Экономикалық циклдардың типтері



Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың циклдылығы
Жұмыссыздық пен инфляция

Жоспар:
1. Экономикалық өсу түрлері және себептері;
2. Дамудың циклдығы - экономикалық заңдылық;
3. Жұмыссыздық және оның түрлері, Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
4. Инфляция деңгейі, Болжанған және болжанбаған инфляция.

1. Экономикалық өсу түрлері және себептері;
Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі.
Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді;
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек;
3. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту;
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады;
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады.
Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту) ;
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру) .
Экстенсивті типі - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі.
Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

2. Дамудың циклдығы - экономикалық заңдылық;
Өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикалық дамуы циклмен сипатталады: басылу, көтерілу, күйреу, жандану, қайтадан басылу, тағы да жандану, және т. с. с. Бірақ бұл қайталану шеңбер емес, шиыршықты серіппе (спираль) түрінде жүреді.
Сондықтан циклдылық - бір орында тұру емес ол прогрессивтік даму формасы.
Цикл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын білдіреді.
Ауытқудың үш түрі бар.

1) Нарықтық сұранымның тауарлар мен қызметтердің ұсынысынан ауытқуы. Бұл қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болуы мүмкін. Біріншісі тез ауытқып кету, екіншісінде тепе-теңдік үш-төрт жылдан соң қайта кәсіптендіру арқылы қалпына келтіріледі;
2) Сұранымның жабдықтарға, құрылыстарға және т. б. өзгеруімен байланысты ауытқулар 8-12 жылда капиталдың қайта жиналуымен жеңіп шығады.
Бұл Маркспен, Энгельспен зерттелген өнеркәсіптік циклдар деп аталады. Олардың ұзақтығы орташа цикл деуге де болады. 10-15 жылға мерзімінің созылуы негізгі капиталдың жұмыс істеу мезгілімен түсіндіріледі;
Негізгі капиталды жаппай жаңарту экономиканы жандандыруға әкеледі, ол көтерілуге көшеді және жұмыс істейтін техниканың ескіруі дағдарысқа соғады.

3) Бір технологиялық өндіріс әдісінен екіншіге өтумен байланысты ауытқу, оның аралары (шегі) адамзат өркениетінің ірі кезеңдерімен шектеледі.
Бұл өтулер өндірістің барлық құрамдас элементтерінің ауысуына әкеледі, бір жұмысшылар ұрпағы басқамен ауысады немесе олар түбімен басқа мамандыққа көшеді.
Технологиялық өндіріс әдісі - материалдармен, технологиямен, ақпаратпен және өндірісті ұйымдастыру мен, еңбек құралының бірлігі, тұтастығы.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

Экономикалық циклдардың типтері

Қазіргі кездегі экономистерде циклдың себебін анықтауда үш жол бар:
Бірінші жол - циклды сыртқы (экзогендік) факторлармен түсіндіреді;
Екінші жол - ішкі (эндогендік) факторлармен;
Үшінші жол - бірінші және екіншінің қосындысымен (синтез) ;
Бірінші жолда негізгісі - сыртқы факторларды зерттеу. Сыртқы факторлар - экономикалық жүйеден тыс болатын көріністер.
Оған жататындар: тұрғындар санының өзгеруі, ойлап табу - инновациялар, соғыстар және басқа да саяси жағдайлар.
Тұрғындардың өсуі өндіріспен жұмысбастылық деңгейін өсіреді, ол көтерілу шыңына әкеледі.
Тұрғындар санының төмендеуі кері нәтиже береді.

Технологияның түбімен өзгеруі (автомобиль, самолет, компьютер) іскерлік белсенділіктің жоғарлауына және кең инвестицияға әкеледі.
Осыдан - жаңа жұмыс орындары ашылады экономиканың өсуі басталады. Саяси жағдайлар іскерлік белсенділікке әр түрлі әсерін тигізеді.
Екінші жолдың негізгісі - ішкі факторларды оқу.
Ішкі факторлар бұл жүйенің ішінде болатын көріністер. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау және үкіметтің әрекеті.
Экономикалық циклда сұраныс пен ұсынымның әр түрлі үйлеспеу формаларында көрініп отыратын іс белсенділігінің (кәсіпкерліктің) өрлеу кезеңдері және құлдырау кезеңдері болып тұрады.

Циклдың көрінісі дегеніміз - әр түрлі экономикалық белсенділік көрсеткіштерінің ауытқуларын қосқандағы алатын нәтиже: ЖҰӨ-ның өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі т. б.
Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді.
Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.

Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды;
2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі;
3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді;
4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:
Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады;
Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады;
Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:
Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді;
Инвестициялар өседі;
Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі;
Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды;
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:
Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады;
Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады;
Тауарлардың бағасы өседі;
Қарыз капиталының ұсынысы өседі;
Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Экономикалық дамудың циклділігі (кезеңділігі) - өндірістің өсуі құлдырауымен, іскерлік белсенділіктің артуы кемуімен алмасып отыратын нарықтық экономиканың үздіксіз толқулары.
Экономикалық цикл - бұл бір экономикалық құлдыраудың басталуынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең.
Яғни, ол өндіріс, инфляция, жұмысбастылық деңгейінің қандай да бір уақыт аралығындағы өзгеруі.

Цикл фазасы
Ерекшеліктер
Құлдырау
(Сурет-1-дегі
АӘ қисығы)
өндіріс көлемінің қысқаруы => жалақының төмендеуі => жұмыссыздықтың көбеюі => пайыз мөлшерлемесінің көтерілуі => банк, кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырай бастауы => елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы
Тоқырау
(Сурет-1-дегі
ӘВ қисығы)
өндірістің, бағаның төмендеуінің, тауарлардың босалқы қорларының өсуінің тоқталуы => кәсіпкерлік сектордың жаппай банкроттыққа ұшырауы => жаппай жұмыссыздық => өте төмен жалақы => пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі => экономика шыңырауға (Сурет-1-дегі Б нүктесі) дейін құлап, тоқырауы => іскерлік белсенділікке негіз қалыптаса бастауы
Жандану
(Сурет-1-дегі
ВС қисығы)
өндіріске инвестициялар келе бастайды => іскерлік белсенділіктің жандана бастауы => жұмыссыздық азая бастауы => бағалардың көтеріле бастауы => өндіріс көлемінің өсуі => экономиканың бұрынғы шың деңгейіне (сурет-1-дегі А нүктесі) жетуі
Өрлеу
(Сурет-1-дегі
СД қисығы)
Бағалардың едәуір өсуі => жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне дейін азаюы => шамадан тыс жұмыспен қамтылу => жалақының жоғары деңгейі => несиеге сұраныстың артуы => бос ақша капиталы ұсынысының өсуі => өндірістің экстенсивті ұлғаюы => тауарлардың артық өндірілуінің ұлғаюы (AS > AD) => экономиканың шың деңгейіне (Сурет-1-дегі А және Д нүктелері) жетуі

тоқырау

3. Жұмыссыздық және оның түрлері, Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
Жұмыспен қамтамасыздық маңызды макроэкономикалық сипат. Ол жұмыспен қамтылған жұмысқа қабілетті адамдар саны.
Жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысы жоқ адамдар жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар сомасы экономикадағы еңбек ресурсын (белсенді халық санын) құрайды.
Жұмыссыздық түрлері:
1. Фрикциондық жұмыссыздық орын ауыстыру қажеттілігінің объективтілігімен байланысты;
2. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс орыны құрылымының жұмыс күші құрылымына сәйкес келмеуінен болады;
3. Циклдық жұмыссыздық экономикалық құлдырауға байланысты жұмыссыздық.
Толық жұмысбастылық экономикада фрикционды және құрылымдық жмыссыздар болса да орын алуы мүмкін.

Жұмыссыздық деңгейі = жұмыссыздар саны/жұмыс күші *100% Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметік салдары болады: ЖҰӨ-нің потенциалды деңгейінен қалыс қалуы, әртүрлі әлеуметтік топтар арасында жұмыссыздық шығындары әркелкі таралады, жұмысшылардың квалификациясы жойылады. Мемлекет еңбек рыногын үш бағытта реттей алады: еңбек биржалары арқылы жұмыссыз дарды қайта оқыту, еңбек қатынастарын құқықтық қамтамасыз етеді, жұмыссыздықтан зиян шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (u*) - бұл уақытша жұмыссыздар мен құрылымдық жұмыссыздар санының жиынтығы:
u* = Uf + Us
Яғни, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады және ол жұмыс күшінің жуық шамамен 5 %-ын құрайды.
Толық жұмыс бастылық - циклдік жұмыссыздық жоқ, яғни нөлге тең (Udd = 0) болғандығы жұмыс күшінің жұмыспен қамтылуы деңгейі.
Толық жұмысбастылық кезінде ұлттық өндіріс қуатының 80-90 %-ы қолданыста болады және осы күйдегі ұлттық өндірістің көлемін әлеуетті (потенциалды) ЖІӨ деп атайды

Уақытша жұмыссыздық (Uf) - бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі.
Бос жұмыс орындары және оған үміткерлер туралы ақпараттар жеткіліксіз, тіптен бар болған күннің өзінде бұл ақпараттар таралуы үшін белгілі шамада уақыт қажет. Міне, сондықтан да жұмыстан өз қалауы бойынша немесе еріксіз босағандар және жұмыс күшінің құрамына жаңадан қосылған мамандар белгілі бір мерзім аралығында жұмыссыз болады. Бұл топтың басты артықшылықтарының бірі - олардың еңбек нарығында сата алатын дайын «кәсіби дағдысы» бар. Яғни, олар өздерінің еңбек күшін тез арада сата алады. Қорыта айтқанда, уақытша жұмыссыздар өздерінің еңбек күшін тез арада сату арқылы, қысқа мерзімді кезеңде жұмысбастылар санатына қосылады.
Құрылымдық жұмыссыздық (Us) - бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі. Яғни, құрылымдық жұмыссыздар - олар ғылыми-технологиялық ілгерлеушілік нәтижесінде мамандықтары аса қажетсіз немесе мүлдем жарамсыз болуы себепті жұмыстан шығып қалғандар не жұмыс таба алмай жүрген тұлғалар. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе еріксіз (амалсыз) және ұзақ мерзімді сипатта болады. Себебі, еңбек нарығында олардың «дайын машығына» (мамандығына) сұраныс жоқ болғандықтан, оларға кәсіби қайта даярлықтан өтуіне немесе тұрғылықты мекендерін ауыстыруларына тура келеді. Аталмыш шаралар едәуір ұзақ уақытты қажет етеді

Циклдік жұмыссыздық (Udd) - экономикалық циклдің құлдырауы кезеңінде жиынтық тұтыну шығындарының азаюы салдарынан өндірістің қысқаруымен байланысты пайда болатын, жұмыссыздықтың бір түрі.
Циклдік жұмыссыздар - бұлар ұлттық өндірістің қысқаруымен байланысты жұмысын жоғалтқандар. Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазасында уақытша және құрылымдық жұмыссыздық циклдік жұмыссыздықпен толықтырылады. Ал, циклдік өрлеу фазасында циклдік жұмыссыздық болмайды (Udd = 0) .

4. Инфляция деңгейі, Болжанған және болжанбаған инфляция.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz