Сананың бұзылысы



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы ОСӨЖ №4: Сана және өзіндік сана. Мен - концепциясы. Сананың бұзылуы.
Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А. С.
Қарағанды

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) «Сана», «Бейсана» ұғымдары.
2) Өзіндік сана.
3) «Мен - концепциясы».
4) Сананың бұзылуы.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Сана
Сана дегеніміз - ес, түйсік, зейінді біріктіреді, қоршаған ортаны толыққанды қабылдай алу.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады.

Адам санасының пайда болуы және тарихи дамуы

Саналық пен санасыздық.
"Сана" деген ұғымнан "жан" деген ұғым анағұрлым кең. Әлде қайда терең. Өйткені, "жан" деген ұғымды әлемге теңгерсек, әлемнің ішінде жер дүниесі де, көк дүниесі де бар. Сонда "сана" жер дүниесі, "санасыздыққа" көк дүниесі тәрізді болады.
Осы тұжырымды «сана», «санасыздық, бейсана» мағынасында Зигмунд Фрейд өзінің «Тұлға теориясында» қарастырған.

Санасыздық, бейсана.
Санасыздық - санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде) .
Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардыңталабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген.

Өзіндік сана.
Өзіндік сана - адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.
Басқаша айтқанда, өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

Өзіндік сананың ажыратылуы:
2. Этностық өзіндік сана - топ деңгейінде ұлттық сананың, діннің, нәсілдің ұғым ретіңде пайдаланылуы әр ұлттық орта - ол қоғамдық сананың нысанына сәйкес келетін ерекше әлеуметтік ықшам топ. Этностық өзіндік санада ұлттық мәні бар құндылықтар болады. Этностық өзіндік сана индивидтер, ұлт пен ұлыстар деңгейінде байқалады.
1. Ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық қауымға енетін адамдардың осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін, сондай-ақ, олардың жалпы қоғамдағы осы әлеуметтік - этникалық топтың мүдделері мен жағдайларын түсінуді сипаттайтын елестетулер деңгейі.

Өзіндік сананың құрылымы
Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.
В. С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі: өзінің ұқсастығының санасы; өзінің «Менінің» санасы; өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы; өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.
И. И. Чеснокова 3 компонентке бөледі: өзін-өзі тану; өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас; тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу
И. В. Конның ойынша өзіндік сананың құрылымы 3 компоненттен тұрады: танымдық (когнетивті) ; эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау) ; мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы) .

«Мен - концепциясы»
«Мен - тұжырымдамасы» (ағылшын тілінен тікелей аударғанда «self-conception», өзі туралы тұжырымдама) - бұл индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы.
«Мен - тұжырымдамасының» құрауыштарын көп жағдайда «Мен бейнесі» немесе «Мен картинасы» деп атайды. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдау деп атайды.

«Мен - концепциясының» тарихы, құрылымы
«Мен - тұжырымдамасы» түсінігін ХХ ғасыр соңында америкалық философ және психолог У. Джеймс енгізген. Көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А. Маслоу, К. Роджерс және жаңа психоаналитикалық дәуірдің гуманисі Э. Эриксонның еңбектері арқылы «Мен - тұжырымдамасы» теория түрінде және қолданбалы дамыды.
Оны құрайтындар:
- шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік) ;
- идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі) ;
- серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті)
- фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т. б.

Сананың бұзылысы
Кез келген психикалық бұзылыс сананың бұзылысына алып келеді.
Сананың бұзылысы:
САНАНЫҢ ӨШІРІЛУІ
САНАНЫҢ ҚАРАУЫТУ
- кома;
- делирий;
- сопор;
- онейроид;
- есеңгірену (обнубиляция; сомноленция) .
- аменция.

Сананың өшірілуі Сананың қарауытуы
Кома - сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның толық болмауымен сипатталады.
Сопор - науқаспен байланыс орната алмайтын, есеңгіреудің терең дәрежесі.
Есеңгіреу - сыртқы тітіргендіргіштердің шұғыл жойылуынан, ассоциация түзілісінің қиын, баяу жүруінен байқалады.
1) Обнубиляция - тереңірек дәрежесі
2) Сомноленция - өшудің әлсіз сатысы, ауру ұйқышыл, бағдары толық емес болады.
Делирий - қоршаған ортада теріс бағыт әсерінде айқын, әсіресе көру сандырағы және галлюцинациялар, бірақ өз тұлғасында бағыт алу өзгермейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz