi.
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше
себептері бар:
1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан
оқшаулану
3. Барлық адамдар сияқты болуды қаламау
4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5. Криминалдың әсер етуі
6. Мода қуу
7. Батыстық бейнеге еліктеу
8. Өмірлік мақсаты болмау
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.
Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс
табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Мәселен, готтардың
келбетi қорқынышты фильмдердегiдей үрей туғызады. Олардың өзiндiк символы – қара түнек. Түнде жүрiп, сиқырмен
айналысып, зираттарда түнейдi екен. Алматы қаласында готтарға арналған «www.gothikportal.kz» сайтының
ашылуы, Орал қаласында готикалық субмәдениетті насихаттаушы «FOR YOU» группасы. Ал Көкшетаудағы готтар
қаладағы қорымдарда жиі бас қосатын көрінеді. Егер осылай жалғаса беретін болса, Готтар ағымы Ресейдегі сияқты
бізде де өркен жаюы мүмкін.
Сондай-ақ эмо дегендердiң өзiнше тағдырлары бар көрiнедi. Олар тек қара мен алқызыл түстi
ғана мойындайды. Эмо немесе эмо-кидтер — бұл шаш үлгісі өзгеше жасөспірімдер. Яғни, бір көзін
жауып алатын қисық кекілі барлар. Көптеген жастар аталмыш топтың сыртқы келбетіне бола, эмо
атануы мүмкін. Нәтижесінде, шынайы эмолар – «тру» (ағылшынша true — ақиқат) және ермек
еткендерді «позер» (ағылшынша. poseur —еліктегіш) деп екіге бөлінеді. ЭМО – бұл эмоция сөзінің
бастапқы үш әрпінен алынған.
Эмолықтар әдеттегi адамдардай емес, бәрiн жүрегiне жақын
қабылдайды. Мәселен, дүкенде жақсы көретiн кәмпиттерi
таусылып қалды делiк, эмо үшiн сол күн қайғы-қасiретке,
жылауға толы күн болады-мыс. Егер, жақын досымен сөзге
келiп қалса, бұл жылау айдан жылға ұласатын көрiнедi.
Махаббатта бiрiн-бiрi құлай сүйсе, Ромео мен Джульетта секiлдi
қабiрге бiрге кiруге дайын. Тiптi, эмолықтар арасында қол
тамырларын кесiп, өздерiн өлiмге қиюшылық та жиi орын
алады.
Эмолықтар жаңбырлы күнi жылап жүргендi ұнатады. Себебi,
жүздерiн жастарымен қоса, жаңбыр суы шайып, "әдемi"
сезiмге бөлейдi. Мұндай күндерi олар кiл қара түстi киiмдер
кисе, көңiл-күйлерi орнығып, қуанышқа бөленгенде — қараға
күлгiн-қызғылт, сондай-ақ, өзге де көзге түсетiн ашық түстердi
араластыруға тырысады.
Бiр сөзбен айтқанда, субмәдениет қоғамда маңызды рөл атқармаса да, оған деген жастардың
қызығушылығы арта түсуде. Қазақ жастарының біразы беттерi мен құлақтарына, тiлдерi мен
мұрындарына, қастарына түрлi пирсинг-сырғаларын iлiп алып, рок пен гот атануда. Бұл олардың
болашақ жолына кедергi болуы әбден мүмкiн. Ал жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған
эмо, рок субмәдениеттерi әзірге үрейленетін жағдай туғызбағанымен, уақыт өте келе жастарды
қандай қауіпке тап қылары беймәлім.
.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz