Еріктің кезеңдері


Slide 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы Пәні: Психология ОСӨЖ №5: Эмоционалды және ерік процестері. Эмоция және ерік патологиясы.

Дайындаған:

Тексерген: Мусабекова А. С.

Қарағанды

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Эмоция: ұғымы, түрлері, бұзылыстары.

ә) Ерік: ұғымы, әрекеттер мен амалдары, кезеңдері,

сатылары, бұзылыстары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Эмоция

Эмоция - тікелей бастан кешіру арқылы объективті құбылыстарды емес, оларға субъективті қатынасты көрсететін психикалық бейнелеудің ерекше түрі. Эмоциялардың ерекшелігі олардың объективті қасиеттерінің субъект қажеттіліктеріне қатынасымен шартталған субъектіге әсер етуші жағдайлар мен объектілердің маңызын көрсетеді. Эмоциялар шындық пен қажеттіліктер арасындағы байланыс қызметін атқарады.

Эмоциялардың бірнеше қызметтері бар: бейнелеуші (бағалаушы), ынталандырушы, нығайтушы, ауыстырушы және коммуникативті.

Slide 4

Эмоциялардың түрлері

Жағымды не ұнамды эмоциялар - адамның қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мысалы, сүйіспеншілік, көңіл қоштық, қуаныш.

Жағымсыз не ұнамсыз - белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін сезімдер. Мысалы, қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену.

Slide 5

Эмоциялардың түрлері

Қарапайым - адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.

Күрделі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы деп ажыратады.

Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.

Slide 6

Физиологиялық механикасына қарай

Төменгі эмоция - шөлдеу, ашығу, жыныстық эмоциялар, олардың орталығы мидың төменгі бөлігінде орналасқан

Жоғарғы эмоция - адамның ортада өзін-өзі ұстай білу эмоциясы. Этика, эстетика, мораль және т. б.

Slide 7

Эмоция бұзылыстары

Гипостения

Дисфория

Гипотимия

Гипертимия

Патологиялық аффект

Сезімдердің бұрмалануы

Сезімдердің болмауы

Депрессия

Эмоциональды салдану

Гиперстения

Адекватсыздық

Эйфория

Эмоциональды апатия

Сезімдердің ұсталмауы

Экстаз

Амбиваленттік

Фобиялар

Маниакальды өлермендік

Эмоциональды топастық

Меланхолиялық

Өлермендік

Slide 8

Эмоцияның бұзылыстары

Гипертимия - жоғары, қуанышты көңіл-күймен, ойлаудың жылдамдауы және көтеріңкі қызметпен сипатталауы.

Эйфория - моттивирленген жағдайда жаның жағымды жағдайда болады.

Гипотимия - барлық психикалық процестердің эмоциялық жағдайынің нашарлау. Өзіндік бағалаудың төмендеуі. Деприсиялық және невротикалық синдромға кіреді.

Эмоцияның салдануы - сезімнін толық босайды. Айырмашылықсыз, абайсызда болған ауыр психикалық травма алғанда кездеседі. Негізінен қысқа мерзімді көрініс.

Апатия - қоршаған ортамен өзіне айқын немесе толық айырмашылығы жоқ. Іс-әрекетсіз журеді, талаптану мен мақсатының жоғалуы. Интоксикация, бас жарақатынан кейін, жұқпалы аурулар кезінде көрінеді.

Slide 9

Эмоцияның бұзылыстары

Эмоцианалды топастық (тупость) - турақты және толық айырмашылықсыз, басқа адамдардың азап шегіуінің маңыздылығы. шизофренияның соңғы сатысына сай, бас миының дегенеративті процессі.

Жанның әлсіреуі (слабодушие) - тұрақсыз көңіл-күй кезінде әлсіз эмоция пайда болады, эмоция «ұстамауы», адам өзінің сезімін басқара алатын кезде қабілеттілгі әлсірейді. елжіреу туріндегі реакцияға тән, түсініксіз жағдайда жылау немесе күлу.

Эмоцияның тұрақсыздығы (неустойчивость) - көтеріңкі көңіл-күйден тез жаман көңілге, кез келген уақытта себепсіз аффекті алмасуға қтеді. Невротикалық синдром, соматогенді астения, бас миының органикалық патологиясына тән.

Slide 10

Ерік

Ерік - бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс-әрекеті.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі - оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.

Slide 11

Ерікті әрекеттер мен амалдар

Ерікті әрекеттер мен амалдар - мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Бұл әрекет бірнеше кезеқдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынадай сызбамен көрсетуге болады:

Slide 12

Еріктің кезеңдері

Әрбір әрекетті екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші - даярлық кезеңінде мақсат белгіленеді, мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдері анықталады және шешім қабылданады, екінші - орындайтын кезеңде алынған шешімді атқару іске асады.

Даярлық кезеңі - бұл ойлау әрекетінің кезеңі, әртүрлі мүмкіншіліктерді ойластыру, ой елегінен өткізу. Кез-келген ерікті әрекет мақсатты әрекет ретінде әр уақытта да әрекеттің мақсатын қоюдан және түсінуден басталады. Бірақ жалғыз ғана мақсатты қою жеткіліксіз, әрекеттің пайда болуы үшін, мақсатқа жету үшін табанды ұмтылу қажет.

Шешім қабылдау - бұл белгілі бір мақсатқа, сол мақсатты орындауға апаратын іс-әрекеттің белгілі бір тәсіліне немесе белгілі жолдарына тоқтау. Мысалы, мамандық таңдауға байланысты түрткілердің күресі нәтижесінде мектеп бітіруші университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдау туралы шешім қабылдайды.

Slide 13

Еріктің сатылары

Жоспарлау - бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тәсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл - ой әрекеті. Жоспарлау үрдісінде барлық мүмкін болатын және қажетті әрекеттер, қиыншылықтар мен кедергілер ескеріледі, әрекеттің нәтижесіне алдын ала бағалау беріледі.

Алынған шешімді орындау - келесі негізгі кезең. Шешімнің әрекетке өтуін орындау деп атайды. Ерікті үрдісте ең негізгісі алынған шешімді орындау болып табылады. Орындауда адамның еркі аңғарылады.

Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе отырып, ұсынған шешімдерді аяғына дейін жеткізу, күш жігерді жүмсау.

Slide 14

Еріктің сатылары

Мақсатқа ұмтылушылық - алға қойған мақсатын қайткен күнде де орындап шығудан, бастаған істі нәтижелі етіп тындырудан көрінетін еріктің сапасы. Адамның мақсатқа ұмтылушылық қуаты, үміт-арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым тартымды, әрі биік болса, оның қабілет, талабы да жоғары болады.

Тоқтамға келу - адамның өз бетімен жауапты шешімдер; қабылдау және іс-әрекетте оларды жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барумен және бірнеше баламаның біреуін таңдау қажеттілігімен байланысты күрделі жағдайда ерекше айқын көрінеді.


Ұқсас жұмыстар
Еріктің әрекеттері
ЕРІК ЖӘНЕ ЕРІК МІНДЕТІ
Жеке тұлғаның ерік жүйесі
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
ЕРІК ЖӨНІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
Негізгі идеялар
Перцептивті модельдеу әрекеті
Ерік Ерік теориялары
Реформация кезеңіндегі саяси идеялар
ШЫҒАРМАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz