Аддиктивті бұзушылықтар психологиясы
Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Пәні: Психология
ОСӨЖ №7:
Аддиктивті бұзушылықтар психологиясы.
Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А.С.
Қарағанды
Жоспар:
• І. Кіріспе.
• ІІ. Негізгі бөлім:
• а) Аддикция. Аддиктивті мінез - құлық: формалары, себептері,
даму кезеңдері.
• ә) Аддиктивті мінез - құлықтың классификациясы, емделі
әдістері, профилактикасы.
• ІІІ. Қорытынды.
• ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Аддикция. Аддиктиология
• Аддиикция (англ. addiction - тәуелді) - интенсивті эмоциялардың
дамуымен, кейбір заттардың немесе тұрақты сыртқы ортаның
ықпалының әсерінен шынайы өмірден бас тартумен сипатталатын
деструктивті мінез құлық. Бұл психикалық ауру қаупін арттыратын
немесе әлеуметтік проблема болып табылатын қандай да бір
нәрсеге патологиялық тартылу.
• Аддиктиология - аддиктивті бұзылыстарды, аддиктивті мінез-
құлықты зерттейтін ғылым.Аддиктология- аддикцияның пайда
болу себептерін, механизмдерін, клиникалық және психикалық
симптомдарын, динамикасын, коррекция әдістерін және емдік
терапияны қарастырады.
Аддиктивті мінез құлық формалары:
• 1)денеге қашу-өзін физикалық және психикалық тұрғыда
жақсарту;
• 2)жұмысқа қашу-қызметіне көп көңіл бөлу;
• 3)қарым-қатынасқа немесе жалғыздыққа қашу- тұрақты
түрде біреумен сөйлесуге немесе жалғыз қалуға ұмтылу;
• 4)қиялына қашу- иллюзия және қиял әлемінде өмір сүру.
Аддиктивті бұзылыстардың себептері
Биологиялық Әлеуметтік
• Жүктілік патологиясы • Отбасы қоғамының
• Ауыр босанулар бұзылысы
• Ауыр және созылмалы арулар • Отбасындағы қате тәрбие: -
• Бас-ми шайқалуы гипер-/гпоопекающий
• Балалардағы • Бос уақытты дұрыс
гиперкинетикалық қолданбау
бұзылыстар(СДВГ) • Жасөспірімдерде өмірлік
• Алкоголизм немесе ұстанымдардың болмауы
наркомания • Мақсаттылы аддиктивті
• Психикалық аурулар еліктеру
Аддикцияның даму кезеңдері:
• Алғашқы қадам;
• Тәуелділіктен жиі эпизодтары айналып және керекті әдеті
қамтамасыз етіледі «тәуелділік ырғағы»;
• Айқын тәуелділік мінез-құлық кезеңі;
• Физикалық тәуелділік - есірткі тұтыну басым болып, адам
өмірінің барлық аспектілерін басқарады, көңіл-күй арттыру әсері
жоғалады;
• Толық физикалық және психикалық тозуы .
Аддиктивті бұзылыс классификациясы
• Химилық аддикция: алкоголизм, темекі шегу, наркомания,
токсикомания, дәрілік;
• Тағамдық аддикция: тым артық тамақтану, аддиктивті
аштық;
• Химиялық емес: компьютерлік, гемблинг (құмар ойын),
интернетке, ғашықтық, сексуальды, жұмысбастылық,
шопоголик, адамдарға, спорт, дін аддикциясы, ұялы
телефонға, гаджет, теледидар аддикция.
• Алкоголизм – токсикоманияның бір түрі,
алкогольге тәуелділікпен байланысты психикалық
және физикалық тәуелділік түрі. Алкоголизм
ішілген ішімдіктің санын бақылай алмаумен
сипатталатын, аллкогольге толеранттылықтың,
абстинентті синдроммен, ағзалардың токсикалық
зақымдалуымен, естің төмендеуімен сипатталатын
ауру.
• Токсикомания – бұл клей, лактар және басқа да
тұрмыстық химиялық препараттары секілді
денсаулыққа улы, зиян, уытты заттар мен кейбір
медикаменттерді мөлшерден тыс пайдалану. Оларды
пайдаланған кезде бастапқыда әлсіз масаңсу
(эйфория) туындайды, содан соң есінің шатасуы,
бейімделудің жоғалуы, құсу пайда болады. Кейбір
заттар сандырақ, алдамшы қабылдау, иллюзия,
өзінің мүмкіндіктерінің шексіздік сезімін, ойлау
қабілетінің бұзылуын, өзін-өзі бақылаудың
жоғалуын шақыруы мүмкін.
• Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke -
мелшию және manіa - ессіздік, құтырыну) - есірткі
заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде
пайда болатын созылмалы ауру. Коп кездесетін
түрлері: марихуана, героин, кокаин, экстази, т.б.
• Марихуана - кептірілген, ұсақ туралған
жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе
сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы.
• Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін
одан морфин алынды, одан героин шығарылды.
• Кокаин - коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ
ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап
мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін
езеді.
• Экстази - 1987 ж. Испанияда болған бір
дискотекада «экстази» таблеткасын
(метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен
біріктіруден болған эффект «ашылды».
• Дәрілік тәуелділік – препаратты ұзақ
уақыт бойы және қайталамалы
қабылданғанда дамитын және препаратты
алып тастағанда пайда болатын
денсаулығының күрт төмендеуімен
сипатталатын синдром. Ең жиі кездесетін
психотропты дәрілік препараттарға,
глюкокортикостероидтарға тәуелділік ,
абстиненциямен жиі байланысты.
Депрессивті және соматоформды
бұзылыстары бар науқастарда седативті
дәрілерге де тәуелділік болуы мүмкін.
• Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Шылым шегу – зиян қызмет,
оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап
көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. Ол асқа деген тәбетті қайтарады, ас қорытуды
қиындатады, тісті сарғайтып, ауызды сасытады, жөтел және қақырық пайда болады,
көңілсіздікке душар етеді, ұйқыны азайтады, темекі тартатындардың төңірегінде
темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
• Гэмблинг (ойын аддикциясы) (gaming - ойнау), немесе лудомания
дейді.Бұл аддикция түріне жатады: казино, карта, ойын автоматтары,
басқа азартты ойындарына тәуелділік осыған жатқызылады.
• Ғашықтық аддикциясы - қандайда бір объект жанында болу
құмарлығы барлығынан асып түсіп, сол үшін өз жұмысын,
жақындарын құрбандыққа шалуға дейін барады.
Интернет аддикция – химиялық емес түрі. Адамның шынайы әлемінен
гөрі, виртуальды әлеммен өмір сүру.
Жұмысбастылық - басқа тәуелділіктердің
түріне қарағанда,әлеуметтік мақұлданған
аддикция. Бірақ шын мәнісінде
еңбекқорлар белгілі бір психологиялық
проблемасы бар адам. Өте жиі
еңбекқорлық- жеке өмірдегі
шиеленістерден қорқыныш, балалармен
қарым-қатынастың дұрыс
болмауынан,жақын адамынан көңілі
қалудан көрініс табады.
Шопоголизм (ониомания) – тек ляззат алу
үшін қажетсіз тауарларды сатып алу.
Емделу әдістері
• Психотерапия
• Аддиктивті бұзылысқа әкелетін факторды анықтау;
• Отбасымен сөйлесу;
• Ата-анасының бала арасында қарым-қатынасын түзету;
• Науқастың ауруға деген жеке көз қарасын жақсарту.
Аддиктивті әрекеттің профилактикасы
• Диагностикалық, ақпараттық, коррекциялық.
• Аддиктивті әрекетпен күреспес бұрын , бірқатар
заттарды еске сақтау қажет.
• Аддикт – бұл шынайы өмірді адекватты қабылдамайтын ,
өзін – өзі бағалауы бұзылған, өз проблемасын
байқамайтын адам. Аддииктің ауыр жағдайы жиі
соматикалық бұзылыстармен де көрінеді. Сондықтан
психологиялық көмекпен ғана шектелуге болмайды.
Қорытынды
• Аддиктивті мінез - құлыққа, яғни психоактивті заттарды
қолдануға, психологтар, дәрігерлер, педагогтар қызығушылық
танытады. Себебі, бұл - өте өзекті әлеуметтік проблема болып
табылады. Көптеген мемлекеттерде бұл мәселе жасөспірімдерге
қатысты. Олар көбіне химиялық аддикцияға (алкоголь, темекі,
есірткі, т.б.) жақын. Бұл қарапайым дағдыдан басталып, нағыз
тәуелділікке әкелуі мүмкін. Соның нәтижесінде, адамдардың
денсаулығы нашарлайды, әлеуметтік - қоғамдық статусы
төмендейді. Ал бұл дағдыларды ұстанатын ересек адамдардың
ұрпақтарының туа біткен аурулары пайда болады. Сондықтан да,
біз бұл мәселенің қаншалықты маңызды екендігін түсіне отырып,
зиянды іс - әрекеттердің жасалуына жол бермеуіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
• 1. Қ. Жарықбаев «Психология». Алматы «Білім», 1993.
• 2. Т. Тәжібаев «Жалпы психология». Алматы, 1993.
• 3. А. Темірбеков, С. Балаубаев «Психология». Алматы «Мектеп», 1966.
• 4. Ж. Аймауытұлы «Психология». Алматы «Рауан», 1995.
• 5. Р.Т. Байярд, Д. Байярд «Ваш беспокойный подросток». Москва, 1995.
• 6. Э. Берн «Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры».
Санкт - Петербург, 1995.
• 7. А.А. Бодалёв «Личность и общение». Москва, 1995.
• 8. В.А. Кан - Калик «Грамматика общения». Москва, 1995.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz