Бағалы қағаздардың жіктелуі


Slide 1

Бағалы қағаздардың жіктелуі

ОРындаған: Қаржы-201

Абдуллина а.

Боран г.

Slide 2

Бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады. Құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

Slide 3

Бағалы қағаздардың жіктелуі

Түсіретін кірінісіне

Эмитенттің сипатына

Айналым мезгілі мен айналым жеріне

Slide 4

Түсіретін кірісіне байланысты:

Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді.

Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді.

Slide 5

Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Қазыналық бағалы қағаздар

Жергілікті әкімшіліктер бағалы қағаздары

Қаржы институттары мен корпорациялар бағалы қағаздары

Банктердің бағалы қағаздары

Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары

Slide 6

Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.

Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.

Slide 7

Айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты уақыт және кеңістік сипаттамалары арқылы сипатталады

Уақыт сипаттамасы:

Қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;

Пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан;

Кеңістік сипаттамасы:

Қызмет ету нысаны: қағазда немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;

Ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;

Аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған;

Slide 8

Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

Мерзімді бағалы қағаздар - оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар, әдетте олар:

● Қысқа мерзімді - айналымда бір жылға дейін жүреді;

● Ұзақ мерзімді - айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді;

Мерзімсіз бағалы қағаздар - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Slide 9

Нарықтық экономикада қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең маңызды элементi - бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлiк қоғамдар мен банктер акция, облигация, вексель, сертификаттар және т. б. түрiнде шығарады.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар мағынасы және олардың жіктелуі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Инвестициялық портфельдің құрамы мен құрылымы бойынша тұсаукесері
Бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар нарығының іргелі талдау
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау туралы
Дәріс No8. Бағалы қағаздар портфельін қалыптастыру
ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz