ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ




Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар
кафедрасы

ОСӨЖ №2: Патология және танымдық
процестерді зерттеу әдістері

Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А.С.

Қарағанды
Жоспар:
І. Кіріспе.
«Патология», «Патологиялық психология» ұғымдары.
ІІ. Негізгі бөлім.
Танымдық процестердің патологиясы.
а) Сана, түйсік, қабылдау процестерінің патологиялары.
ә) Ес, зейін, ойлау, сөйлеу процестерінің патологиялары.
ІІІ. Қорытынды.
ПАТОЛОГИЯ

Патология (грек. pathos – қасірет және logos – ілім) –
патологиялық процестер мен жеке ауруларды зерттейтін
ғылым, қалыптан тыс ауытқу. Медицинаның адам мен
жануарлар организміндегі әр түрлі ауытқуларды зерттейтін
клиника саласы.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

Патологиялық психология - ауырған адамның психикалық қызметі
мен қасиетінің, мінез-құлықтың ауытку заңдылықтарын зерттейтін
психология (медициналық психология) ғылымының саласы. Патологиялық
психология психологиялық теорияға сүйеніп, аурудың қозуы мен қайтуын
дені сау адамның психикалық үрдістерінің қалыптасуы мен өту сипатын
салыстыру арқылы анықтайды.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
ПСИХОПАТОЛОГИЯ

Патологиялық психологияның
психопатологиядан айырмашылығы -
клиникада байқалған психикалық ауыр күйдің
құрылымдық ерекшелігі мен түрлену
сипатын психикалық әдісті қолдану арқылы
түсіндіреді.
ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ

ТҮЙСІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ
Гиперестезиялар - психикалық тітіркену
табалдырығының төмендеумен, жоғары
сезімталдықпен, үйреншікті тітіркендіргіштер
өте күшті, ауырсыну деп қабылданады.
Гипостезиялар - психикалық тітіркену
табалдырығының жоғарлауымен, үйреншікті
тітіркендіргіштер өте әлсіз деп қабылданады.
Анестезия – сезгіштіктің болмауы.
Парестезиялар - сезімталдықтың
бұрмалануы.
ҚАБЫЛДАУДЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Иллюзиялар - шынайы заттар мен
қубылыстарды жалған, бұрмаланған түрде
қабылдай.
Галлюцинациялар - шынайы затсыз
жалған қабылдау. Олар психоздың формалдық
симптомы деп түсіндіріледі.
Психосенсорлық бұзылыстыр - сенсорлық
синтездің бұзылуымен, сезімдік танудың
патологиясы.
Дереализация - шынай орта жалған,
жасанды деп қабылданады.
ЕСТІҢ БҰЗЫЛУЫ
Дисмнезиялар - естің динамикасының бұзылуы.
Пармнезиялар - мнестикалық процестердің патологиялық өнімдері.
Гипермнезиялар - естің еріксіз жылдамдауы.
Гипомнезиялар - естегі ақпатартты жекелеген түрде шығып кету.
Амнезиялар - белгілі уақытта болған оқиғалардың, естен шығуы.
ЗЕЙІННІҢ БҰЗЫЛУЫ
Зейінннің әлсіреуі ықылассыздықтан көрінеді. Оның бірінші түрі,
зейіннің аз қарқындылығымен анықталатын, алаңғасарлық болып
табылады.
Екінші түрі ішке бағытталған зейіннің жоғары қарқындылығы мен
басқаға ауысып қосылу қиындылығымен анықталады.
ОЙЛАУ МЕН ЗИЯТТЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Ойлаудың негізгі сипаттамалары:
1) Қарқыны, жылдамдығы;
2) Қисындылық (грамматикалық және логикалық);
3) Мақсатқа бағыттылық;
4) Өнімділік.
Осыған сәйкес ойлау процесінің жылдамдауына немесе
баяулауына, ойлайдың үзіктілігін, параллель құрауыштарын,
мақсатқа бағытталған ерекше бұзылулары байқалады.
СӨЗДІҢ БҰЗЫЛУЫ
Сөздің бұзылуы афазия деп аталады.
1) Моторлық афазия - сөзді айту
қабілетінің елеулі төмендеуі немесе
қабілетсіздігі.
2) Сенсорлық афазия - қоршаған
адамдардың сөзін түсінудің бұзылуымен
сипатталады.
3) Амнестикалық афазия кезінде
негізгі бұзылу заттарың атын ұмытып
қалудан тұрады (ми сыңарының сөздер
үшін төбе-шүйде облысының
зақымдануы).
Таным процестерін зерттеу әдістері
Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін
әрекеттердің жиынтығы.
Таным процестерін зерттеу әдістері 2 түрге бөлінеді:
1. Эмпирикалық әдіс – әрбір адамның ойлау қабілетінің
деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге
деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Бұл
әдістің негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін
циркульмен салыстырған.
2. Ғылыми әдіс - адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана
қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің
ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Эмпирикалық зерттеу әдісі
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды
тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері
бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар
қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған
орындар арқылы бақылау.
Ғылыми зерттеу әдісі
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге
төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің
мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни
дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық
фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста
болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Қорытынды
Қорытындылай келе, танымдық процестер адамның
көзқарасын, білімін кеңейтіп, қоршаған ортаны жаңа
қырларынан ашуға талпындырады. Олардың нормаға
сай болу, болмауына адамның барлық салалардағы іс-
әрекеттері байланысты болады. Сондықтан да, бұл
процестердің нормасы/патологиясы тақырыптары
адамзаттың ең маңызды, өзекті мәселелерінің бірі
болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Патопсихология», Зейгарник Б.В. 1987.
2. «Медициналық психология», Ғ. Құдиярова, Б. Жарбосынова.
Алматы, 2014.
3. «Психология негіздері», Жарықбаев Қ.Б. Алматы, 2012.
4. https://studopedia.org/5-48243.html\
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Еріктің кезеңдері
Аддиктивті бұзушылықтар психологиясы
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ТУРАЛЫ
Әр түрлі аурулардың ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері
Психотүзетудің негізгі әдістері
Тұлға психологиясы бөлімі
ПСИХОЛОГИЯ пәні
Ішкі ауру көрінісі және ауруға деген қарым - қатынас түрлері
Клиникалық бағыттар
Сауалнама әдістері
Пәндер