Тігін жіптері




Презентация қосу
Тігін жіптері
Бүйымдарды тігу технологиясында және киімдерді жөндеуде
олардың бөлшектерін біріктіру үшін тігін жіптері қолданылады.
Жіптердің сапасына және ассортиментіне ерекше көңіл бөлінеді.
Киімді тігу және кию кезінде тігін жіптері физика-механикалық
және физика-химиялық әсерлердің нәтижесінде қүрылымдық
өзгерістерге үшырайды. Сондықтан, тігін жіптері технологиялық
және түтыну та- лаптарына сәйкес болуы керек. Тігін жіптері
созылуға беріктігі жоғары, белгілі бір үзару көрсеткіштің бірі және
осы көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы қажет. Киім
бөлшектерін біріктіріп, машинамен тіккенде 2 - ширатпалы тігін
жіптері қолданылады, жіптердің үзілуіне ширату бағыты көп әсер
етеді. Тігін өндірісіндегі машиналардың бас білігі 3500 мин1
айналу жиілігімен жүмыс жасайтын болғандықтан және үйкеліс
нәтижесінде инелер 300-400 0С дейін қызатындықтан, тігін
жіптері жылуға төзімді болуы керек. Тігін жіптері киім
бөлшектерінің берік біріктіруі, тігіс түрін жақсы көрсетуі, ылғал-
жылумен өңдегенде өлшемдерін өзгертпейді.
Тігін жіптерінің
түрлері
Талшық қүрамы бойынша тігін жіптері мақта, зығыр, жібек
және химиялық жіптер болып шығарылады. Тігін жіптері
киімнің жеке бөлшектерін біріктіруге арналған негізгі
материал және әрлеуіш материал ретінде қолданылады.
Мақтадан. зығырдан, жібектен синтетикалық және
штапельді жіптер жасап шығарылады. Өндірістегі жалпы
жіптердің көлемінің 80 % мақтадан жасалған жіптер.
Зығыр жіптері арнайы тапсырыстарды орындауға және
қалың брезентті сырып тігуге қолданылады.
Синтетикалық тігін жіптері қазіргі уақытта кең
қолданылып, жиынтығы кеңейіп, сапасы жақсара түсті.
Жіптердің үйкелу, созылу, тарқатылу, оралу әсерінен
тігімнің жасалу үдерісінде тігін жібінің қүрылымы, беріктігі
жоғарылап, сапасы жақсартылды.
Мақта жібі
Жоғары сапалы мақта жібі тарақтық
жіптерден қабаттау, ширату, өңдеу арқылы
алынады.
3 - 6- 9 -12 қабатталынған жіптер
шығарылады.
Тігін өндірісінде 3- 6 қабатталынған
жіптер пайдаланылады.
Мақта жіптер жуандығы бойынша
10- 20- 30- 40- 50- 60- 80- 100- 120 болып
саудалық нөмірге бөлінеді.
Жіптің саудалық нөмірі неғұрлым
жоғары болса, жіп соғұрлым жіңішке болады.
Тігін жіптері сапалы тігістігімен,
серпімділігі, бояуының тиянақтылығымен,
ширатпасының тепе- теңдігімен сипатталады.
Жібек жіптер
Жібек жіптер екі қайтара ширату
арқылы шикі жібектен алынады.
Саудалық нөмірлері: 75-65-33-18-13.
Жұқа маталарда:75-65-33 нөмірлі
жіптер, түйме тесігін торлағанда,
безендіргіш тігістер жүргізгенде
қолданылады.
Жібек жіптерде сырт көрінісін
бұзатын, мықтылығын төмендетін
ақаулар болмауы тиіс.
Синтетикалық жіптер
Синтетикалық жіптер – жыл асқан
сайын синтетика жіптер кеңінен
қолдануда.
Таза талшықты жіптерге қарағанда
олардың кейбір қасиеттерінің
артықшылығы бар.
Синтетикалық жіптерге үйкеліске,
жарыққа химиялық тазалауға төзімді,
ал жылуға төзімділігі төмен.
Қолмен жіп иіру
Қолмен жіп иіру неолит дәуірінен белгілі. Алғаш
жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол
тарақ пен қол ұршық пайдаланылды (қ. Ұршық).
Келе-келе адамзат ұршықты доңғалақ арқылы
айналдыру тәсілін, бір мезгілде шүйкелейтін
және иіретін құралды ойлап тапты. Қазақ
қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен
иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер
түйе мен қой жүнінен, ешкінің түбітінен
иірілетін. Мұндай жіптер таза, жұмсақ, әрі
төзімді, созылмалы да әдемі. Иіруге арналған
жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң
қолмен майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл-
қыбыр, шөп-шаламынан тазарып, ұйысқаны
жазылып, жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады.
Жіп иірудің
құралдары
Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі – ұршық. Екіншісі
– аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршықпен жүн иірудің де екі
түрлі әдісі бар. Бірі – шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру,
екіншісі – шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге
және т.с.с.) іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны
мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі
етіп сыптығырлай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ
қимылдауын керек етеді. Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны
шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырады. Егер оның біраз жері
жуандап кетсе, не жіңішкерсе онда оны тарқатып қайта иіру қиын.
Сондықтан жіптің ондай жерін үзіп тастап, тегіс жерінен қайта
жалғап иірген дұрыс. Шұлық, ұйық, қолғап, шарф, шәлі жіптері
өрмек, шуда жіптері сияқты өте пысық иірілмейді. Өйткені бұлай
иірілген жіп тоқуға бөгет жасайды, ал тоқылып шыққан заттар өте
дөрекі және тықыр болып шығады. Қолғап пен ұйықты кейде
мықты болу үшін екі қабатталған жіппен тоқиды. Бірақ мұндайда
екі жіпті қосып, қатты ширатудың қажеті жоқ. Тоқуға арналып
иірілген жіп домалақтанып жиналады.
Жіп иіруді
механикаландыру
Жіп иіруді механикаландыру 1770 – 80 жылдары Еуропада басталды.
Техниканың кемелдене түсуіне байланысты түту, шүйкелеу, тегістеу
процестері де механикаландырыла бастады. Жіп иіру – тоқыма
өнеркәсібінің негізгі өндірісінің бірі. Өңделетін талшықтың қасиетіне және
алынатын жіп сапасына қарай жіп иірудің әр түрлі жүйелері
пайдаланылады. Тарау тәсіліне қарай иірудің негізгі 4 жүйесі бар: 1)
кард жүйесінде тарауыш машинада ғана таралған мақта, зығыр,
шелқабық талшықтарынан, кейде жүннен төмен және орта нөмірлі жіп
алынады; 2)тарақтап иіру жүйесінде тарауыш машина да, тарақтап түту
машинасы да пайдаланылады. Ұзынынан тегістелген жүн және ұзын
талшықты мақтадан жоғары нөмірлі және аса жоғары сапалы жіп
алынады; 3) түту жүйесінде талшық таралмайды, тек қылшықтан
ажыратылады. Жүннің, зығырдың, жібек қалдығының ең ұзын талшығын
өңдеу үшін қолданылады; 4)аппаратты жүйеде тегістеу кареткамен
жалғастырылған 2 – 3 тарауыш машина бірден қолданылады да, төмен
нөмірлі үлпілдек жіп алынады.
Жіп иіру станогы
Жіп иіру станогы – қысқа талшықтардан жіп иіретін өндіріс машинасы.
Жіп иіру станогында тазаланған талшықтардан ширатылған шүйке созу
тетігінде жіңішкертіліп, станок ұршығымен иіріледі де, одан жіп
алынады. Станок 2 түрге бөлінеді: 1) үзілмелі жіп иіру станогында созу,
ширату және орау процестері жеке-жеке жүргізіледі; 2) үздіксіз жұмыс
істейтін жіп иіру станогында барлық 3 процесс бір мезгілде атқарылады.
Әр машинада 200 – 500 ұршық болады. Ұршықтар әр түрлі. Солардың
ішінде әрі қарапайым, әрі жоғары өнімді болғандықтан, сақиналы
ұршығы бар жіп иіру станоктары көп қолданылады. Мұндағы шүйке
бағыттау түйінінің үстімен созу тетігіне қарай өтеді. Одан шыққан шүйке
жіп түрінде ширатылады. Жіп жүргізгіштен өткен жіп сақинаға
орнатылған жүгіртпеге бағытталады. Жүгіртпенің әр айналымы жіпті бір
рет ширатып өтеді, ал жүгіртпенің ұршықтан кейін қалған әр айналымы
жіпті келепке бір рет орап шығады. Ұршық 8 – 14000 айн./мин жасайды.
Ұршықтың әрқайсысы 1 мин-та 8 – 18 м жіп иіреді. Жіп иіру станогында
жұмыс істейтін бір адам 200 – 2000 ұршық жұмысын бақылайды.
Жіп иіру станогы

Ұқсас жұмыстар
Мақтадан жасалған жіптер
Жібек маталардың ассортименті
Мақта матасы
Кілем тоқу өнері
Тоқыма заттардың күтімі
Тігін машинасының инесі
Сүйікті пәндері
Жайдарлы тігін шеберханасы
Жобаның түйіндемесі
Бекітетін материалдар мен фурнитура ассортиментін талдау
Пәндер