Жас ерекшелік дамуының кезеңдері мен күйзелістері



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы СӨЖ №1: Жас ерекшелік дамуының кезеңдері мен күйзелістері
Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А. С.
Қарағанды

Жоспар:
І. Кіріспе.
Жас ерекшеліктер психологиясы.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Жас ерекшелік кезеңдері.
ә) Жас ерекшелік күйзелістері.
ІІІ. Қорытынды.

Жас ерекшеліктер психологиясы - психология ғылымының құрамдас бөлігі, ол жалпы психологияның негізгі категориялары мен қағидаларына сүйенеді. Жалпы психологияның базалық категориялары: психикалық үрдістер (зейін, ес, түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, қиял), психикалық қасиеттер (қабілет, мінез, темперамент), психикалық күйлер (эмоция, сезім, ерік және т. б. ) .
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатадыжәне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму процесіне көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Ол мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: « . . . өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар» - деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына аса зор зейін аудартты.
ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Жас ерекшелігі психологиясының құрылымы:
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК КЕЗЕҢДЕРІ
1. Нәрестелік кезең (1 жасқа дейін) ;
2. Бөбек кезең (1 - 3 жас) ;
3. Мектепке дейінгі кезең (3 - 7 жас) ;
4. Бастауыш мектеп кезеңі (7 - 12 жас) ;
5. Жасөспірімдік кезең (13 - 17 жас) ;
6. Балғын жастық кезең (18 - 25-30 жас) ;
7. Кемелдік кезең (30 - 55-60 жас) ;
8. Қартаю кезеңі (60 - 70 жас) ;
9. Кәрілік кезең (70 - тен жоғары) .

1. НӘРЕСТЕЛІК КЕЗЕҢ.
Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады». Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.

2. БӨБЕК КЕЗЕҢ.
Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Сондықтан да, осы кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды.

3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ.
Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.

4. БАСТАУЫШ МЕКТЕП КЕЗЕҢІ.
Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-150 см, салмағы 30 кг - нан артады.

5. ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢ.
Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді.

6. БАЛҒЫН ЖАСТЫҚ КЕЗЕҢ.
Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді. Ағзадағы барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, міңез-құлық әрекеттерін басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және т. б. қасиеттер толық калыптасады. Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу кабілеті де арта түседі. Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды. Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі.

7. КЕМЕЛДІК КЕЗЕҢ.
Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Бұл кезеңнің соңында жыныстық бездер қызметі әрекетіне байланысты соңғы рет гормондық қайта құрылу басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі.

8. ҚАРТАЮ КЕЗЕҢІ.
Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
9. КӘРІЛІК КЕЗЕҢ.
Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КҮЙЗЕЛІСТЕРІ.
Күйзеліс - бұл бір жастан екінші жас кезеңіне өту кезінде психикада өзгеріс болып, даму секірмелі сипатта болатын өтпелі кезең. Дамудың жас күйзелістері кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен жиі кофликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді.
Күйзеліс кезеңдері - балалық шақтың аяқталуы, ересек жасқа жол ашылу кезеңі болып табылады. Күйзеліс уақытын «өтпелі», «қиын», «сыни» кезең деп те атайды. Әрбір дамып келе жатқан адам ағзасын жақсы түсіну үшін, психологиялық себептер мен күйзелістің шығуын білу керек.

Дағдарыс - тепе- теңдіктің бұзылысын, жаңа қажеттіліктердің пайда болуын, жеке тұлғадағы мотивациялық сферасының құрылуымен түсіндіріледі.
Дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипаты біріншіден даму кезеңі бойынша анықтау процесі болса, екінші кезеңінің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамды темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық жолмен əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі.

Жалпы көп ғалымдар осы дағдарысты зеттеп, қарастырған болатын. Мысалы: Л. С. Выготский белгілі бір дəуірлерді, сатыларды, фазаларды даму өзгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады.
Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, əр жастың мəнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңақ ұрылымдар» - деп берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын жəне негізінен баланы санасын, оны ортаға деген қатынасын, оны ішкі жəне сыртқы өмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын анықтайтын, тұлға құрылуын жəне оның іс-əрекетінің жаңа типі, психикалық жəне əлеуметтік өзгерістерді түсінген жөн.

Нəрестелік дағдарыс;
1 жас дағдарысы;
3 жас дағдарысы;
7 жас дағдарысы;
Пубертатты дағдарыс;
Кемелдік дағдарыс;
Қартайған кезеңдегі дағдарыс.

НƏРЕСТЕЛІК ДАҒДАРЫС;
Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым) ;
2) тамақтану (сору, жұту) ;
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу) ;
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру) ;
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу), т. б.

3 ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС
Бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады.
- нақты сөйлей бастайды;
- шағын орталық, бала бақшаларға барады (қарым-қатынастың жаңа түрі) ;
- белгілі бір себептермен қырсығушылық пайда болады (мысалы, тамақтың кейбір түрлерін жеуден бас тартады; аулаға шығып ойнаса, үйге қайта кіргісі келемейді, т. б. ) ;
- «Бәрі менікі!» деген ойдан кері қайту процесі жүре бастайды, т. б.
7 ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезендері сияқты, психикалық дамуыңда дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.
- мектептегі оқу басталады (қарым-қатынас түрі өзгереді) ;
- ой еңбегінің күрделенуі (сынып, үй тапсырмаларын орындау) ;
- ғылымға, техникаға, ақпарат көздеріне құмарлық тың пайда болуы;
- мінездің өзгерісі (көп күледі, қалжыңдайды; жасанды әрекеттер жасауға қызығады, т. б. ) .

ЖАСӨСПІРІМДІК ДАҒДАРЫС
Аса күрделі күйзелістің түрі, басқаша «пубертаттық кезең». Жасөспірімнің тәуелсіздікке, еркіндікке құштарлығы пайда болады. Оған қоса:
- Эмоционалдық (сабырсыздану, күйгіштік, шыдамсыздық, кейде, жалғыссыздану сезімі) ;
- Жаңа қарым - қатынастарға араласу, топтасу;
- Әлеуметтік - қоғамдық мәселелерден ақпарат болып, оларға араласу;
- Өзіндік ойлар мен талғамдардың қалыптаса бастауы;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz