Христиан діні


Slide 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

Пәні: Әлеуметтану

ОСӨЖ:

Мәдениет, білім және дін.

Дайындаған:

Тексерген: Абдрахманова К. Ж.

Қарағанды

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе.

Мәдениет. Мәдениеттану: түрлері, негізгі факторлары.

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Дін: алғышарттары, түрлері.

ә) Білім. Білімнің қалыптасу тарихы. Білім беру жүйесі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Мәдениет

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.

Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат».

Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.

Slide 4

Мәдениеттану

Мәдениеттану - ХХ ғасырда ғана ғылыми пән ретінде қалыптасқан жаңа ғылымдардың бірі. Бірақ мәдениет зерттеу пәні ретінде ХVІІ ғасырлардан бастап философтар мен тарихшыларды қызықтыра бастады.

Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Канттың (1724-1804) пікірінше, тек екі нәрсе адамды тандандырады: жұлдызды аспан және адамның ішкі рухани дүниесі. Соңғының өзегін рухани мәдениет құрастырады.

Slide 5

Мәдениеттің түрлері

«Материалдық мәдениет» дегеніміз - қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы.

«Рухани мәдениет» деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды.

Slide 6

Мәдениеттің негізгі факторлары:

1. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.

2. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.

3. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.

4. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.

5. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.

Slide 7

Дін

Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Мәдениет пен дін қатынасының әр түрлі мәселелерін А. В. Горький, А. В. Карташев, П. А. Флоренский сияқты тарихшылар мен философтар қарастырды.

Ағылшын этнографы Дж. Фрезер «Барлық мәдениет ғибадатханадан пайда болған, дін - мәдениет негізі» - дейді.

Slide 8

Діннің алғышарттары

Діннің ең алғашқы түрі - фетишизм (француз тілінен fetich - идол, тұмар) . Ол жансыз дүниеге табыну нәтижесінде пайда болды.

Діннің ең ежелгі түрі - анимизим (латын тілінен anima - жан) - жанның болатынына сендірсе, тотемизм - адамдар мен жануардың туыстығын дәлелдеуге тырысты.

Қоғамның одан әрі дамуы ұлттық - халықтық діндерді - политеизмді тудырды (иудаизм, индуизм, синтоизм, конфуций ілімі) .

Қазіргі таңда діннің негізгі 3 түрі ажыратылады: христиан, ислам, будда діндері.

Slide 9

Христиан діні

Христиан діні - (грекше Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік, әлем бойынша ең көп таралған дін.

Б. д. д. I ғасырда ол құлдар мен кедейлердің, Рим империясына бағынышты халықтарының арасында тарады.

Христиан дінің басты идеялары - Иисус Христостың күнә кешу қызметі, Христостың адамдар арасында екінші рет оралуы, Азапты сот, аспанға жалбарыну, аспан патшалығының орнатылуы.

Христиан дінінің 3 бағыты бар: католицизм, православие, протестанттық бағыттар.

Slide 10

Ислам діні

Ислам діні (араб. : إسلام‎) - әлемдік монотеисттік - ибраһимдік дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну». Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады.

Ол б. д. VII ғасырында Аравияда басқа діндерден бөлек әлеуметтік жағдайда қалыптасқан еді. Ислам Азия мен Африка халықтарының арасында кеңінен тарады.

Ислам дінің негізін салушы, есімі көзінің тірісінде аңызға айналған - Мұхаммед пайғамбар.

Ол өзінің шәкірттеріне айтып отырып, мұсылман діні қағидалары мен ережелерін жинақтаған «Құранды» жазғызды. Құран кітаптың түскен жері мен уақытына байланысты Меккелік және Мединалық болып бөлінген, 114 сүреден тұрады.

Slide 11

Будда діні

Буддизм (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б. з. б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Ол діни шығармалар жинағы «Трипитакада» («Үш себет») баяндалған.

Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді.

Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.

Slide 12

Білім

Білім - адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т. б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т. б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады.

Slide 13

Білімнің қалыптасу тарихы

Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт - дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішінінде болды.

Білімнің айрықша пішіні ретінде рационалды білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философия ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дәлелдеудің айрықша түрлерін, негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия шеңберінде айрықша пән - ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды.

Сондықтан Платонның «билеуші - философ» идеалы - қазіргі «ақпараттық қоғамда» өзінің көрінісін тапты, яғни билік білімнің қазіргі формасы - ақпаратты иелену ретінде айқындалуда.

Slide 14

Білім бері жүйесі

Білім беру жүйесі - білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Қазіргі кезде Қазақстандағы білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ол үшін елімізде мына жаңашылдықтар енгізілді:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының дамуы;

- 12 жылдық білім беру;

- Кәсіби деңгейдің дамуы;

- Мұғалімдердің біліктілігін тексеру, көтеру («аттестация», «категория» ұғымдары) ;

- Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру;


Ұқсас жұмыстар
Христиан бөлімдері
Христиан діні туралы
Католиктік шіркеу
Дін және мәдениет
Несториандық христиан діні
Мұсылман діні белгісі
Аллаһ сөзі
Христиан дінінің тармақтары
Христиандық философия:
Православие философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz