Қарағанды қаласы


Slide 1

Қарағанды қаласы

Slide 2

Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543, 3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453. 4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.

Slide 3

Аппақ Байжанов туралы аңыз

Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен.

Slide 4

1824 - Аппақ Байжановтың туғанына 185 жыл және А. Байжанов ескерткішіне 10жыл 1999ж. 29. 08.

А. Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты (қазіргі "Северная" шахтасының жері) . Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. А. Байжановтың жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н. Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады. Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кәсіби мерекесін және Қарағанды қаласының 65 жылдығын тойлау кезінде А. Байжановтың ескерткішін ресми ашу рәсімі болды

Slide 5

Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күні-күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады. Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады.

Slide 6

- Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла"өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: - Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете калысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас"болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас"туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой"деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді.

Slide 7 Slide 8

Ұлттық құрамы

Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33, 2%-ы қазақтар, 47, 9%-ы орыстар, 3, 4%-ы немістер, 3, 2%-ы татарлар, 5, 2%-ы украиндер, 1, 3%-ы белорустар, 1, 6%-ы корейлер, 4, 2%-ы басқа ұлт өкілдері.

Slide 9

Демография

2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу - 16, 85 өлім - 13, 89 табиғи өсім - 2, 96 Қалада 01. 01. 07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471, 8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256, 7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215, 1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы. Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.

Slide 10

Өнеркәсіп

Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.

Slide 11

Ауыл шаруашылығы

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14, 9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10, 3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3, 0 мың га - егістік алқаптар. * 2006 жылғы астыққа 2, 9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0, 1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1, 3 мың гектарын картоп, 0, 5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0, 1 мың тонна дән дақылдар, 23, 5 мың тонна картоп, 12, 5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0, 7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3, 5 мың тонна сүт; 1991, 0 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Slide 12

2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3, 0 мың бас; қой мен ешкі - 1, 1 мың бас; шошқа - 2, 4 мың бас; жылқы - 0, 1 мың бас; құс - 22, 8 мың басты құрады. * Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде - 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында - 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды. Қалада • 26 кітапхана, • 9 клуб типті мекеме, • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • 3 театр, • 2 мұражай, • 1 концерт залы, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге.

Slide 13

Қарағанды қаласының ескерткіштері

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.

Slide 14

Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ

Slide 15

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Slide 16

Білім және ғылым


Ұқсас жұмыстар
Табиғатты қорғау – болашақты ойлау
Шахтер Даңқы монументі 1974 жылы
ГОРМОНДАР
Орталық Қазақстан
Темір және марганец
Батыстағы қалалар
Теміртау қаласы
Балқаш қаласы
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы
Алматы филиалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz