Девиацияның формалары



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы
Пәні: Әлеуметтану
ОСӨЖ:
Девиантты мінез-құлық, қылмыс және қоғамдық бағылау. Девиантты мінез - құлықтың медико - әлеуметтік мәселелерін оқу.
Дайындаған:
Тексерген: Абдрахманова К. Ж.
Қарағанды

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Девиантты мінез-құлық ұғымы. Оның негізгі белгілері.
2) Ауытқымалы мінез - құлықтың табиғаты мен типтері, формалары. Криминогендік мінез - құлық, қылмыс.
3) Қоғамдық бақылау.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Девиантты мінез - құлық
Девиантты (ауытқымалы) мінез-құлық деп біз ресми қабылданған немесе белгіленген қоғамдық нормаларға сай келмейтін, қоғам тарапынан мақұлданбайтын мінез-құлықты айтамыз.

Ауытқымалы (девиантты) мінез-құлықтың негізгі белгілері:
1) Девиантты мінез-құлық пен оны көрсететін тұлға өзге тұлғалар тарапынан айыпталады (әлеуметтік санкциялар) .
2) Ол тұлғаның өзіне немесе оны қоршаған тұлғаларға нақты залал келтіреді. Осылайша, девиантты мінез-құлық деструктивті әрекет жасайды.
3) Оны тұрақты түрде қайталанатын және ұзақ мерзімді мінез-құлық ретінде анықтаймыз.
4) Ол айқын даралықты және жас ерекшелікті-жыныстық сипатқа ие болады.
5) Ол әлеуметтік дезадаптация құбылыстарымен қатарласа жүреді.
Девиантты мінез-құлық 5 жастан бастап жүруі мүмкін.

Әлеуметтік ауытқудың негізгі түрлері:
1. Мәдени және психикалық ауытқулар. Яғни, әлеуметтік қауымдастықтарға тән мәдени нормаларға сай келмейтін мінез-құлық
2. Жекеленген және топтық ауытқулар.
3. Бастапқы және екінші ауытқулар. Бастапқы ауытқу нормаларды көп бұза бермейді, ол болмашы сипатта болады.
4. Мақұлданатын ауытқулар. Мысалы:
- Жоғары интеллектуалдылық;
- Ерекше қабілеттер
- Ерекше мінез-құлық
5. Айыпталатын ауытқулар:
- Өзгеше кері мінез-құлық
- Заң бұзушылық.

Р. Мертон девиацияны мәдени мақсаттар мен оларға жету тәсілдерімен анықтайды:
Конформизм - мақсаттармен де оған жету жолдарымен де келіседі, ештеңе бұзбайды;
Инновация - мақсатпен келіседі, алайда оған жету жолдарын мақұлдамайды;
Ритуализм - мақсаттармен келіспейді, біларқ жету жолдарын орындайды;
Ретретизм - мақсаттардан да, оған жету жолдарынан да бас тартады; (маскүнемддер, нашақорлар, қаңғыбастар) ;
Бунт - жаңа мақсаттар мен оларға жету жолдарын қалыптастыру.

Девиацияның формалары:
Бастапқы девиация - ауытқудың аса қауіпті болмауы, бірінші рет кездесуі;
Қайталама девиация - қайталанатын, әдейі жасалатын ауытқу;
Дезадаптация - жаңа нормаларға бейімделе алмау;
Деликвенттілік - заң нормаларын бұзатын девиация;
Аддикция - бір нәрсеге деген құштарлық, құмарлық (клептомания) .
Аномия - девиацияның ең жоғарғы формасы. Ол мүлдем нормалардың болмауы, жаппай психоз жағдайында туындайды.
Аномияның ең жоғарғы формасы - суицид.
Криминогендік - заң бұзу нормаға айналатын жағдай.

Криминогендік мінез - құлық
Криминалды мiнез-құлық заңға қайшы әрекеттерi, қылмыс, арқылы анықталады.
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Жасына қарай қылмыс кодескiнiң белгiлi статьясына байланысты қылмыстық iс қозғайды. Олардың іс-әрекеттері қоғамға және қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп табылады.

Заңды бұзатын, мiнез-құлқында ауытқуы бар адамдарға тән сипаттар мыналар:
- қылмыс түрлерi мен адамзатқа жат қылықтар жасау;
- iшкi құрылымдық ауытқу (яғни ауытқу белгiлi бiр әлеуметтiк топқа байланысты болса) ;
- ауытқудың сыртқы ортаға бағытталуы (отбасындағы ұрыс-керiс, жұмыс/оқудағы проблемалар нәтижесiнде қылмысқа барса) немесе өзiне зиян келтiрсе (алкоголизм, нашақорлық және т. б. ) .

Бақылау мына жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
Әлеуметтік патологияны басқа пайдалы немесе бейтарап формалармен ауыстыру;
Патологияны басқа бағытқа бұру;
Заңдастыру;
Көмектесу;
Заңды қатайту немесе жұмсарту.

Қоғамдық бақылаудың түрлері:
Оқшаулау (Изоляция) . Девиант пен өзге қоғам арасына шектеу қою.
Бөлектеу (Обособление) . Девиантты өзге адамдардан бөлектеу, бірақ бұл қоғамнан бөлектеу болып табылмайды, керек кезінде оны қайта оралтуға болады.
Ақтап алу (Реабилитация) . Қалыпты жағдайға оралту мен оңалту процесі.

Қорытынды
Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы отбасындағы және қоғамдық ортадағы балаға деген мейірімділіктің тым аздығынан немесе тым көптігінен туындайды. Девиантты мінез-құлықтың алдын алмаушылық қылмыстың артуына алып келеді. Әсіресе бала әлеуметтенуінде оның өмірлік ұстанымдарын берік қалыптастыру маңызды. Сондықтан отбасындағы балаға психологиялық кеңес беру жұмысын жүргізуге ата-аналарды даярлау - әрбір тәрбие мекемелерінің алдында тұрған басты міндеті болуға тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. - Алматы: Дарын. 2005.
2. Нұрмұхамбетова Т. Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4 - томдық. -Шымкент: Нұрлы бейне. 2006.
3. Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. -М. : ЭКСМО-Пресс. 2000.
4. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. -М. : 1992.
5. Кон И. С. Психология старшеклассника. - М. :Просвещение. 1987.
6. Кравченко А. И. Социология. М., 2000.
7. Маркович Данило Ж. Общая социология. М., 1998.
8. Тощенко Ж. Т. Социология. М., 1994.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz