Қазақстандағы орта тап




Презентация қосу
Қазақстандағы орта
тап
Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған
байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары
да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының
арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде
бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен,
табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы
мәртебесі, билікке қатынастары
Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы
қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын
құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен
тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап
қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары
мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі
әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады.
Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни
қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта
және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б.
Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет
орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір
салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің
меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері,
т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан
қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы
өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің
нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
Қазақстанда орта тап өкілдері деп кімдер саналады және
олар жалпы халықтың қанша пайызын құрайды? Өкінішке
қарай, бізде қоғамдық тұрақтылықтың кепілі болып
саналатын орта тап туралы зерттеп-зерделеп жатқан ешкім
жоқ. Егер қазақстандық жекелеген сарапшы мамандардың
пікіріне назар аударсақ, орта тап болып басында баспанасы
және шетелдік автокөлігі бар, отбасының әрбір мүшесіне 50
мың теңгеден артық табыстан келетін отбасылары
саналады. Дегенмен, бұл салыстырмалы ұғым, нақты өлшем
емес.
Мәселен, әлемдегі ең бақуатты елдердің бірі болып
табылатын АҚШ-та орта тапқа айына 2-2,5 мың доллар
тұрақты табысы бар, әрбір отбасы мүшесіне 40 шаршы метр
тұрғын үй алаңы тиетін, бірнеше автокөлігі бар адамдар
жатқызылады. Көріп отырғанымыздай, қазақстандық орта
тап пен американдық орта таптың арасында үлкен
айырмашылық бар.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл
Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше
ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда
10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер,
мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам
құрғымыз келеді».
Орта тап өкілдерін анықтауда оның айлық табысы мен
тұрғын үй алаңы ғана есепке алынбайды, оған қоса бірқатар
сапалық өлшемдерге де назар аударылады. Атап айтқанда,
жоғары немесе арнайы кәсіптік орта білімі, жыл сайын
қымбат шипажайлар мен демалыс орындарында демалу
мүмкіндігі, балаларын шетелдік жоғары оқу орындарында
оқытуы, есепшоттарында белгілі сомада ақшаларының болуы
ескеріледі.
Қазақстандағы менталитеттi ескерсек, алдында ас-ауқаты бар
адам өзiн кедеймiн деп есептемейдi. Билiк тамағы тоқ, көйлегi
көк, баспанасы мен көлiгi бар, бiлiмi жоғары, медициналық
қызметтi пайдалана алатын адамдарды орта тапқа жатқызып
жүр. Бұл талаптар негiзiнен дұрыс, бiрақ бұл жерде бiр нәрсе
айтылмай қалған. Орта тап өкiлдерi аталған материалдық
игiлiктердi қалаған уақытында сатып ала алатындай жағдайда
болуы керек. Ал бiзде орта тап өкiлдерiмiз деп жүргендердiң
өзi бұған шамасы жетпейдi. Олардың жалақылары тамақ пен
күнделiктi тұтыну тауарларынан артылмайды. Орта тап
өкiлдерiнiң табысы отбасындағы жан басына шаққанда 500
АҚШ долларынан кем болмауға тиiстi. Қазақстан билiгi орта
тапқа жатқызылып жүрген әлеуметтiк топ Батыс елдерi үшiн
төменгi буын өкiлдерi саналады
Қазақтар бақуатты Батыс елдерiмен шекаралас жатып,
олармен қоян-қолтық араласып жатқан жоқ. Тұрмысын тек
қана қырғызбен, өзбекпен салыстырады. Өздерiн орта тапқа
жатқызуы да сондықтан. Билiк осыны жақсы пайдаланып
отыр. Халықтың 90 пайызы төменгi тапқа жататынын билiктiң
iшi сезсе де, ешқашан ашық мойындамайды. Оны мойындау өзi
Қазақстанда орта тап өкілдері бар, алайда қазіргі уақытта
олар осы атқа лайық па? Өмір сүру деңгейі бойынша
дамыған шет елдерінен көп артта калғанымыз рас. Жалпы
ұғымда орта тапқа орта, кіші кәсіпкерлік субъектілері, ірі
компаниялардың мемлекеттік органдардың орта
буындағы қызметкерлерін, білім, денсаулық саласының
мамандары кіреді. Алайда қазіргі уақытта бұл топтың
күнін әзер көріп отырғаны бар. ҚР Заңнамаларымен түрлі
қолдау шаралары мен әлеуметтік кепілдіктер
қарастырылғанымен, бұл орта тап өкілдерінің өмір сүру
деңгейіне оң әсер етпеуде. Яғни барынша пайда әкелетін
топтың ресурстарын, мемлекет осы уақытқа дейін толық
пайдалана алмай отыр.

Ұқсас жұмыстар
Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
BROUGHT INTO CONFORMITY ОЙЛАН ТАП БЕКЕТІ
Бақытты отбасы
Қазақстан қоғамы және дәстүрлі діндер
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту, жеке кәсіпкерлік туралы заң
Сәулет ескерткіштері
Балалардың және жас жеткіншектердің дамуына маңызды фактор - құрбылар қауымдастығы
Экологиялық туризмнің негізгі түрлері халықаралық туризмнен онша ерекшеленбейді, тек теңіз шығымдылығының жоқтығынан басқа
География арқылы әлемді танимыз. Презентация
Пәндер