БИРЖА ТҮРЛЕРІ


Slide 1

БИРЖА ТҮРЛЕРІ

Slide 2

Биржа (лат. bursa - әмиян) - сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі;

қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

Slide 3

Биржалар 15 - 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап сипатта болды.

Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді.

Slide 4

Биржа түрлері

Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалар:

Тауар биржасы

Қор биржасы

Валюта биржасы

Еңбек биржасы

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады.

Мұнда негізінен, бір текті өнімдер - астық, мақта, металл, т. б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады.

Slide 10

Дүние жүзіндегі ірі тауар биржаларына:

Лондон халықаралық биржасы

(мұнай өнімдері, мазут, т. б. ),

Токио тауар биржасы

(асыл металдар, алтын, күміс, платина, т. б. ),

Лондон металдар биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т. б. ),

Нью-Йорк тауар биржасы

(алюминий, алтын, т. б. ),

Орталық Америка тауар биржасы

(астық өнімдері, бидай, жүгері, т. б. ) жатады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі.

Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 - 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді.

Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

Slide 16

Валюта биржасы - валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі.

Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты.

Дүниежүзілік валюта биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

Slide 17

Еңбек биржасы - жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді.

Еңбек биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т. б.

Slide 18

Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:

саудагерлер еркін сауда жасайтын пиаса түріндегі ашық биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;

өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.

Slide 19

Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді.

Биржа мүшелері биржа делдалдары және дилерлер болып бөлінеді.

Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады.

Қазақстанда биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор биржалары шапшаң дамыды.

Slide 20 Slide 21

Биржа айналымы - белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады.

Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды.

Slide 22

Биржа Бағасы - биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы.

Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.

Slide 23

Биржа дағдарысы - экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы.

Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцианың қоғамдардың пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады.

Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды.

Slide 24

Биржа делдалдары - қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар.

Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т. б. жөніндегі деректерге қанық болады.

Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша Биржа делдалдары өз есебінен келісім жасасуға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды.

Slide 25

Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын Биржа делдалдары міндетін де атқарады.


Ұқсас жұмыстар
Тауар саудасының Тауар саудасының ұйымдасқан формасы ұйымдаспаған формасы
Репо операциялары
экономикалық институттар,меншік және кәсіпкерлік
Қазақстандағы қор биржасы
Қор биржасы. Оның құрылымы мен қызметтері
НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ
Қазақстан қор биржасы
Қаржы және валюта нарығы
Әлемдік нарықтағы қор биржасы
Қаржы рыногы және қор биржасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz