ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
ОСӨЖ №1
ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А. С.
Қарағанды

Жоспар:
І. КІРІСПЕ
«Таным. Танымдық процестер» ұғымдары.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Танымдық процестердің түрлері.
а) Түйсік, қабылдау, эмоциялар мен сезімдер.
ә) Зейін, ойлау, сөйлеу.
б) Ес, қиял, ерік.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Бұл топтастыру бойынша психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олар:
1. Психикалық процестер;
2. Психикалық қалып;
3. Психикалық қасиеттер.
Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б. ) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып, білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т. б. ) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады.

ТАНЫМ
Объективті шындықтың адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Философиялық тұрғыдан «айналадағы материалдық шындықты адам санасында бейнелеу» деген мағынада. Бұл - адам санасының дамытудың негізі, ол арқылы адам өзі қоршаған ортаны игереуге үйренеді.
Оның негізгі мақсаты: ақиқатқа жету.

Таным процестері дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Таным процесінің негізінде адамның дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады, себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланыса, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертуге сәйкес дамып отырады.
ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІ

ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ:
1) Түйсік; 6) Ойлау;
2) Қабылдау; 7) Сөйлеу;
3) Эмоциялар; 8) Қиял;
4) Сезімдер; 9) Ерік;
5) Ес; 10) Зейін.

ТҮЙСІК
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
1) Сезгіштік және табалдырық;
2) Адаптация;
3) Сенсибилизация;
4) Синестезия;
5) Бірізді бейнелер (эйдетикалық ес) .
1. Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады.
2. Сезім мүшелерінің сезгіштігінің әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуі адаптация деп аталады.
3. Сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс.
4. Синестезия - түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.
5. Тітіркендіргіштердің тоқталғанына қарамай, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды.

ҚАБЫЛДАУ
Қабылдау - затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс, ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Түйсікке қарағанда, қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:
Тұтастығы
Мағыналығы
Таңдамалылығы
Тұрақтылығы (константтылығы)
Иллюзия
Апперцепция

ЭМОЦИЯЛАР МЕН СЕЗІМДЕР
Эмоциялар - адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі.
Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын жіне біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процесс.

ЗЕЙІН
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор.
Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.

ОЙЛАУ
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.
Ойлау тәсілдері:
Талдау
Жинақтау
Табиғи
Жасанды
Топтастыру
Жүйелеу
Абстракциялау
Жалпылау
Салыстыру
Нақтылау

СӨЙЛЕУ
Сөйлеу - пікір алысу процесі. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік береді.

ЕС
Ес - күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ол есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады.
Естің түрлері:
1) Қозғалысты ес;
2) Образдық ес;
3) Сөз-логикалық ес;
4) Эмоциялық ес.
Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту.
Образды ес - елестерге, табиғат көріністеріне, дыбыстарға, дәмге негізделген жад іздері.
Сөз-логикалық ес - адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой) есте қалдыра алу қабілеті.
Эмоциялық ес - сезімдерді есте қалдыру.

ҚИЯЛ
Қиял - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдардың қайтадан жаңартып, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.

ЕРІК
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz